Мұраттың айтуы арқылы жеткен. Ескі ел тарихынан естіген, білген, түйгендерін
шашау шығармай әсерлі де мәнді эпостық шығармаға айналдырып, ӛзі кӛзін
жұмғанша халқы алдында сайрап ӛткен. Еңсесі түскен туған елінің кӛңілін кӛтеріп,
ойын сергіткен. Мұрат сӛздерін ел-жұрты сүйсіне тыңдап, бірі кӛзіне жас алып
қасірет шексе, екінші тобы, бойларын жиып, ертедегі ер азаматтары ісіне қайран
қалып, оларға еліктеп, ат арқасына қонып, тәуелсіздік ұранын кӛтерген. Сондықтан
Мұраттың шығармалары-ӛз кезіндегі тарихи маңызы зор, халқының мұңын кӛтерген,
тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған туындылар.
Мұраттың толғаулары мен дастандарына тоқталсақ, олар:”Үш қиян”,
“Сарыарқа”, “Қазтуған”,”Ӛттің бір қапы дүние”-ӛзара байланысты, әуендес,
мазмұндас, сарындас шығармалар. Мұнда қазақ халқының отаршылар тарапынан
кӛрген ауыр зауалдары бейнеленді. Қысымға шыдамаған ел-жұрттың зар-шері, кӛңіл-
күйі шертіледі. Халық басынан ӛткізген жұт жылдары сабақтаса суреттеледі.
Мұрат ақын шығармаларының ішіндегі ең кӛлемдісі “Қарасай-Қази” жыры. Бұл
– нағыз эпостық поэма. Орақ батыр мен оның балалары Қарасай, Қазилардың
жалғасып жатқан батырлық дәстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті шағын
желіге құрылған. Ата жолын қуған ұлдардың перзенттік парыздарын ӛтей білулері,
нағыз ел қорғандары мен арам ниет ездердің екіжүзділіктерін әшкерелейтін ұтымды
оқиғалар, кӛркем кӛріністер жинақталған.
Мұраттың ақындық мұраларының құнды бір саласы, оның лирикалары-арнау,
хат, сын-сұқбат, ақыл-нақыл сарындас туындылары. Бұл салаға жататындар,
негізінен, ақын ӛмір сүрген кезеңнің шындығын, дәуір адамдарын, олардың мінез-
құлық, іс-әрекеттерін бейнелейді.
Мұраттың “Айжарыққа”, “Есенғали болысқа” , “Есентемір Тұрабай болысқа”,
“Қарақожа болысқа” т. б. ӛлеңдері-қазақ еліндегі болыстық билікке, патшалық
сайлауға наразылық ниетіндегі туындылар.
Мұрат шығармаларын тізбектей жіктеп, талдау соңында айтарымыз-оның тілге
шешен, тапқыр да алғыр ақын болғандығы. Оның шығармалары қамтымаған кезінің
шындығы кемде-кем. Кең тынысты эпик, нәзік жанды лирик, жүлде алған жүйрік, сан
қырлы саңлақ.
Әдебиеттер
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991.
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.
7.Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А., 2000.
Достарыңызбен бөлісу: