Бақылау сұрақтары. 1. Жұмыс үстелі (Рабочего поля) ұғымына түсінік беріңіз.
2. Есеп тақтасы (Панель задач) қайда орналасқан. Оның қызметі.
3. Іске қосу (Пуск) батырмасының қызметі.
4. Тышқан құрылғысымен басқарудың негізгі әдіс-тәсілдерін айтыңыз.
5. Windows-тің негізгі элементтеріне анықтама беріңіз: объект, шартбелгі (значок объекта), бума (папка), құжат (документ), файл, жарлық (ярлык).
6. Каталог пен буманың, файл мен құжаттың арасында айырмашылық бар ма, болса қандай?
7. Бір объектінің бірнеше жарлығын жұмыс үстелінің әр жеріне орналастыруға бола ма?
8. Менің компьютерім (Мой компьютер) жарлығының қызметі. Себет (Корзина) жарлығының қызметі.
9. Объектіні қалай іске қосуға немесе ашуға болады? Қосымшаларды іске қосу тәсілдерін атап шығыңыз.
10. Белгіленген объектінің жанама менюін ашуға болады. Бума құру алгоритмін келтіріңіз.
11. Объектіні жылдам іздеу алгоритмін айтыңыз.
12. Жарлық құру алгоритмін айтыңыз.
13. Объектіні қалай өшіруге болады?
14. Сілтеуіш (Проводник) программасының қызметі?
15. Ағымдық бума мазмұны Сілтеуіш терезесінің қай панелінде келтіріледі?
16. Сілтеуіш (Проводник) программасының көмегімен ағымдық буманы ауыстыру алгоритмін келтіріңіз.
17. Сілтеуіш (Проводник) программасында файлдардың орнын ауыстыру, көшірмесін алу әрекеттерінің алгоритмін келтіріңіз.
18. Менің компьютерім (Мой компьютер) бумасының қызметі?
19. Жүйелік шартбелгі дегеніміз не? Жұмыс үстелінде қандай жүйелік шартбелгілер орналасқан?
20. Менің компьютерім (Мой компьютер) жүйелік терезесінде ағымдық буманы ауыстыру алгоритмін айтыңыз.