Құрамы және құрылымы. Компьютердің арифметикалық негізі. Санау жүйелері



бет156/167
Дата24.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#133037
түріҚұрамы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   167
Байланысты:
Информатика зертхене 2014

Негізгі кестелерді құру
Отырар кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.
1. Мicrosoft Access программасын іске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access).
2. Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып - қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
3. Жаңа мәліметтер базасының файлы (Файл новой базы данных) терезесінде \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар кітапханасы деп ат беріңіз. Файл типі ретінде Microsoft Access мәліметтер базасы алынғанын көресіз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кітапханасы мәліметтер базасыныің терезесі ашылады.
4. Кестелер панелін ашыңыз.
5. Конструктор режімінде кесте құру белгісінде екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.
6. Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгізіңіз:
өріс атауы өріс типі

  1. оқырманның аты-жөні мәтіндік

  2. кітаптың аты мәтіндік

  3. кітаптың авторы мәтіндік

  4. кітаптың нөмірі мәтіндік

  5. кітап алған уақыты мерзім\уақыты

  6. бағасы қаржылық

7. Кітаптың нөмірі өрісі мәтіндік өріс екеніне көңіл аударыңыз, өйткені олардың сандық мағынасы жоқ. Кітап нөмірлерін бір-біріне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.
8. Болашақ Оқулықтар кестесімен байланыс орнату үшін Түйінді өріс беруіміз қажет. Кітаптың аты өрісін қайталанбайтын өріс ретінде таңдап алуыңызға болады. Бірақ өте үлкен мәліметтер базасында аттары бірдей әр түрлі кітаптар кездесуі мүмкін. Сондықтан біз Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерінің комбинациясын түйінді өріс ретінде пайдаланамыз. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі өрісті ерекшелеп алыңыз. Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюді ашыңыз және одан Түйінді өріс (ключевое поле) бөлімін таңдап алыңыз.
9. Конструктор терезесін жабыңыз. Терезені жабу кезінде кестеге Оқырмандар деп ат беріңіз.
10. 5-9 бөлімдердегі амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесін құрыңыз. Оған төмендегідей өрістер енеді:
өріс атауы өріс типі
кітаптың аты мәтіндік
кітаптың авторы мәтіндік
баспасы мәтіндік
шыққан жылы мерзім\уақыты
кітаптың нөмірі мәтіндік
көлемі сандық
бағасы қаржылық
11. Көлем өрісін шертіңіз. Бланкінің төменгі бөлігінде ондық белгілер саны 0-ге тең қасиетін беріңіз.
12. Бұл кестеге түйінді өріс енгізбесе де болады – берілген тапсырмада ол талап етілмейді.
13. Отырар кітапханасы: мәліметер базасы терезесінде құрылған кестелерді кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгізіңіз. Жұмысты аяқтап кестелерді жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Тапсырма 1



  1. Белгілі бір пәндік саланы таңдап, оның бір объектісін алып, ішкі бірнеше қасиеттерін көрсетіп сипаттау керек, мысалы, объект – кітап, қасиеттері – жазушының аты­-­жөні, кітаптың аты, инвентарлық нөмірі, шыққан жы­лы, басып шығарылған жері, баспасы, кітаптің құны.

  2. Кесте режиміне кіру.

  3. Құрылған сипаттамаларға сәйкес бірнеше кітаптар туралы мәлімет енгізу.

  4. Формат/Бағананың атын өзгерту меню командасын қол­данып, бағаналарға 1 пунктте берілген атауларды беру.

  5. Бір бағананы үлкейту үшін тышқанды сол бағананың та­қы­рыбының оң жақ шетіне алып барып, тышқан батырмасын басып тұрып, бағананың шекара­сын жылжыту ке­рек. Сол сияқты әрекеттерді Формат/Бағананың ені меню ко­ман­дасын қолданып немесе контекстік менюдің Ба­ға­на­ның ені командасын қолданып істеуге де болатынына көз жеткізу қажет.

  6. Құрылған кестені сақтау үшін терезені жабу керек, немесе сай­мандар тақтасында Сақтау батырмасын шерту, немесе Файл/­Сақ­тау командасын орындау керек. Осы әрекеттерді орындау барысында кестенің атын өзгертуге болады.

  7. Мәліметтер базасы терезесін жаппай тұрып, Кесте ішкі бетінен Ашу батырмасын шертіп, кестеге мәліметтер енгізу қажет.

Тапсырма 2


"Кітап" кестесін немесе 1 тапсырмадағы құрылған бір кес­те­ні ашу.

  1. Конструктор режиміне кіру

  2. Өрістердің сипаттамаларын көріп шығу.

  3. Қажет болса ішіндегі бір сипаттаманы өзгерту. Ол үшін кур­сорды керекті өріске апарып, Мәліметтер типі бағанасын шертіп, тізімнен керекті сипаттаманы таңдап алу керек.

  4. Кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар тағайындау. Мысалы, "Шыққан жылы" өрісіне енгізу бет пердесін (маскасын) бекіту. Ол үшін өріс қасиеттеріне арналған "Жалпы"("Общие") ішкі бетіне келіп 9999 деген бетперде (маскасын) енгізу. Бұл шыққан жыл 4 таңбалы саннан тұратынын білдіреді.

  5. Ашу батырмасы арқылы кестені ашып, 5 саннан тұратын кітаптың шыққан жылы мәнін енгізіңіз, оған Access жүйесінің реакция­сын байқаңыз.

  6. Конструктор режиміне кіріңіз. "Шыққан жылы" өрісі үшін Мәнге шарт беру (Условие на значение) сипаттамасын беріңіз, мысалы Between 1950 And 1998 түрінде. Бұл барлық кітаптардың 1950 ж. және 1998ж. арасында шыққанын білдіреді.

  7. Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз да, кітаптың шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1947, жүйенің реакциясын байқаңыз.

  8. Конструктор режиміне кіріңіз. “Шыққан жылы” өрісі үшін Қате туралы мәлімет (Сообщение об ошибке) қасиетті беріңіз, мы­са­лы, “Кітап шыққан жылы 1950 және 1998 жылдар арасында жатыр” деген мәліметті енгізіңіз.

  9. Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз, кітап шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1999, оған Access жүйесінің қалай жауап беретінін байқаңыз.

  10. Тура сол сияқты өрістердің басқа қасиеттерімен де жұ­мыс іс­теп шығыңыз.

  11. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.


Тапсырма 3

  1. Кесте шебері режиміне кіріңіз де, Мәліметтер базасында бар кестелер негізінде жаңа кесте құрыңыз.

  2. “Қызметкерлер” кестесінен мынадай өрістер алыңыз: “Та­бель­дік нөмір”, “Фамилиясы”, “Аты”, “Әкесінің аты”, “Лауазымы”, “Үй те­ле­фоны”, ал “Клиенттер” кестесінен “Компанияның аты” өрісін алыңыз.

  3. Мәліметтерді кестеге енгізіңіз.

  4. Конструктор режиміне кіріп, кейбір өрістердің ат­аула­рын аздап өзгертіңіз.

  5. 2 тапсырмадағы көрсетілгендей етіп кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар беріңіз.


Тапсырма 4

  1. Конструктор режиміне кіріңіз және белгілі бір пәндік саладан бір объектіні сипаттаңыз (1 тапсырманы қараңыз).

  2. Конструктордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, объект сипа­т­тамаларына аттаулар беріп, олардың типтерін анықтаңыз.

  3. 2 тапсырмадағы көрсетілгендей кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар беріңіз.


Тапсырма 5

  1. Ашу батырмасы арқылы бұрын құрылған кестелердің кез келген бірін ашыңыз.

  2. Кестені мәліметтермен толтырғанда Түзету (Правка) менюі­нің командаларын, саймандар тақтасының батырмаларын және кон­­­текстік менюдің қайталанатын мәндерді көшіріп алып керекті орынға қою командаларын пайдаланаңыз.

  3. Кестелердегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.

Тапсырма 6



  1. “Алмастыру” (“Подстановка”) ішкі беті арқылы орнатылатын өріс қасиеттерін қарап шығыңыз, Кестелер режимін пайдаланып “Баспа” жаңа кестесін құрыңыз. Бұл кестеде тек бір ғана өріс болады, оған мынадай баспа атауларын енгізу керек: Ғылым, Жоғары мектеп, Білім, Рауан және т.с.с.

  2. 1 тапсырмада құрылған “Кітап” кестесін ашыңыз.

  3. Конструктор режиміне кіріңіз.

  4. “Баспа” өрісінің сипаттамаларына арналған “Жалпы” (“Общие”) ішкі бетіне кіріңіз.

  5. “Басқару элементінің типі” қасиеті үшін “Тізімі бар өріс” деген мәнді таңдаңыз, “Жолдар шығу көзінің типі” (“Тип источника строк”) қасиеті үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін таңда­ңыз, “Жолдар шығу көзі”(“Источник строк”) қасиеті үшін – “Баспа” кестесін таңдаңыз, “Қосылған бағана” мене “Бағана саны” үшін 1 деген мәнді көрсетіңіз.

  6. Ашу батырмасы арқылы “Кітап” кестесінің мәліметтерді енгізу режиміне кіріңіз.

  7. “Баспа” өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.

  8. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтаңыз.


Тапсырма 7

  1. Пуск батырмасын басу арқылы Access-ке кіріңіз.

  2. Мәліметтер базасын құру сұхбат терезесінде Шеберді іске қосу (Запуск мастера) қанат белгісін (переключатель) басы­ңыз.

  3. “Құру” (“Создание”) сұхбат терезесіндегі Мәліметтер базасы іш­кі терезесін таңдаңыз да, көрсетілген базалардың біреуін, мыса­лы, Музыкалық коллекция белгішесін таңдаңыз және сұхбат жүрген кезде қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа база құрыңыз.

  4. Құрылған базаларды мәлі­мет­терді енгізу және Конструктор режимдерінде қа­рап шығыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет