20
үстем, қайырымы мол Алла тарапынан
түсірілген (5-6). Олардың дені (жаза тартуға)
үкім етілуге тиісті болды. Ендеше олар иман
айтпайды (7). Шынын айтайық, біз олардың
мойнына иектетіп отырып ажырғы (тақтай)
байладық. Сол үшін де олардың бастары
иілмейді (яғни иманға келмейді, бас имейді)
(8). Олардың алдына да, артына да қалқан
қойдық, көздерін көлегейлеп тастадық.
Сондықтан да олар (иман жолдарынан)
еш нәрсе көрмейді (9). Ескертесің бе,
ескертпейсің бе, оларға бәрібір, иман
келтірмейді (10). Сен тек Құран (жолына)
ерген, мархаматы мол Алланы көрмей-ақ
(одан) қорыққан адамды ескерте аласың.
Алланың жарылқайтынын, ең жақсы сауап
(берілетінін) айтып, қуанышты хабар бер
(11). Өлгендерді біздің тірілтетінімізге
дау жоқ, (бұл дүниеде) олардың істеген
істерінің, ізгіліктерінің бәрін жазып қоямыз.
Бүкіл жаратылысты біз айқын дәптерге
(лаухулмахфузға) толық жазып қойғанбыз
(12).»