Бағалау критерийі
|
№ тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Ауызекі стильде берілген мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік құралдарын салыстырады.
|
1
|
Екі мәтіннің тақырыптарын көрсетеді;
|
2
|
Екі мәтіннің қысқаша мазмұнын жазады;
|
2
|
Екі мәтіннің сөз қолданыстарынан мысалдар келтіреді;
|
2
|
Екі мәтіннің ортақ ұқсастықтарын көрсетеді;
|
1
|
Сюжетті суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады.
|
2
|
Тақырыпты ашады;
|
1
|
Жанрлық ерекшелікті ескереді;
|
1
|
Суреттер желесін негізге алады;
|
1
|
Жалпы сауаттылықты сақтайды.
|
1
|
Барлығы
|
11
|
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқу мақсаты:
|
9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;
9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру.
9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану.
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы
Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын құрастырады.
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады.
|
Ойлау дағдысының деңгейлері:
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты:
|
15-20 минут
|
Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Баламалы энергия – болашақтың энергиясы
Соңғы жылдары әлемде «энергетикалық қауіпсіздік» термині пайда болды. ХХІ ғасырда энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шығып отыр: біріншіден, дәстүрлі қуат қорлары сарқылып барады, екіншіден, энергияны тұтыну көлемі артып отыр. Мәселен, халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, 1990 жылдан 2008 жылға дейін әлем елдерінде адам басына шаққандағы энергияны пайдалану көрсеткіші 10 пайызға артқан, ал жер бетіндегі адам саны 27 пайызға өсіпті! Аталған агенттіктің 2012 жылы жүргізілген зерттеуіне сәйкес, Қазақстан 135 елдің арасында электр энергиясын тұтыну көрсеткішінің жоғарылығы жөнінен
43-орында тұр еді.
Жалпы, электр қуаты қорларының сарқылуы, баламалы энергетика көздерін табу мәселелері жаһандық деңгейде де түрлі ұйымдар шеңберінде қарастырылып келеді. Егер болашақта электр қуатын тұтыну мен оны өндіру арасындағы тепе-теңдік тым алшақтап кетсе, энергоресурстар үшін әлем елдері арасында талас-тартыс та туындауы мүмкін екендігін сарапшылар жоққа шығармайды. Сондықтан аталған саладағы түрлі сын-қатерлерді болдырмау бағытында адамзат қауымы бірлесіп күресуі тиіс.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы халыққа Жолдауында энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамыту туралы айтты. «Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет.
Энергия қорларының тапшылығы салдарынан әлем елдері қуатты күн, жел сынды табиғи көздерден алуға ұмтылып отыр. Бұл бағытта Қазақстан қолға алған «Болашақтың энергиясы» мәселесі бірінші орынға шығатыны сөзсіз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |