Құрамы мен оның адам ағзасын тазалаудағы әсері Секциясы


Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері



бет5/10
Дата02.10.2022
өлшемі371,45 Kb.
#151376
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы мен оның адам ағзасын тазалаудағы әсері

Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері.

Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.


Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол шипалы қойма іспеттес. Мысалы Оңтүстік Қазақстанның әр түрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000-дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар. Қазақстанда бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар. Бұларға дала жусаны, сүйекті аққурай, және т.б. жатады.
Сүйекті Аққурай (Psoralef drupacea) — бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 100—120 см, кейде 200 см болады. Тамыры тереңге кетеді. Сабағы тік бұтақтанған, түкті жапырақтары жай, бүтін жиекті, үшкүлақты келеді. Гүлдері ұсақ, ақ, қызғылт түсті жапырақ қолтығына орналасқан. Дөңгеленген жаңғақ тәрізді 5—6 мм бүршағы бар. Тұқымы ұсақ. Мамыр—шілдеде гүлдеп, тамыз—қыркүйекте дән береді. Оңтүстік Қазақстанда 3—4 мың га қоры бар. Түркістан ауданындағы тау бөктерлерінде, құмды жерлерінде қаулап өседі. Сүйекті Аққурай құрамында эфир майы болғандықтан медицинада дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Жапырағынан желім, тамырынан илік заттар, сабағынан арқан есетін жіп алынады.
Басқада дәрілік шөптерге мысалы: итошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дәрмене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ-бақ, шай шөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киікот, тасшөп, т.б. жатады.
Қалақай (лат. Urtica) — қалақайлар тұқымдасынан бір туысы.
Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы
орналасқан.  Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында ақуыз көп болады. Жемшөптік маңызды түрі — қосүйлі қалақай (Urtica dioica) сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарама-қарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. 
Рауғаш (лат. Rheum) – тарандар тұқымдастарға тиесілі өсімдіктердің тегі болып табылады. Ол Орта АзияБолгария және Оңтүстік Сібір аумағынан шығады. Рауғаш көкөніс ретінде өсіріледі. Бұл көкөністің пайда болуы қызықты болып табылады. Онда рауғаш 3000 жыл бойы белгілі қытай асханасынан ол - Волга жағалауына, ал одан Ежелгі Грекияға және Ежелгі Римге қоныс аударды. Грек тілінде рауғаш «рабарбарос» деп аталады, аударғанда «Волга жағалауынан әкелінген жат көкөніс» дегенді білдіреді. Рауғаштың құрамында магнийкалийкальций, темір, фосфор, натрий, B тобының дәрумендері, C дәрумені және каротин бар.
Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездері де адамға өте пайдалы болған және солай болып қалады. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талаптар біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, оларды үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі – 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде ғалымдар дәрілік шөпке барынша ден қойып, әр шөптің ағзаға қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келе дәрілік өсімдіктерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Бұл жерлерде және басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің ТМД елдері жағдайына бейімдеп өсіріп, жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: Solanum laciniatum Forst., Cassia abovata Del., Althaea officinalis L., Calendula officinalis L., Rutae graveolentis L., Tanacetum vulgare L., Hyssopus ambiguous (Trautv.) Ilgin, Valeriana officinalis L., Salvia sclarea., Foeniculum vulgare Mill., Aerva lanata (L.) Guss. және т.б. жатады.
Адам денсаулығын қорғау, ауруларға медициналық көмек көрсету денсаулықты қорғаудың басты мәселесі болып табылады. Жыл сайын қолданылатын дәрілік өсімдіктер саны өсуде. Олардың ішінде қазіргі уақытта онкологиялық емдеуге, қан тамыры ауруларына, туберкулез, қант диабетіне қолданылатын дәрілік өсімдіктерге көп көңіл аударылуда.
Мәденилендірілген дәрілік өсімдіктерді зерттеу мен қолдану фармацевтикалық және медициналық өндірістің дамуымен байланысты. Қазіргі заманғы жағдайларда Қазақстанның фармацевтика өндірісін ең перспективті бағыт ретінде дамыту қажет болып табылады, ол бай шикізат базасына негізделеді. Бірақ кейбір жабайы дәрілік өсімдіктердің өндірістік қорларының мөлшері аз және олар қорғауды қажет етеді.
Барлық елдерге дәрілік заттарды қолданудың көп жылдық тәжірибесі халықтық медицина негізінде жатыр. Бірақта өсімдіктерді дәрі ретінде қолдану көптеген уақыт эмприкалық болып қала береді. Тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинау қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының болжауынша жақын онжылдықта фитопрепараттардың бөлігі жалпы көлемде дәрілік заттардың 60%-ын құрайтын болады.
Дәрілік өсімдіктер бүгінгі күні денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Оларды жинау, өсіру және өңдеумен көптеген мемлекеттік және кооперативтік мекемелер айналысады. Сонымен қатар, ескі және жаңа дәрілік өсімдіктерді зерттеу жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Адамдар дәрілік өсімдіктер туралы өте ерте заманнан бері білген. Мүмкін, жер бетінде адамдар пайда болғанға дейін жануарлар кейбір емдік өсімдіктерді пайдаланған болар. Мысықтар мен иттер ауырған кезде шөптерді жейтіні белгілі, әсіресе астық тұқымдастардың жапырақтарын жейді, бұлардың емдік қасиеттері әлі толық зерттелмеген.
Жануарлардың физиологиялық функциясына әсер ететін жеке өсімдіктерді жейтіні жөнінде аз тексерілген мәліметтер ғана бізге мәлім. Мысалы Raponticum carthamoides (Will.) Iljin мақсыр рапонтикум тамырлары арқылы маралдар мен сібір бұғылары өздерінің күштерін қалпына келтіріп отырған. Бурят аңшыларының айтуы бойынша, жараланған бұғылар қызыл гвоздиканы Diantus жейді екен, бұл өсімдік жергілікті тұрғындарға қан түзуші өсімдік ретінде белгілі. Араб аңызы бойынша кофе ағашының жемісінің емдік қасиетін шопан байқаған, ол ешкілердің ағаштың бұтақтарын жейтінін байқаған. Егерде біз жануарларды бақылайтын болсақ, бізге әлі беймәлім жаңа дәрілік өсімдіктерді анықтар едік. Егер бұл мәліметтерді ғылыми тексеруден кейін дәлелденіп жатса, жануарлардың мінез құлқын түсінуге болар еді.
Ертеде емдік өсімдіктерді қолданғаны жөнінде этнография және археологиялық мәліметтерден көруге болады. Осылай меңгеруді, мысалы орталық және оңтүстік Африканың жеке тайпалары, Амазонка үндістері, этнографтар анықтағаны бойынша, олардың қауымдары қарапайым болғанмен, дәрілік өсімдіктер жөнінде білмейтін қауым болмаған шығар делінген. Әдеттегідей, өсімдіктің емдік қасиеттері жөнінде қауымның барлығына белгілі бола бермеген, керісінше жеке бір отбасына белгілі болған, бұл білім құпия ретінде әкеден балаға беріліп отырған (немесе шешеден қызына). Археологтар ертеде дәрілік өсімдіктерді қолданғаны жөнінде материал берген. Мысалы, қыш құмыралардың кейбір қалдықтарынан археологтар алғаш рет біздің ата-бабаларымыздың емшілікпен айналысқаны жөнінде материалдар тапқан. Ол от жағуға және дәрілік шөптерді қайнатуға арналған ыдыстар еді.
Сондай мәліметтерді ең алғашқы жазбалардан табуға болады. Олардың ішінде ең ежелгі Ассирияда табылған қыш тақтайшаларға жазылған дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер болды. Сондай-ақ, бұл түрлі дәрілік өсімдіктерге сипаттама жазылуымен қатар, қандай ауруларға және қандай түрде қолдану керектігі жазылған. Осыған қарап ассириялықтар дәрілік өсімдіктердің емдік құрамын кеңінен қолданғанын байқауға болады. Сонымен қатар Ассирияның астанасы Ниневида бұл өсімдіктерге арналған бақтың да болғаны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет