Мүмкін қоспалары. Иіссіз түймедақ Matricaria inodora L., дәрілік түймедақтан тұғырының тұтас болуымен және анағұрлым ірі (12 мм дейін) болып келуімен ерекшелінеді. Гүлді кәрзеңкелері иіссіз. Алқап - Anthemis arvensis L. тұғыры пленка тәріздес, конусты, тақ. Кәрзеңкелері анағұрлым ірі, иіссіз. Сыртқы белгілері бойынша дәрілік түймедаққа ұқсас, бірақ та тұғыры тақ және үстіңгі жағы пленка тәріздес. Иісі жағымсыз. Осылайша, дәрілік және хош иісті түймедақтардың қоспаларынан негізгі ерекшелік белгісі болып гүл тұғыры табылады: біріншілерде оның ішкі жағы қуыс, ал қоспаларында-тұтас. АҢДЫЗДЫҢ ТАМЫРЫ ЖӘНЕ ТАМЫР САБАҒЫ - RHIZOMATA ЕТ RADICES INULAE Биік аңдыз- Inula helenium L. Күрделі гүлдер тұқымдасы– Asteraceae Биіктігі 1-2 м көп жылдық шөптесін өсімдік, жуан етті, қара-қоңыр тамыр сабақты, одан ұзын қосымша тамырлар және бірнеше қатпарлы сабақтар тарайды. Тамыр маңы жапырақтары ұзын сағақты, ұзынша жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 50 см дейін. Сабақтық жапырақтары анағұрлым ұсақ. Барлық жапырақтары үстіңгі жағынан тілімделген, қатты талшықты, төменгі жағынан- барқыт тәріздес, сұрғылт-жасыл түсті, жүрек тәріздес негізі бар, шеттері ара тістес. Гүлдері алтын-сары, шетіндегілері-тіл тәріздес, қалғандары-түтікті, кәрзеңкелерге жинақталған, олардан қалқанша сыпыртқы гүл шоғыры түзіледі. Жемісі айдаршалы тұқым. Шілде-қырқүйекте гүлдейді, қырқүйек-қазанда жеміс береді. Химиялық құрамы. Эфир (алантты) майы (1-3%); бөлме температурасында бұл кристалды масса, 30-45°С та – қоңыр сұйықтық. Майы органикалық еріткіштерде жақсы, суда-нашарериді. Майдың кристалды бөлігі сесквитерпенді лактондардың қоспасынан тұрады: алантолактон, изоалантолактон, дигидроалантолактон, проазулен және т.б. Шөптерінде 3% дейін эфир майы, аскорбин қышқылы және Е дәрумені табылған. Жапырақтарында – дубильді заттар (9,32%), лактондар (1,19%), фумар, сірке, пропион қышқылдары. Химиялық құрамы. Эфир (алантты) майы (1-3%); бөлме температурасында бұл кристалды масса, 30-45°С та – қоңыр сұйықтық. Майы органикалық еріткіштерде жақсы, суда-нашарериді. Майдың кристалды бөлігі сесквитерпенді лактондардың қоспасынан тұрады: алантолактон, изоалантолактон, дигидроалантолактон, проазулен және т.б. Шөптерінде 3% дейін эфир майы, аскорбин қышқылы және Е дәрумені табылған. Жапырақтарында – дубильді заттар (9,32%), лактондар (1,19%), фумар, сірке, пропион қышқылдары.
Достарыңызбен бөлісу: |