Студенттің өзіндік жеке жұмыс тапсырмалары: 1. Блокнот программасын іске қосыңыз. Қазақ әріптерімен мәтін жаза алмайтын болсаңыз, ағылшын тіліндегі мына мақалаларды таріп жазыңыз да Студент деген атпен файл ретінде сақтап қойыңыз.
Poverty is no sin (Кедей болу-күнә емес)
As you sow, you shall mow (Не ексең, соны аларсың)
Lost time is never found again (Өткен уақыт қайта оралмайды)
2. Ағылшынша жазылған мақалалардың тұсына қазақшасын теріп жазыңыз. Қаріптің мөлшерін үлкейтіп, жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп өзгертіңіз.
3. Үш мақалды үш түрлі түске өзгертіңіз.
4. Осы мақалалардың соңына Блокноттың мүмкіндігін пайдаланып, күн-ай мерзімі мен уақытты жазып қойыңыз.
5. WordPad редакторында төмендегі өлең шумақтарын теріп жазып, Файл деген атпен сақтап қойыңыз:
Өмір деген шешуі жоқ мың сұрақ,
Сол мың сұрақ жүйкемді жүр шымшылап.
Мың сұраққа жауап таба алмадым,
Бұл өмірде көп болғаны-ау тылысым-ақ .
6. WordPad редакторында жаңа файл құрыңыз. Апта ішіндегі күн аттарын маркерленген тізім ретінде жазыңыз. Әр күн атын әртүрлі түспен, әртүрлі көлемге өзгертіңіз. Апта деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.
7. WordPad редакторын іске қосыңыз да, Файл деген атпен сақталған құжатты ашыңыз. Осы файлдың соңына Апта файылындағы мәтіннің көшірмесін орналастырыңыз.
8. Құжаттағы Неге деген сөзді тауып, оны қашан деген сөзге өзгертіңіз де қайтадан қалпына келтіріңіз.
9. Маркерленген тізімді алып тастаңыз. Файлдың атын өзгертіп Апта 1 деген атпен сақтаңыз.
10. Апта 1 файлының соңына Студент файылындағы мақалалардың көшірмесін орналастырыңыз.
11. Менің құжаттарым бумасына Топ (мамандықтарынызды) деген атпен жаңа бума құрыңыз. Осы бумаға WordPad-та жазылған файлдарыңызды, Блокнотта жазылған файлдарыңызды сақтап қойыңыз.