Ұраны: Ұлтарақтай болса да Ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да Туып өскен ел қымбат. Мазмұны


Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары



бет3/4
Дата13.11.2016
өлшемі0,99 Mb.
#1655
1   2   3   4

2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары.

Бір өзі бірнеше ғасырға татырлық ХХ ғасыр тарихы да белгілі обьективті себептерге байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық мүдде тұрғысынан бастап зерттеле бастағандығы белгілі. Бұл ретте тарих ғылымы үшін ғасыр айнасы іспетті болған мерзімді басылымда жарияланған материалдың деректік орны ерекше55. [№44.48б.].

1998 жылы басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «жадымызда сақталсын, таулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде56 «тегінде тарихи сабақтастық пен заңдылықтарды әркім өзінше түсініп-түйсінеді, яғни өз елі, өз халқы өткен жолдың байыбына әр адам өзінше барады. Мұнда бәріне ортақ, әрі бәріне де жарамды әмбебап әдістеме жоқ және болуға да тиіс емес. Тарихтың соншама бай, сан қырлы болып келетіні сияқты танымның жолы да сан тарау» -деп жазды56.[№45,6б.].

Осындай біздер үшін өз еліміздің, өз халқымыздың өткен жолының байыбына бармай апаратын танымның тек бізге ғана тән жолдарының бірі, ол –ғасыр басында шығып тұрған ұлтық басылымдарды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану.

Соңғы жылдары алаш ардагерлерінің еңбектерін жеке жинақ етіп бастыруда ұлт басылымдары материалдарының ғылыми зерттеу жұмыстарына көптеп тарылу барысында дерек авторларын қате көрсету бірінің еңбегін екіншісіне таңу сияқты осы бастан абай болатын фактілер де кездесіп жүр. Мысалы, 1994 жылы М.Қойгелдиевтің құрастыруымен Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан тұратын, «Шығармалары»жарық көрді. Сол жинақтың 96-99 беттерінде , «Үшінші Дума һәм қазақ » деген басылған, осы мақала ,1997 жылы шыққан Міржақып Дулатұлының шығармаларының ІІ томының 64-67 беттерінде, соңына «М.Д.» деген белгі қойылған, М.Дулатұлының мақаласы ретінде басылған. Автор ын анықтау мақсатында түпнұсқамен салыстырып қарау бұл мақаланың «Қазақ» газетінде ,1913 жылы 2 , 13 сәуірдегі, 9-10 сандарында жарияланғандығын көрсетті.Ал, «Қыр баласы» Ә.Бөкейхановтың баршаға белгілі бүркеншік аты57.[№44,59-62б.].

1997 жылы ұлттық басылымдардың белсенді авторларының бірі Міржақып Дулатұлының «Шығармаларының» 2-ші томы жарық көрді. Онда М.Дулатұлының баспасөз бетінде әр жылдары жарық көрген мақалалары жинағы басылған. Бірақ, бір өкініштісі жинақты құрастырушылар тарапынан мақалалардың деректік маңызына нұқсан келтіретін кейбір түпнұсқалық кемшіліктер жіберілген. Мысалыы, М.Дулатұлының өзі Қазақтың 1917 жылғы 239 санында , «Жер аудару» деген мақала басылған 9-нөмірінде бастап кешегі өзгеріске шейін тергеу, тексеру, тінту абақты, штрафтан «Қазақтың» көзі ашылған жоқ-деп жазды. Отарлаушылардың көзіне түскен сол, М.Дулатұлының 1913 жылы 6 сәуірінде жарияланған «Жер аудару» деген мақаласы, ғасыр басында Ақмлоа Семей,Жетісу, Орал және Торғай облыстарында кеңінен қолданылған 1891 жылғы 25-наурыздағы Дала ережесінің 17 статьясына қарсы наразылық ретінде жазылған еді. Мақаланы автор «Степнй положенияның 17-статиясы бойынша Дала уалаятының генерал-губернаторына үкіметке сенімсіз һәм мал ұрлаушы қазақтарды бес жылға жер аударуға ерік берілген » деген жолдармен бастар, одан әрі ол статьяның қазақ даласында орынды-орынсыз, оңды-солды пайдаланғандығы туралы нақты мысалдар келтіріп дәлелдеп берген еді58.[№5,158б.].Дулатов М. Жер аудару// Қазақ, 1913,№9,6 сәуір. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж-мамыр 1920ж Бейресми газеттің 5 жыл бойы үздіксіз шығып тұруы әрине патша өкіметінің жақсылығынан емес, сол газетті жаптырмау үшін барын салған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулаұлының еңбектерінің арқасы еді. Біріншіден, олар газетті жабылудан сақтау үшін, әрбір сөзін аңдып сөйлеп, мың толғанып барып жазуға мәжбүр болды. Екіншіден- газетті сақтау үшін А.Байтұрсынов денсаулығының нашарлығына қарамастан бірнеше мәрте түрмеге отырды.

«Қазақ» газетінің тарихы туралы АҚШ-ғы Висконсон университетінің ғылыми қызметкері Дениз Балғамыш ханым да өз «зерттеулерін» жариялады. Оның айтуынша , большевиктер бұйрығымен Орынбордағы «Қазақ» газетінің редакциясы жабылған соң: «Қазақ» газетінің негізгі бағытына қосылмайтын басым бөлігі «Үш жүз» деген социалистік саяси партия құрып, Ташкент қаласында осы аттас газет шығарды. Бұл газеттің редакторы К.Тоғысов болды. «Үш жүзге» қосылмаған «Қазақтың» қызметкерлері бұрынғы бағыттарын жалғастыру үшін «Бірлік туы» газетін шығарып, осының маңына топтасты. Бұл газеттің редакторы болып Қожақан Сұлтанбек, Мұстафа Шоқай, Балғынбай Хайретин қызмет еткен. Дениз Б. Газет неге «қазақ»аталды?//Қазақ әдебиеті.1993,№10,5 наурыз. Көлемі жағынан алақандай ған шағын мақалада тұтас бір ұлттың қадір тұтып қастерлеп отырған жәдігерлерінің тарихының өрескел бұрмаланғандығын айтуға тиіспіз. Біріншіден, «Үш жүз» де, «Бірлік туы» да1917 жылы, «Қазақ» газеті жабылмай шыға бастаған газеттер. Ол үш газет біраз уақыт қатар шығып тұрған. Екіншіден, «Үш жүз» партиясының құрылуына да, оның газетінің шығуына да «Қазақ» газетінің редакция мүшелерінің ешқандай қатысы болған жоқ. Керісінше «Қазақ» газетінің Алаш партиясының тілі ретінде «Үш жүзбен» жүргізген айтысы жалпыға белгілі факт. Үшіншіден, «Үш жүз» газеті Ташкентте емес Петропавл қаласында шыққан. Төртіншіден, Көлбай Тоғысовта, басқа аталған азаматтар да ешуақытта «Қазақ» газетінің редакциясында жұмыс істеген адамдар емес. Сондықтан, «Үш жүз» және «Бірлік туы» газеттерін жабылған «Қазақ» газетінің қызметкерлері шығарды деудің еш қисыны жоқ. Жалпы қазақ тарихының күрделі мәселелерінің бірі болып табылатын 1916 жылғы июнь жарлығына қатысты туындаған оқиғаға қатысты «Қазақ» газетінің шығарушыларының ұстаған бағытын Д.Белғамыш: «орыс үкіметінің сеніміне ие болып, жер мәселесінде өз мүдделерін өткізу үшін «Қазақ» газетінің шығарушылары 1916 жылғы патша жарлығына қолдау көрсетті» -деп, өзінше түсіндірген.

Француз зерттеушілері А.Беннигсен мен Ш.Лемерсье-Келькежейдің сөзімен айтсақ: «ХХ ғасырдың басында патшалық Россияға деген жеккөрушілік бойын түгелдей билеп алған қазақ зиялыларының» отаршылдық езгіге қарсы күресте, баспасөздің қажеттігін терең сезінуі болса, екіншіден, бүкіл империяны дүрліктірген бірінші орыс революциясының әсері еді. Ол туралы «Серкені» шығарушылардың бірі, оның негізгі авторы Міржақып Дулатұлы: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады»,-деді.

«Серкенің» не жазғаны, не айтпақ болғны, жалпы бағыт бағдары мен мақсаты, неліктен «Серке» атанғандығы туралы газет шығарушылардың бірі, оның 22 жасар албырт авторы М.Дулатовтың59 , газеттің бірінші санында жарияланған «Жастарға» деген өлеңі мен екінші санында даярлаған «біздің мақсатымыз» атты бас мақаладан көруге болады.Өлеңінің бірінші шумағында:

Найзаменен түртседе,

Жатырсың, қазақ, оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, аллай-ай!

десе,соңғы шумағында:

Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп.

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай?

Дейді59.[№46,37б.].

Бірінші шумақтан М.Дулатовтың бүкіл саналы өмірінің басты мақсатына айналған, қалың ұйқыдағы қазағын оятудың әрекеті байқалса, қой бастағансеркедей, халқын соңына ертер деген үміті байқалады.патшалық Россияның астанасы Петербургта басылып шыққан, алғашқы ұлттық басылымдардың бірі «Серкенің» 2-ші санында. «Арғын» деп қол қойған М.Дулатов «Біздің мақсатымыз»60 деген мақаласында:

«Қазағым менің, елім менің!»

Ең алдымен қазақ халқы- Россияға тәуелді халық.. Оның ешқандай правосының жоқтығ ыза мен кек тудырады.Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіптен де керек емес нәрселерге жұмсалады...

... Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай ...чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді...Түрлі деңгейдегі министрлер, жоғары чиновниктер мен генералдар Россияда көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін оларды біздің қазақтардың арасына жер аударуда...»,-дейді60.[№18,29-30б.].

Кезінде Петербург баспа сөз істері комитеті, «Полицияға түскен мәліметтер бойынша, бұл қазақ халқын өкімет орындары мен оның өкілдеріне қарсы күреске шақыратын «барлық қазақ халқына арналған үндеу сияқты»-деп «өте жоғары бағалаған», сондықтан, «газеттің осы номіріне қатысты барлық адамдар жауапқа тартылсын»деп шешім қабылдаған, өзінің батылдығымен бүкіл петербург полициясын дүрліктірген мақаланың одан арғы тағдыры туралы мыржақыптанушы ғалым Марат Әбсембет былай дейді: «Полиция қанша іздегенімен мақаланың лақап атпен жүрген авторын таба алмады.Полицияның заңсыз әрекеттері ақын жанына қатты батты».

Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылы Санк Петербургте басылып шыққан «Киргизы» деген еңбегінде: «На киргизском языке пока нет ни одной газеты, точно так же киргизиы не распологают до сих пор своей типографией. Мысль о том и другом возникала в Киргизской степи в счастливые дни свободы, но не осуществилась... Киргизская степь покорно несла беззакония, глубоко затаив ненависть и злобу»-деп жазуы сол қажеттіліктен туындаған еді. Ол туралы тарихшы М.Қойгелдиев61: «ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ ұлттық интелегенциясы үшін жалпы елдік зәру мәселелерді көтеретін қоғамдық ойға қозғау салып, бағыт бере алатын газет журналдар шығару үлкен қоғамдық мәселеге айналған болатын. Қарқаралы петициясында өкімет алдына қойылған негізгі талаптардың қатарында қазақтардың «күнделікті мұқтажын айқындап отыру үшін қазақ тілінде газет шығару қажеттілігі» деп айтылған еді»,-дейді61.[№15,141б.].

«Қазақ» газеті, белгілі бір дәрежеде сол кездегі ұлт азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткері А.Байтұрсынов және М.Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді. 1905-1907 жылдардағы қазақтарды да қамтыған саяси толқуларға басшылық жасап белсенділік көрсеткен келешек газет шығарушылар патша жандермериясы тарапынан саяси қуғын сүргінге ұшырад. «Алаш» көсемдерінің үшеуі де әр түрлі уақыттарда тұтқындалып, бірінен кейін бірі Семей түрмесіне жабылды. Аса қауіпті саяси қылмыскерлер ретінде Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылды. Тек, сондай тар жол тайғақ кешулерден кейін ғана, 1910 жылдан бастап, олар газет шығару ісімен тікелей айналысуға мүмкіндік алды. «Қазақ» газетінің пайда болуы және оның қайта шығуы туралы Тіней оразайдың Мұртазасының Файзолласы «Газеттің 80 жылдығына арнап баяғы 265 санынан 266 санын шығаруға ниет етіп отырмыз.Жалпы бұлай етуге Оразай әулетінің моральдық хұқы бар деп білеміз. өйткені «Қазақ» газетін шығару идеясы Ахмет Оразаев аулына Міржақып Дулатов барғанда осы екі кісі тарапынан идеяның мақұл тапқанын және Оразаев Ахметтің газетті шығаруға қаржы беріп, құрылтайшылық еткенін газет тігіндісі де, Орынбор губернаторлығының құжаттары да дәлелдеп отыр.»

«Қазақ» газетін үзбей шығарып тұру үшін қазақтың кесек сома шығарарлық байлары аз еместігіне сенген А.Байтұрсынов пен М.Дулатов, 1913 жылдың соңына қарай «Азамат» серіктігін құрмақ болғандығы туралы,аталған газеттің 42-санында «Алаш азаматттрына» деген мақалада жарияланды. 1914 жылдың басынан бастап «Қазақ» газетін

бастырушы міндетін атқарған «Азамат» серіктігінің іс әрекеттері туралы мәліметтер апталық бетінде жариялана бастады. Ол туралы «Айқап» журналы Орынборда шығатын «Қазақ » газетасының басқарушысы М.Оразаев бастырушылықтан шығып, орнына «Азамат» есімді серіктік жасады. Бұл серіктік 2-ші декабрьде ашылды. Бастап ашушылар Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов. Мұнан былай «Қазақ» газетін сол «Азамат» серіктігі бастырып тұрмақшы Бұл «Азамат» серіктігіне азаматтықпен қосыламын деген Алаш азаматтары болса салатын жарнамасының ең азы 100 теңге. Аталған серіктіктің бас мақсаты Алаш азаматтарының серіктескен пұлыменен ең әуелі «Қазақ» газетінің аяғынан нық бастырып жүргізіп тұрмақ. Онан соң істің ұлғаюы ақшаның көбеюіне қарап қазаққа пайдалы қазақша кітаптар бастырмақ. Бұл ерлік істің ілгері басуын тілейміз» -деп жазды. «Азамат» серіктігі. Айқап, 1913,№12,448б. 1915 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақ» газетінің апттасына екі рет шыға бастағаны белгілі. Газетті аптасына екі рет шығару үшін ресми орындарының, газеттің бағдарламасын бекіткен арнайы куәлігі қажет болған. Сондықтан «Қазақ» газетінің шығарушысы және редакторы, «Азамат» серіктігінің билеушісі А.Байтұрсынов 1914 жылдың 8 желтоқсанында Орынбор генерал губернаторының атына арыз жазған. Көп ұзамай А.Байтұрсыновқа қайта бекітілген бағдарлама бойынша «Қазақ» газетін аптасына екі рет толық көлемде шығаруға рұқсат етілген №7021 куәлік тапсырылған Жаңа бекітілген бағдарлама алғашқы бағдарламамен толық сай келеді.

1914 жылдың басында «Қазақ» газетінің алғашқы жылы таралу географиясы мен таралымы саны туралы Басқарма, «Орынбор.9 январь» деген редакциялық мақалада: «Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласының 1913 жылдың ішінде алдырып тұрғандарының есебі мынау:



Таралым аумағы

Таралым саны

1

Торғай облысы

694

2

Семей облысы

612

3

Ақмола

584

4

Сырдария

327

5

Орал

301

6

Жетісу

157

7

Ішкі ордалық

136

8

Ферғана

30

9

Самарқан

8

10

Закаспий

5

Бәрі 3007», деп жазды.

1913 жылы газет бетінде жарияланған материалдардың «жер мәселесі», «Оқу жайы», «Жер аудару», «Білім жарысы», «Қазақ һәм дума», «Сайлау», «Земство не нәрсе», «Шаруа жайы» т.б. атлған мақалалардағы көтерген мәселелердің шешілу жолдарын халыққа ұсынуы соның дәлелі. Осылай шыға бастаған бірінші, яғни 1913 жылдың өзінде –ақ газет ұлт өмірінің барлық жағын қамти білген. Ү.Суханбердина өзінің «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» деп аталатын мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінде газеттің жарияланған мақалалары мен хат-хабарларын тақырыптарына және мазмұныына қарай: «Россиядағы имперализм дәуіріндегі Қазақстан», «Самодержавиенің аграрлық саясты және қоны аудару қозғалысы», «Қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысы», «Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы», «Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдениеті мен әдебиеті» т.б. деп, барлығы 20 топқа бөліп көрсеткен.

«Қазақ» газетінің бірінші күнен бастап ерекше көңіл бөліп, өз бетінде үздіксіз көтерген мәселелердің бірі оқу ағарту, білім беру, жалпы халықтың рухани өмірі туралы мәселесі болды. 1913 жылы ғана апталықта оқу ағарту ісі бойынша 30 астам арнаулы мақалалар басылған. Оқу жайы «Тілшілер сөзінде», «Ішкі хабарларда» айтылып тұрған. Ақмола, Петропавл, Қостанай,Қарқаралы, баянауыл, қотанқарағай, Шымкент, Қапалда оқу ағарту ісі, мектеп медресе салу жұмыстары туралы мағлұматтар сол хабарларда басылған. Осындай хабарлардың бірінде: «Қапал уезінде Тұрысбеков Мамановтардың мектебінде осы күні 130 дан артық қазақ баласы оқиды екен. Оқытушы бесеу.. маманов, Тұрысбековтер келісіп өз ауылында қыздар оқитын мектеп салмақшы болыпты. Ақсу деген жерде тағы да қазақтарға үлгі аларлық іс», деп жазған. «Оқу кітабы хақында»62 Азамат Алашұғлы Айқап журналының 1911ж. санынының №7. Міржақып қазақ жұртында бастаушы мектеп жоқ екенін айтады. Соның үшін Уфадағы Ғалия Медресесіндегі шәкірттеі «Әлифбә» тәртіп етіп қирағат кітабын шығару үшін өзінің мойынына алғанын айтады. Міржақып ағамыз кітапты мазмұнды шығару үшін көптеген материалдар жинап, орыс педагогтарының оқу кітабымен хрестоматияларын Ы. Алтынарсарин мен Александровтың қазақша материалдарын өзінің мұғалімдік тәжірбинсіне қоса отырып жазуға кіріскенін көреміз. «Қирағат» кітабын әлифбәдан соң 3 жылда оқитын қылып 3 бөлімге бөлдім де әлгі материалдардан үш дәфтергі бір бөліміне лайық сөздерді таратып жаза бастадым деп жазды. Бірақ бұл еңбегі ақталмай елдегі жағдай кедергі болып ісін бітірмей тастады62. [№18,41-42б.].

Ү.Суханбердинаның аталған мазмұндалған библиографиялық көрсеткішіне енген, 1913 жылы газетте жарияланған 215 мақалааның 44-ін Ә.Бөкейхан, 32-ін М.Дулатов, 23-ін а.Байтұрсынұлы жазған. Зерттеуші Ө.Әбдіманов газет алдына қойған бұл мақсаттарды шартты түрде: саяси-әлеуметтік мәселелер, шаруашылық-экономикалық мәселелер және мәдени-ағартушылық мәселелер деп үш желіге бөле отырып: «Газетттің осы мәселеге қатысты жарық көрген мақалаларын негізінен үш публицист жазып және дайындап отырғаны талассыз шындық. Олар Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов. Қай-қайсысы да кез-келген тақырыпқа жаза алар хас шеберлер болғанымен де Ә.Бөкейхан көбінесе саяси экономикалық, Ахмет-мәден-ағартушылық, Міржақып әдебиет пен өнер мәселелеріне көбірек барғаны «Қазақ» беттерін ақтарғанда көзге айқын түседі. «Қазақтағы»көптеген бас мақалаларды А.Байтұрсынов жазған және бас жазушы ретінде қандай да бір мәселе болмасын өзіндік пікірін, өзіндік көз –қарасын білдіріп, газеттің бағыт-бағдарын айқындап отырған. Оның кейінірек «батысшылдық» тобының идеологы атануы себепші болған көбіне –көп осы «Қазақтың» мақалалары арқылы танылуы болса керекті»,-дейді.

1913 жылы ғана жер туралы айтылған. Жерге қатысты мақалалардың көбін ғасыр басындағы осы мәселенің ел таныған маманы Ә.Бөкейхан жазған. Дегенмен, мәселенің өте маңыздылығына, өткір қойылуына байланысты А.Байтұрсынұлы сол жылғы газетке «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Жер жалдау жайында», «Көшпелі һәм отырықшы норма» сияқты мақалалар жазды. Жер мәселесі М.Дулатұлы «Земство не нәрсе» атты мақалалар сериясында да айтылған. «Айқап» журналының 1911жылғы №11 саннында Азамат Алашұғлы бүркеншік атымен міржақып Дулатұлының «Жер мәселелесі»63 атты мақалада: қазақ жеріне мұжықтар орналастыруына байланысты қазақтарға бұрынғыдай көшіп жүру керек пе он бес десятинадан ер басына жер кестіріп, қала болу керек пе? Деген сұрақ төңірегінде зиялылар мен ноғайлар газет журнал арқылы мақалалар беріп, жақсы жерге орналастыруды пайдалы көрді. Атақты қазақ адвокаты бақытжан Қаратаев мырза өзіне ерген ағайындарымен тиісті жерін кестіріп алып, қала болды. Қала болу мәселесі бүкіл қазақ жерін қамтып, қала болудың пайдалы жақтарын оқыған азаматтар газет журнал бетттерінде мақалалар беріп халық сынынан өткізу керек деп жазды63.[№18,44-46б.].

Газет шыға бастаған бірінші жылы қазақ зиялылыарыныың арасында қызу талас тудырған бас қосып, сьез өткізу мәселесі туралы да үшеуі бірдей арнайы мақалалар жазған. Аса маңызды мақаланы «Алаш азаматтарына» 1913 31 декабрь. Екеуі бірігіп жазғандығын көрккеміз.Аталған авторлардың 1913 жылы газеттің бір нөміріне екі мақаладан жариялаған кездері жиі кездеседі. Ал, кейде, олардың бір нөмірде 3-4 мақаладан жариялаған уақыттары болған. Мысалы, апталықтың 7 санында М.Дулатұлының «Құлдар достығы» деген мақаласының жалғасы, «Адриянополь» деген мақаласы және «Қазақтың тарихының» жалғасы жарияланса, 9 нөмірінде: «Қазақ ақыны», «Ғабдолла Тоқаев», «Жер аудару» және «Қазақтың тарихы » атты төрт бірдей мақаласы басылған. Кезінде Абайды ойландырған, ақын жанын күйзелткен мәселелердің көбі «Қазақ» газетінің де өзекті мәселелеріне айналды. Абай сынына ұшыраған қазақ қоғамынан орын алған келеңсіз көріністер апталық беттерде сыналды. Сайлау төңірегіндегі дау мен жан-жал қазақ даласында Абайдан соң да тоқтау тапқан жоқ. Сондықтан өз кезегінде «Қазақ» газеті де оған қарсы күресуге мәжбүр болды. Оның беттерінде сайлауға арналған бірнеше мақалалар жарияланды. Соның бірінде Әлейхан Бөкейхан: «Үш жылда бір сайлау сайын жұрт өрт шыққандай, жау шапқандай жанталасып әбігер болады. Әке баладан, аға ініден, туған-туысқаннан айырылып, бірі атқа, бірі асқа сатылып сандалады. Өсітіп жұрт бүлініп іздегендегісі не? Болыстық, билік, ауылнайлық, елубасылық» -деп сайлаудың қазақ халқына әкелер бар «пайдасын» айтады. Абай мен Ә.Бөкейхан сайлауға байланысты қазақтар арасында қалыптасқан жалпы қоғамдық құбылыс туралы айтса, мұрағат құжаттары бізге жеңіл жолмен мал табамын деп жүріп қылмысқа барған көптеген болыс, би, ауылнайлардың нақты есімдерін жеткізіп отыр. Мысалы, Верный уезінің Көлді болысы Жабықбаев 1915 жылы Желдібаевтан 61 сом 70 тиын табыс салығын салып оны алғаны туралы ресми қағаз бермей өзі пайдаланып кеткені үшін қылмысқа тартылған. Кіші Алматы болысының 1-ші ауылының старшыны Қабылдай Асыров 1915 жылы 17 наурызда пара алғаны үшін жазаланған. Қысқаш Садыр болысының бұрынғы ауылнайы Сейдін Әбділдин қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасағаны үшін, сол жылдың 11 маусымында сотқа тартылған64. [№44,249б.].

1999 жылы шыққан «Қазақ халқының атамұраларында», «Айқап» бетіндегі «материалдар мен хат-хабарлардың» библиографиялық көрсеткіштерінің толықтырылып екінші рет басылуына байланысты Ү.Субханбердина: «1960,1963 жылдары «Айқап»журналы мен «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Қазақстан» газетінің бетінде басылған материалдарының мазмұндалған библиогрфиясы басылып шыққан болатын. Бірақ өкінішке орай, ол көрсеткіштерде А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. жазған ең құнды материалдары қысқартылып берілген еді», -дейді. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан демократиялық жағдайда Қазақстанның әртүрлі аймақтарында шығып тұрған қазақ тіліндегі газеттеердің бәрі де қазан төңкерісінен кейін большевиктер туралы мақалалар жаза бастады. «Қазақ» газеті бастағанұлттық демократиялық бағытттағы басылымдар алдымен большевиктер тарапынан жалпы мемлекетке төнген қауіп туралы жазса көп ұзамай тікелей қазақтарға төнген қатер туралы айтып, халықты оларға қарсы күреске шақыра бастады. 1917 жылдың 1918 жылдың барысында қазақ тіліндегі негізгі тақырыбы большевизмге қарсы күресі тарихы.Бұл ретте сол жылдары Алаш зиялылары бас қосқан екі орталықта –Ташкент пен Орынбор қалаларында шығып тұрған «Бірлік туы» газеті «Қазақтың» орны ерекше. Егер біріншісі қасиетті Түркістан жерінде өз үстемдіктерін орнатқан большевиктер туралы айтса, екіншісі ел таныған Алаш көсемдерінің Дала өлкесінде большевизмге қарсы жүргізген бітіспес күресі туралы айтқан.

Большевиктердің бүліншілік і-әрекеттерімен, 1917-ші жылан жылының күзінен бастап бетпе-бет кездесе бастаған ташкенттегі қазақ зиялылары, олар туралы «Бірлік туы» газетінің 8 қарашасынндағы 14 санынан бастап тұрақты жаза бастады. «Ташкентте болған оқиғалар салдарынан газетіміздің бұл нөмірі өз уақытынан кешігіп шықты. Оқушыларымыз айыпқа бұйырмағай» -деп қараша айының басындағы большевиктердің ұйымдастыруымен болған Ташкенттегі қан төгіс салдарынан газеттің кешігіп шыққан себебін айтудың басталған 14 санында «Екі талай күндер» және «Мемлекет халі»65 деген екі үлкен мақала басылған. Бұл мақалаларда Ресейде қазан төңкерісінен кейінгі қалыптасқан саяси жағдай туралы большевиктердің өкімет билігі үшін жан таласа жүргізіп отырған күресінің мемлекет үшін, жалпы ел үшін аса қауіпті авантюристік іс екендігі туралы айтылған.Мысалы, бірінші мақалада «Россияның көп шаһарларында большевиктер Уақытша үкіметке қарсы бүлік шығарып, мемлекеттің өз халқы бірін бірі қырып жатыр» делінсе екінші мақалада «Большевиктер Петрогратты жеңіп алған бұрынғы үкімет орнына жаңа хүкімет жасаған.. бұл хүкімет Халық комиссарларының Советі деп атап, һәр министрлікті басқаруға бір-бір комиссар құрылған.. Советтің төбе төрағасы Улянов деп оқырмандарды Кеңес үкіметінің құрлымымен таныстыра келе: «Петрогратта басталған большевиктер төбелесі Россияның басқа шаһарларында болды. Көп жерлерде солдаттар мен қара жұмыскерлер хүкіметке қарсы бүлік шығарып, көп қандар төгілді» -деп жаңа үкіметтің қол жеткізген алғашқы табыстарын халыққа жеткізді.»65[№5,96б.]. Мемлекет халі// Бірлік туы,№14 1917,8 ноябрь. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж-мамыр 1920ж. «Бірлік туы» газетінде «Түркістан автономиясы» деген мақалада: «Соңғы кезде бүтін Россияны астаң кестең қылған большевик пулеметінің салқыны Түркістанға да жетті. Түркістанның я тұрмысына я табиғатына тура келмейтін большевик саясатын Түркістанда күшпен жүргізбекші болып орыстың солдаттары мен жұмыскерлері қару жарақ жұмсап зорлықпен өкімет жүргізе бастады»-деп, жергілікті халқына жаткеңес өкіметін большевиктердің Түркіәстанда да қарудың күшімен орната бастағандығын айтады. Ал, «қазіргі күй» деген мақалада большевиктердің Түркістан топырағында алғашқы нақты қадамдары туралы: «Большевиктердің хүкімет басына мінгенне бері қарай істеп жатқан істері халықты үркітіп отыр. Олар әділдік, туралықты бір жаққа тастап, зорлық-зомбылық жолына бет алды.» Түркістан зиялылары газет беттерінде большевиктердің берген уәдесінің орындалмағандығын нақты түсіндіреді. Мысалы, сол жылдары қоғамдық саяси өмірге белсенді араласа бастаған түркістандық Алаш жастарының бірі Сұлтанбек Қожанов, «Большевиктер» деген мақаласында, бітім туралы: «Әзірге бар халге қарап айтсақ россияның большевик хүкіметі соғыс тоқтатылып бітім сөйлеспекпіз деген жарлығымен бұқараның көңілін аулағаны болмаса һеш патшалықтардың я досы,

я дұшпанынан жылы жауап ести алмай сөзі ескерусіз қалып тұрса керек»-десе жер туралы: «Екінші бұқараға жағымды сөзі жер үлестіру болса, уәдесін орындау большевиктердің қолынан келмесе керек, бұл іс айтқанымен болала салатын іс емес. Бұл бірүлкен іс»,-деп жазды. Қожанов.С. Большевиктер Бірлік туы,1917№16.

«Қазақ» газетінің басты ерекшелігі сонда, ол алдымен большевизмге қарсы бітіспес күрес жүргізді, сол күрестің барысында тарихи деректерді дүниеге келтірді. Бұл ретте мына пікірге баса назар аударғымыз келеді. Егер большевизмнің халық аралық сипатқа ие болғандығын, демек оған қарсы «Қазақ» сол күрестің, әлемнің прогрессивті бөлігінің большевизм індетіне қарсы күресінің алдыңғы шебінде болды деп айта аламыз. Орыс большевиктерінің, өздерінің сандырақ идеяларын іс жүзіне асыру мақсатымен, көшеге шыққан 1917 жылдың 3-4 июльдегі Петроградтағы бүліншілігі туралы айтқан Қыр баласының (Ә.Бөкейхан) «Мемлекет халі» деген мақаласы басылған, «Қазақтың» 237 санынан бастап газет бетінде большевиктер туралы «Олардың көсемі, серкесі, - жазушы Ульянов, жұртқа мәшһүр аты «Ленин» туралы жазыла бастады. Өзінің соңғы 1918 жылы шыққан сандарында, «Қазақ» большевиктерге, олардың жергілікті ұлттан шыққан жақтастарына қарсы белсенді күрес жүргізді. Олардың айуандық іс-әрекеттерін, екі жүзділіктерін әшкереледі, түпкі ниеттері мен уақытша жеңіске жету себептерін ашып көрсетті. «Аттан Алаш азаматтары!» -деп ұран тастап, большевиктерге қарсы жалпы халықтық күресті ұйымдастыруға тырысты. «Аттан Алаш азаматы!» -деген ұран мақалада: «Ау, алаш! Сен кім? – Сен жауынгер түріктің орнын басып қалған үлкен ұлысың. Бабаларың ат үстінде жүріп, қылышпен өздерін дүниенің жартысына ие қылған, Стамбулды алған, Карпат тауларының қалың қамалын бұзған. Ер түріктің ер жүректі ұлдары, сілкін, аттұрманыңды даярлап атқа мін, жауға аттан! Жауың кім? Жауың большевик.. Ортақ жау –большевикке қарсы жорыққа аттану кеудесінде жаны, денесінде бабалары түріктің титтей де қаны болған алаш азаматына парыз»- деп, жазылған.«Қазақ» газетін шығарушылар бастаған қазақ жауынгерлерінің әртүрлі майдандарда большевиктермен жүргізген бетпе-бет соғыстары «Қазақ» бетінде бейнеленді.



Міржақып Дулатов өзінің «Қайтсек жұрт боламыз» деген мақаласында қазақтардың өзін өзі қорғай алатын әскері болған жағдайда ғана жұрт бола алатұғынын дәлелдесе, «Торғай облысының қазағынан милиция алу тәртібі » деген мақаласында Алаш Орда бөліміне милиция алу туралы тәртібін айтқан. Біріншісінде, «Большевик деген бір пәле шығып.. Россия секілді зор мемлекет асты үстіне келіп ойран болғанда» біз қайтсек жұрт боламыз деген сұрауға, «Қайтсек жұрт боламыз дегенді ойласақ, жауап біреу-ақ, әскеріміз болса ғана жұрт боламыз» деп деп жауап береді.Екіншісінде, сол әскерді құрудың 18 пункттен тұратын нақты тәртібін көрсетеді66.[№5,76б.]. Мадияр. Қайтсек жұрт боламыз Қазақ. №264, 1918, 10сентябрь Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж-мамыр 1920ж.Бұл жолдар қазақ зиялыларының, Алаш Орда көсемдерінің саналы түрде, өз ұлтына бас болып, большевиктерге қарсы күреске жан-жақты дайындықпен шыққандығын көрсетті. Көптеген мақалаларда сол күрестің барысы баяндалды. Мысалы, «Жолаушылар» атты мақалада: «Әлихан Бөкейхан Семей облысында өз еліне қызмет етіп жүр»-дей келе: «Жетісу облысында большевиктер атты –казак қалаларын бірін қоймай қиратқан. Қатын, бала-шағаны қырған, сондықтан сол бейшараларды большевик қолынан құтқару үшін біздің қазақ әскері тты-казак әскеріне қосылып Жетісуға қарай жолға шықты», деп хабарлаған.

Ал, «Алаш құрбандары» деген мақалада большевиктердің қолынан алғашқылардың бірі болып, қаза тапқан Алаш боздақтары Семейлік 22 жасар Қази Нұрмағанбетұлы мен Ақтөбедегі І Бөрте болысында айуандықпен өлтірілген, 28 жасар оралдық Нұғман Сарыбөпеұлы туралы айтылған. Мақалада Қазының қазасына көп адам жиналып, «...құран оқылып болғаннан кейін, Шәкәрім ақсақал халыққа қарап сөз сөйледі:» .. Құдай тағала Алашқа шын ұл бергеніне көзім жетті. Алпыс жасқа келгенімде мұндай ұлт үшін құрбан болатын азаматтты көремін деген жоқ еді. Көрдім, енді бүгін өлсем де арманым жоқ.., дегендігі, Міржақып Дулатовтың өлең оқып Райымжан, Жанғали қажы, Мұстақым және Жүсіпбектердің сөз сөйлегендігі туралы айтылған. Одан әрі мақалада большевиктердің «Алаш туын көтеріп, ел жігітін бастайтын, соғыс ғылымын оқыған бірнеше жыл соғыста болып тәжірибе көріп ысылған офицер Нұғман Сарыбөпеұлын «қылыштың астына алып, мылжа-мылжа қылып, қарнын тіліп, басын шауып, көзін шығарып, ит көрмеген қорлықты көрсетіп»- өлтіргені туралы жазылған. Бұл ретте «Тағы құрбан» деген мақаланың деректік маңызы үлкен. Онда, Міржақып Дулатов, сол жылдың тамыз айының басында, Жетісу облысындағы Ұржар деген қаланың қасында большевиктермен соғысып, Алаш Орда һәм құрылтай ағзасы өмірі мен қызметін, ұлтына сіңірген еңбегін жан-жақты баяндайды. Мақалада: «.. большевиктер елге ойран салып, қазақ қырғызды қырғынға ұшыратуға кіріскен еді. Ұлтшыл ер, Отыншы бұл қорлыққа шыдай алмай, жолдастарымен бірігіп, жігіт жинап, елді қорғау жолына кірісті. Өткен июль басында мынадай хат келді: «Елдің басына мынадай пәле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете алмайтын, өлсем-тірілсем де бірге көремін» деп.Марқұм айтқанын қылды, елді пәлегетастап, өзі бас амандап кетекн жоқ. Алаш жолында құрбан болды!» делінген67. [№18,121б.]. Ғалым Ахмедов өзінің 1996 жылы шыққан «Алаш Алаш болғанда»атты еңбегінде Қази Нұрмағанбетұлын ақтар атып өлтірді деуі. Ол бұрын мұғалім болған жас офицерді ақтардың солдаттарының атқанын айта келе: «Алашты» жамандаған кісілердің «олар ақтармен одақтас болды» дегенді «одақтастарының» түрі әлгідей. Шындығында «Алаш» пен ақтардың арасы жақсы болмаған, тек амалсыздан ғана «сен жақсы, мен жақсымын» жүрген. «Алаштың» көздеген мақсаты ағынан да, қызылынан да аулақ, өз алдына бөлініп шығу ғой»,- дейді68. [№24,20б.]. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өзінің 1998 жылдың басында жарияланған «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» атты еңбегінде, бүгінгі күннің биігінен қарай отырып, большевиктер билік құрған 74 жылдың қорытындысын ой елегінен өткізе келе оларға мынадай баға берген: «Большевиктік іс-әрекет қандай даңғаза идеологиялық ұрандарды желеу еткенімен, олар патша заманында басталған істі одан әрі және көбінесе барынша қатал әрі сұрқия нысанда жалғастыра берді. Екі жүйенің екеуі де өз мүдделерін көздеп, «ұлттық шет аймақтарға » қатысты қатаң бағыт ұстады. Екеуі де ешқашан және ешбір жағдайда жергілікті жұрттың мүддесін ескерген емес, олардың кез келген қарсылығы қашан да қатаң басылып тасталып отырды». Алданған орыс солдаттары мен жұмысшы шаруаларының зеңбірегіне сүйенген большевиктердің қазақ даласында кеңес өкіметін күштеп орнатуы салдарынан, 1918 жылдың 16 қыркүйегіндегі, 265 санынан кейін «Қазақ» газеті өзінің шығуын тоқтатты. Елде Кеңес үкіметінің, большевиктер диктатурасының орнауы «Қазақ» газетінің де, Алаш ардагерлерінің де, мұндай ата салтына, ұлт дәстүріне сай ерлік істерінің бұрынғыдай жыр-дастандарға арқау болып, ауыздан-ауызға тарап, атадан балаға жетіп ұлт, ұрпақ мақтанышына айналуына кедергі болды. Елін сүйген ерлерді өз халқына жау етіп, елін сатқан ездері ер етіп көрсеткен күндер басталды.

Сонымен, қорыта айтсақ, газеттің 1913 жылдың басынан бастап шыға бастауы оны, өзінің еркінен тыс, әлемдік соғыс қарсаңындағы соңғы бейбіт жылғы қазақтардың саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінің дерегіне айналды. Сол жылғы апталық бетінде жарияланған материалдарға талдау жасау оның деректік ерекшеліктері болғандығын көрсетеді.

Біріншіден, газетте басылған мақалалар ел өмірінің барлық жағын дерлік қамтыған. Сондықтан біз олардан ұлтымыздың аласапыран алдындағы бейбіт өміріне, күнделікті тұрмыс тіршілігіне қатысты өздерін қызықтыратын мағлұматтар ала алады.

Екіншіден, газетте жарияланған мақалалардың басым бөлігін, ел жағдайының терең белгілері, халқымыздың ойларын озық, қаламдары жүйрік азаматтары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы және М.Дулатұлы үшеуінің жазғандығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет