Содан поэманың ішінде қызық әңгімеленген тартыстар арқылы Жүсіптің бес
ұлы қаза болады. Ең соңында Жүсіптің қан кегін қуған қызғанышы арқылы қызы
Зайра және ӛлімші боп жатады.
Сол ең соңғы қалған жалғыз нәсілінің ӛлім шағында, Жүсіп кешірім сұраған.
Бірақ махаббаты үшін шерленіп, ӛлім халіне жеткен Зайра әкесіне кешпей жатыр.
Поэманың басында қайғылы Жүсіптің ӛкінішпен жылап отырған себебі осы еді.
Бұл шығарма – анық ӛмірлік романтика үлгісінде жазылған. Бұрын қазақ
поэзиясында үлгісі болмаған, ӛзгеше шығарма. Романтика тартыс оқиғаларға
араласқан адамдардың мінездерінен, іс-әрекеттерінен айқын кӛрінеді. Ол стильдің
ерекшелігі – адамдағы белгілі бір сезімді, мысалы, қызғаныш, кек, махаббат сияқты
күйлерді алады да, соларды аса зорайтып жырлайды.
Сюжеттік құрылыс пен суреттік идеяларының ӛзгешеліктері «Дағыстан»
поэмасында анық мәдениетті романтикалық поэмалардың қалпынан аумай, бар
талабына сай шыққан.
Бірақ осымен қатар ақынның санасында шығыстық немесе жалпы дінге нанған
адамдардың бәрінде болатын бұлдырға нанғыштық, суевериеге бой ұрғандық айқын
кӛрінеді.
Осымен «Дағыстан» поэмасы ұлы ақын Абайдың ӛзі жазбаған үлгідегі
шығарма болады. Басталу негізінде, үлгі алуда, орыс классик әдебиетіне Абайдың
барғанындай Ақылбай да барады. Бірақ Абай орыстың анық классиктік қасиет пен
сананы танытқан реалистік әдебиеттің ұлы дәстүрін ӛзіне үлгі етіп алса, бұның жолын
қуған және де ізденгіш жас ақын орыстың романтикалық стиліне кӛбірек еліктеген
болады.
Әдебиеттер
1.°ñåçîâ Ð.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºñ –
îðûìäàðûìû» ðòñäåìòòåðiìå àðìàë¹àì. - À. 1991.
2.ƽíàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.
3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiìi» òàðèõû. - À. 1994.
4.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àðûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.
5.Ѿéiìø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiìi» òàðèõû. - À. 1997.
6. Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. - А.,1994
7. Әуезов М. Абай Құнанбаев. –А., 1985
Достарыңызбен бөлісу: