ҚАБІР БАСЫНДА ДҰҒА ЖАСАУ
Мәйіт жерленген соң жамағаттың аз
уақыт кідіріп, оған дұға жасауы, Алладан
кешірім тілеуі, Құран оқуы – сүннет. Осман
ибн Аффан (р.а.) былай дейді: «Пайғамбар
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
мәйітті жерлеп болған соң қабір басында
тұрып: «
Бауырларың үшін кешірім тілеңдер
және оған Алладан беріктік сұраңдар.
Расында ол қазір сұралуда
деген» (Әбу
Дәуд. 3/209).
Қабір басында Құранның кез келген
сүресін оқуға болады. Бірақ «Фатиха»,
«Ықылас» сүрелерін оқу халқымызда дәстүр
болып қалған.
Достарыңызбен бөлісу: |