Кестеаралық байланыстарды құру Microsoft Access программасын іске қосыңыз.
Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Кестелер (Таблицы) панелін ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестелерінің таңбашалары барына көзіңізді жеткізіңіз.
Аспаптар панелін Мәліметтер схемасы (Схема данных) батырмасын іздестіріңіз. Егер қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис Мәліметтер схемасын (Схема данных). Мәліметтер схемасы терезесін ашу үшін, осы тәсілдердің кез-келгенін қолданаңыз. Осы терезенің ашылуымен қатар бір уақытта Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құрылатын кесте таңдауға болады.
Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерін таңдаңыз – Мәліметтер схемасы терезесінде осы кестелердің өріс тізімдері ашылады.
SHIFT пернесін басып тұрып Оқырмандар кестесінен екі өрісті ерекшелеңіз: Кітаптың аты және Кітаптың авторы.
Осы өрістерді Оқулықтар кестесінің өріс тізіміне әкеліңіз. Тышқан батырмасын жіберген сәтте, Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесі шұғыл түрде ашылады.
Байланысты өзгерту (Изменение связей) терезесінің оң жақ панелінен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесінен Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерін таңдаңыз.
Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесін жауып, Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінен пайда болған байланысты көріңіз. Байланс сызыған тышқанның сол жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкіндік беретін меню ашылады.
Мәліметтер схемасы терезесін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.
Тапсырма 1
Қарастырылып отырған пәндік аймақтағы объектілердің арасында қандай байланыс бар екенін анықтау (бұрынғы лабораториялық жұмыстардан).
Мәліметтер схемасына қандай кестені енгізу керектігін анықтау.
Менюдегі Сервис/Мәліметтер схемасы (Сервис/Схема данных) командасы арқылы мәліметтер схемасын жасау режиміне кіру.
Байланыс параметріне қажетті тағайындаулар орнату.
Мәліметтер схемасын сақтау.
Тапсырма 2
1 тапсырмада жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына апарып, байланыс параметрлері терезесіндегі “Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету” жалаушасын белгілеу.
Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.
Бағынышты кестедегі біртұтастық шектеулерді бұзатын мүмкіндік туғызу, мысалы, байланыс өрісіне басты кестеде жоқ мәнді енгізу.
Аccess-тің МБ біртұтастығын қалай қамтамасыз ететіндігін зерттеу.
“Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету” жалауша белгісін алып тастап, байланыс параметрін өзгерту.
Мәліметтер схемасын сақтау.
Тапсырма 3
1 тапсырмада жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына алып келіп, байланыс параметрлері терезесінде “Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету” және “Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту” жалаушасын белгілеу.
Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.
Бағынышты кестемен біртұтастық шектеулерін бұзу арқылы жұмыс істеу, мысалы, байланыс өрісінің мәнін басты кестеде жоқ мәнге өзгерту.
Аccess программасының мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.
Байланыс параметрін “Каскадты түрде жаңарту” жалаушасын алып тастау арқылы өзгерту.
Мәліметтер схемасын сақтау.
Тапсырма 4
1 тапсырмада жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1: М байланысына алып бару, параметрлер байланысы терезесінде “Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету” және “Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою” жалаушаларын белгілеу.
Басты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.
Басты кестемен мынадай әрекет орындау, мысалы, басты кестедегі бағынышты кестемен байланысы бар жазбалардың біреуін жою.
Аccess программасының мәліметтер біртұтастығын қамтамасыз етуін зерттеу.
“Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою” жалаушасын алып тастау арқылы байланыстар параметрлерін өзгерту.
Мәліметтер схемасын сақтау.
Басты және бағынышты кестелерді қарап отырып, Аccess программасының мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.
Тапсырма 5
1 тапсырмада жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1:1 түріндегі байланысқа апарып, байланыстар параметрлері терезесіндегі “Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету” жалаушасын белгілеу.
Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.
Біртұтастық шектеулері бұзылған бағынышты кестемен жұмыс істеу, мысалы, басты кестеде жоқ мәнді бағынышты кесте байланыс өрісіне енгізу.
Аccess программасы мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.
Байланыс параметрлерін “Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету” жалаушасын алып тастау арқылы өзгерту.
Мәліметтер схемасын сақтау.
Тапсырма 6
1 тапсырмада көрсетілгендей түрде мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына апарып, байланыстар параметрлері терезесіндегі “Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету” жалаушасын белгілеу.
Біріктіру (Объединение) батырмасын басу.
Ашылған терезеде байланыстың қай түрі орнайтынын тағайындау.
Аccess программасы мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.