ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ФАРМАКОЛОГИЯ МОДУЛІ
Тақырыбы: Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын дәрілік заттардың жіктелуі, жалпы сипаттамасы және қолданылуы (3 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін)
Құрастырған: м.ғ.к. Есетова Қ.Ө.
Алматы, 2020
Жүрек қан-тамыр жүйесі патологиялары жер шарында өлімшілдіктің негізгі себебі б.т.
Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 2011 жылы жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларынан 51,3 мың адам қайтыс болған, бұл көрсеткіш жалпы өлімшілдіктің 35,5% құрады.
Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын дәрілік заттар
1. Жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия, миокард инфаркты) қолданылатын дәрілік заттар
2. Жүрек ритмінің бұзылыстарында (аритмиялар, блокадалар) қолданылатын заттар
3. Артериялық қысымның өзгеруімен жүретін патологияларда (гипертензия, гипотензия) қолданылатын заттар
4. Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын заттар
5.Жүректің қабыну ауруларында (эндокардит, миокардит, перикардит) қолданылатын заттар
6.Жүрек қақпақшаларының ақауларында қолданылатын заттар
Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын заттар
Жүрек жетіспеушілігінің себептері:
-қанның көлемінің немесе артериялық қысымның жоғарылауына байланысты жүрекке жүктеме түсу (жүректің ақауларында, гипертониялық ауруда, өкпе ісінуінде),
-миокардтың жиырылғыштық қасиетінің төмендеуі (миокард инфарктында, инфаркттан кейінгі кардиосклерозда, жүрек аневризмасында),
-миокардтың дегенеративтік өзгерістерінде
(кардиодистрофияларда)
Жүрек жетіспеушілігінің түрлері
даму ерекшелігі бойынша
- жедел жүрек жетіспеушілігі
- созылмалы жүрек жетіспеушілігі
орналасуы бойынша
- солжақ қарыншалық ЖЖ
- оңжақ қарыншалық ЖЖ
Клиникалық көріністері бойынша
-I сатысы – физикалық жүктемеде дамитын ентікпемен, тахикардиямен, шаршағыштықпен көрінеді,
-II сатысы – ағзаларда және тіндерде қайтымды функционалды бұзылыстар байқалады,
-III сатысы – ұзақ уақыт гипоксияға байланысты ағзада морфологиялық өзгерістердің дамуы.