500м.тереңдікте максимумға жетеді, ал сағаға жақын шӛгу қалыңдығы
тӛмендейді.
Бұл газдың кӛбею нәтижесінде, газсұйық қоспаның қозғалыс
жылдамдығының артуына байланысты, және
парафинді қабаттарды сұйық
ағынымен механикалық бұзуына байланысты. Парафиннің қабаттануына
беттің бұдырлығы, ағынның кішкентай жылдамдығы, және бүлкілдеу
нәтижесінде беттің периодты ашылуы себеп болады.
Парафиннің қабаттануын алдын-алу үшін және ұңғыманың жұмыс
жағдайларын қамтамасыз ету үшін әртүрлі әдістерді қолданады.
Парафиннің қабаттануын жоюдың негізгі әдістерінен келесіні
айқындауға болады:
1.Механикалық әдістер, оған жатады:
а) серіппелі қырғышты пайдалану, оны периодты түрде
СКҚ-ға болат
сыммен түсіреді;
б) периодты түрде СКҚ бағанының парафинді бӛлігін шығару және оның
ішкі бетін механикалық қырғышпен жер бетінде тазарту;
в) автоматты, ұшатын деп аталатын қырғышты пайдалану.
2.Жылулық әдістер:
а) қыздырылған буды құбыр сыртқы кеңістікке айдау жолмен құбыр
бағанасын жылыту;
б) ыстық мұнайды айдау жолымен құбырды жылыту.
3.Ішкі беті шыны, эмаль немесе эпоксидті смоладан жалатылған
құбырды қолдану.
4.Парафинді қабаттанудың әртүрлі еріткіштерін қолдану.
5.Парафиннің құбырдың ішкі бетіне жабысуын алдын-алу үшін
химиялық қоспаларды қолдану.
Парафинді қабаттанудың түзілу қарқындылығына, оның беріктігіне,
құрамына және басқа ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі әдістер және оның
комбинациясы қолданылады.
Парафинді жылу әдістерімен жою үшін,
қозғалмалы автомобильді
немесе шынжырлы жүрісті бу генераторлы қондырғылар ППУ-3м
қолданылады, оның бұл ӛнімділігі 1т/сағ., 310
0
С, ол қондырғыны
қоректендіретін бу қазанынан, таза су қорынан тұрады. Мұндай қондырғы
парафинді қабаттануды тек фонтанды құбырда ғана жою үшін емес, сонымен
қатар манифольд және лақтырынды желілерде қолданылады.
Бұл үшін сорап агрегаты 1АДП-4-150 қолданылады, ол арқылы 4дм
3
/с
беру кезінде, 20 МПа дейін қысымда 150
0
С дейін қыздырылған ыстық мұнай
айдалады.
Фонтанды ұңғымадағы бүлкілдеуді алдын-алу үшін фонтанды құбыр
бағанасының тӛменгі ұшында арнайы жұмыс саңлауы немесе клапан
қолданылады.
Бүлкілдеу-СКҚ-ғы ағын бағанасы тығыздығының
қысқа уақытқа артуы
нәтижесінде уақыттан бұрын фонтандаудың бітуіне әкеледі, газсыздануына
және түп қысымының артуына әкеледі. Құбыраралық кеңістіктің үлкен
кӛлемі оның ішінде газдың үлкен кӛлемінің жиналуына әкеледі, ол Рс‹Рнас
шарты кезінде периодты түрде СКҚбашмағы арқылы фонтанды құбырды
толық үрлегенше ӛтеді. Түптік қысым тӛмендейді. Содан кейін, ұңғыма ұзақ
уақыт бойы сұйықты жинау үшін істейді.
СКҚ-дың башмагынан біршама биіктікте (30-40м)кішкентай (бірнеше
мм) саңылаудың болуы, СКҚ-ың құбыраралық кеңістігіне газдың
салыстырмалы тұрақты енуін қамтамасыз етеді, және газдың башмак арқылы
шығып кетуін болдырмайды.
Жиналатын газ, сұйық деңгейін саңылаудан
тӛмен ығыстырғаннан кейін, ол СКҚ-на еніп, бүлкілдеу сӛнеді. Егер
саңылаудағы қысым айырмасы ∆Р болса, онда сұйық деңгейі а=∆pqg
тереңдікте сақинадан тӛмен сақталады. Соған ұқсас рольды жұмыс клапаны
атқарады, онда қысым белгіленген шамадан артып асқан кезден, серппелі
клапан іске келіп, газды құбыраралық кеңістіктен СКҚ-ға жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: