МҰСЫЛМАННЫҢ 40 ПАРЫЗЫ
Қырық парыздың мағыналарын түсініп,
жіктеп-жіктеп білу әрбір мұсылманның
парызы. Олар: Қырық парыздың 5-і
Исламда, 7-і Иманда, 12-і Намазда, 3-і
Ғұсылда, 4-і Дәрет алуда, 4-і Тайяммүмде,
2-і Әмір Мағруф Нәхи Мүнкерде, 2-і Хайыз
Нифаста, 1-і Білім іздеуде екен.
Олар төмендегілер:
Исламда 5-і :
1. 1. Иман – Алланың бір екеніне,
Мұхаммед Пайғамбар оның әрі елшісі
және құлы екеніне сену.
2. Намаз – Күнделікті бес уақыт
намазды өз уақытында орындау.
30
3. Ораза – Қасиетті Рамазан айында
ораза тұту.
4. Зекет – Мал-дүниесінің кірін
шығарып тұру.
5. Қажылық – Шамасы жеткен қажыға
бару.
Достарыңызбен бөлісу: |