Фуран, тиофен, пиррол – түссіз, суда ерімейтін сұйық заттар. Спектральді сипаттамалары бензол қатарының қосылыстарына жақын. Бес мүшелі гетероатомды циклдердің химиялық қасиеттері қос байланысқа, ароматты циклге және гетероатомдардың болуына байланысты. Олардың арасындағы ең ұқсас қасиеттер қос байланыс қатысында жүретін өзгерістерде және ароматты цикл қатысатын реакциялардан көрінеді, ал гетероатомдар табиғаттары әр түрлі болғандықтан ұқсастық азырақ болады.
Гетероциклдердегі химиялық өзгерістерді былай жіктеуге болады:
1. Гетероатом қатысында жүретін қышқыл негіздік өзгерістер:
Бес мүшелі екі гетероатомды циклді қосылыстар (пиразол, имидазол, тиазол) – оларды азолдар деп атайды. Химиялық қасиеттері бойынша пиразол негіз болып табылады, имидазол пиразолға изомер болады. Тиазол табиғатта табылмаған, бірақ пиницилин тиазол туындысы болып табылады.