Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы



бет68/80
Дата05.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#1935
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80

ӘЛЕУМЕТТАНУ


ПӘНІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1 вариант


1. Әлеуметтану пәні нені зерттейді ?
А/. Адамның ішкі дүниесі мен ойы
В/. Әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт
С/. Қоғам
Д/. Қоғамның бұрынғы өмірі

  1. Әлеуметтанудың негізін қалаған кімдер ?

А/. Т.Гоббс, Дж.Локк
В/. К.Маркс, Ф. Энгельс
С/. Платон, Аристотель
Д/. О.Конт, Г.Спенсер

  1. Мемлекеттік құрылым жетік қызмет атқаруы үшін "орта топ" маңызын тұңғыш ашқан ойшыл кім ?

А/. Демокрит
В/. Аристотель
С/. Платон
Д/. Дж. Локк

  1. Социология терминін кім алғаш қолдады ?

А/. О.Конт
В/. Т.Гоббс
С/. Г.Спенсер
Д/. М.Вебер

  1. "Аномия" түсінігін кім қолданды ?

А/. Э. Дюркгейм
В/. Г.Спенсер
С/. О.Конт
Д/. С. Хапенцукер

  1. Қандай теория жалпы әлеуметтанулық болып саналады ?

А/. макроәлеуметтанулық және микроәлеуметтанулық
В/. орта деңгей теориясы
С/. арнайы теориялар
Д/. тұлғалар арасындағы қарым-қатынас теориясы

  1. О.Конт, Г.Спенсер, Э. Дюркгейм қандай теорияның негізін қалады ?

А/. функционалистік
В/. символикалық интеракционизм және этнометодология
С/. дау-жанжал теориясы
Д/. тарихи материализм

  1. К.Маркстің пікірінше тарихтың қозғаушы күші болып табылатын фактор ?

А/. пассинарлық /белсенділік жоқтығы/
В/. таптық күрес
С/. этно-ұлттық жанжал
Д/. өркениеттер бәсекесі

  1. Р.Дарендорфтың пікірінше әлеуметтік жанжалдың басты себептері қандай аймақтарда болады ?

А/. меншіктік қатынастарда
В/. биліктік қатынастарда
С/. ұлтаралық қатынастарда
Д/. партиялар арасындағы қатынастарда

  1. Көпмәтінді жинақтардағы әлеуметтік ақпараттар мазмұнын сандық өлшем әдісі қалай деп аталады ?

А/. психосұрыптау
В/. әлеуметтік өлшем
С/. контент-сұрыптау
Д/. семантикалық ретсіздік

  1. Әлеуметтік сұрақ қандай нысандарда жүргізіледі ?

А/. анкеттік сұрақ және сұхбат
В/. тест және әлеуметтік өлшемдік сұрақтар
С/. контент-сұрыптау және сана-тілдік сұрыптау
Д/. байқау және сұрыптамалық

  1. Әлеуметтік сұрау жүргізудің қандай түрлері белгілі ?

А/. тікелей және сырттай
В/. бәрінен бірдей және таңдап сұрау
С/. бұқаралық және талдап-таңдау
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Қандай әдістер сапалық әдістер болып саналады ?

А/. Фокус-топтар және қосымша бақылау
В/. Анкеттік сұрақ және контент-сұрыптау
С/. Статистикалық - есептік
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Зерттеу объектісінің бүкіл құрамы мен тікелей талдауға бөлек құрамы арасындағы жақын сәйкестік қандай түсінікпен белгіленеді ?

А/. верификация
В/. репрезентативтік
С/. континуум
Д/. тұжырымдық

  1. Қандай жағдайда таңдау шеңбері басты жиынтықтың 10 процентін құрайды?

А/. егер басты жиынтық 500 бірліктен көп болмаса
В/. егер басты жиынтық 1000 бірліктен көп болмаса
С/. егер басты жиынтық 5000 бірліктен көп болмаса
Д/. егер басты жиынтық 10000 бірліктен көп болмаса

  1. Т.Парсонс әлеуметтік әрекеттің қандай құрылымдық элементтерін бөліп шығарады ?

А/. қайраткер, жағдай, қайраткердің жағдайға бейімделуі
В/. әрекет субъектісі мен объектісі
С/. әрекет субъектісі, объектісі мен пәні
Д/. тұтыныс, мақсат, іс-әрекет

  1. Қандай әрекеттерді М.Вебер әлеуметтік ретінде анықтады ?

А/. мақсатты-пайдалы және құндылықты-пайдалы
В/. аффективтік /өз әрекетіне мән бермеу/
С/. дәстүрлі
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Әлеуметтік өзара байланыс қандай деңгейлерде зерттеледі ?

А/. төмен деңгейде
В/. жоғары деңгейде
С/. жоғары және төмен деңгейде
Д/. жеке даралықтар арасында

  1. Берілген тұжырым жеке даралықтар өзара байланыстары теорияларының қайсысына тән "Адамдар бір-бірімен пікір алмасу үрдісі кезінде бір-бірін қалай түсінуіне сәйкес өзара байланысқа түседі"

А/. айырбас теориясы
В/. символикалық интеракционизм
С/. этнометодология
Д/. әсерлерді басқару теориясы

  1. Әлеуметтендіру жүрісін қандай факторлар айқындайды ?

А/. биологиялық
В/. әлеуметтік
С/. жеке даралық және әлеуметтік
Д/. психобиологиялық

  1. Әлеуметтендірудің әлеуметтік тетіктеріне не жатады ?

А/. оқыту және тәрбиелеу
В/. үгіт-насихат және күш қолдану
С/. сән
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Қай мезгілде әлеуметтендіру үрдісі өте тез жүреді ?

А/. толыққанды есейген жасқа дейін
В/. зейнетақы жасында
С/. белсенді еңбек қызметі кезінде
Д/. балалық шағында

  1. Қай түсініктің басқаларға қарағанда мағынасы тар ?

А/. ауытқушылық мінез-құлық
В/. қылмыстық мінез-құлық
С/. бұзақылық мінез-құлық
Д/. олардың бәрінің мағынасы тең

  1. Қай теорияға сәйкес, ауытқушылық себебі капиталистік қоғам ежелеріне қарсы тұру болып түсіндіріледі ?

А/. биологиялық
В/. аномия
С/. радикальды криминология
Д/. стигматизация теориясы

  1. Әлеуметтік стратификация теориясы негізінде кімдердің идеясы жатыр ?

А/. Сократ, Демокрит, Цицерон
В/. М.Вебер, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон, К.Дэвис
С/. К.Маркс, Ф. Энгельс
Д/. Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш-Л Монтескье

  1. Әлеуметтік стратификация теориясы жақтастары қазіргі қоғам құрамында қандай жіктерді бөледі ?

А/. жоғарғы, орта және төменгі
В/. жұмысшылар, шаруалар және зиялылар
С/. басқарушылар мен бағыныштылар
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Адамның қоғамдағы жағдайының қоғамдық санада бағалануын қандай түсінік көрсетеді ?

А/. әлеуметтік мәртебе
В/. әлеуметтік аскрипция
С/. әлеуметтік роль
Д/. әлеуметтік - бедел

  1. Әдетте жеке адамдар қоғамдағы ең көрнекті орындарға қандай жолмен жетеді ?

А/. аскрипция
В/. аномия /түсінбеу/
С/. жетістік
Д/. обструкция/ жамандау/

  1. Адамдардың қандай бірлестігі айқын ұлттық сәйкестікке, ортақ заң жүйесіне, айқын жағырафиялық аймаққа ие ?

А/. этнос
В/. басты жиынтық
С/. әлеуметтік тап
Д/. қоғам

  1. Әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастарды анағұрлым жоғары дамыған қазіргі қоғамдарды қандай түрге жатқызады ?

А/. өтпелі
В/. жаңа жаңғырту /постмодернистік/
С/. дәстүрлі
Д/. жоғарыда аталғандардың бәріне

  1. Отбасы және некелік қарым-қатынас ережелері не болып табылады ?

А/. ұжымдық әдет
В/. өмір үлгісі
С/. дәстүр, әдет
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Неке нысаны негізінде отбасының қандай түрлері бөлінеді ?

А/. нуклеарлық және кеңейтілген
В/. патриархальдық, матриархальдық, элитарлық
С/. полигамия және моногамия
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Білім беру институты шеңберінде қандай негізгі ролдер бар ?

А/. пастор мен табынушылар
В/. құқық объектісі мен субъектісі
С/. әке, шеше, бала
Д/. оқытушы мен оқушы

2 вариант


1. Әлеуметтану қандай ғылымдармен тығыз байланысты?
А/. демография, психология, антропология
В/. биология, география, физика
С/. математика, астрономия.
Д/. әдебиет, тіл білімі, парапсихология.

  1. Қандай топты Платон "үлгілі мемлекетке" кіретін азаматтар етіп бөліп көрсетті?

А/. Ақсүйектер, олигархтар, демократтар
В/. Пәлсапашылар, әскерилер, жер өңдеуші мен қолөнершілер
С/. Өте байлар, өте кедейлер, орта дәрежелілер
Д/. Жоғарғы топ, ортаңғы топ, төменгі топ.

  1. "Үлгілі мемлекеттің сана мен ғана сезінетін бейнесін жасаудан гөрі адамдардың шыны өмірін зерттеуге назар аударған тұңғыш ойшыл кім?

А/. Н. Макиавелли
В/. Т. Гоббс
С/. О.Конт
Д/. М.Вебер

  1. О.Конттың, Г.Спенсердің, Э. Дюркгеймнің қоғамға деген көзқарасын қандай тұрғыда қарауға болады?

А/. идеалистік
В/. социал-дарвинистік
С/. органистік
Д/. экстибиционистік

  1. К.Поппердің түсінігі бойынша қандай басты ұстаным ғылыми-әдістемелік түсінігін айқындайды?

А/. Фальсификациялық /шындықты алмастыру/
В/. құндылық бейтарап
С/. Верификация
Д/. Ревизионистік /қайта өңдеу/

  1. Макроәлеуметтанулық теориялар нені түсіндіреді?

А/. әлеуметтік институттардың қарым-қатынасы, әлеуметтік қатнастардың жолы
В/. тұлғалар арасындағы байланыстар
С/. макростардың жүйеге әсері
Д/. жекетұлғалардың әлеуметтену үрдісі

  1. Т. Парсонс, Р.Мертон, К.Дэвис қандай теорияларды құрастырды?

А/. функционалистік
В/. символикалық интеракционизм және этнометодология
С/. дау-жанжал теориясы
Д/. тарихи материализм

  1. К. Маркстың пікірінше әлеуметтік жанжалдардың басты себебі болып табылатын фактор не?

А/. экономикалық
В/. саяси
С/. идеологиялық
Д/. мәдени

  1. Эмпириялық әдістер дегеніміз не?

А/. әлеуметтік фактілерді жинау түрі
В/. әлеуметтік шындықты танудың анағұрлым жалпы моделі
С/. ойлау, бағалау түрі
Д/. әлеуметтік шындықты түсіндіретін әдіс.

  1. Көріністер мен үрдістер арасындағы себеп-салдар қатынастарын айқындауда көбіне-көп қандай әдіс қолданылады?

А/. құжаттарды талдау
В/. эксперимент
С/. нормативті-құндылықтық
Д/. тест жүргізу

  1. Құжаттарды талдау әдісі қандай көздерден ақпарат алуға мүмкіндік береді?

А/. жазба көздер
В/. жазу машиналарында сақталатын көздер
С/. фонетикалық және сурет-кестелік
Д/. жоғарыда айтылғандардың барлығы

  1. Әлеуметтік бақылау жүргізудің қандай түрлері белгілі?

А/. Есепті бекітілген және есепті бекітілмеген
В/. Далалық және зертханалық
С/. Қосылған және қосылмаған
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Қандай әлеуметтік зерттеулердің пәні мен әдісі бірдей, ал объектісі әртүрлі

А/. кездейсоқ сұрау
В/. қайталап сұрау
С/. салыстырмалы сұрау
Д/. байқау үшін сұрау

  1. Әлеуметтік зерттеу объектісі болып не табылады?

А/. негізделген ой-тұжырым
В/. айқындалуы тиіс нәрсе
С/. зерттеліп, талданып жатқан нәрсе
Д/. әлеуметтік дискурс

  1. Социологтар өз зерттеулерінде қандай таңдауды қолданады ?

А/. кенеттен таңдау
В/. мүмкіндік таңдау
С/. өз қалауы бойынша
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Адам әрекетінің басты мән-мағына беруші факторы не болып табылады?

А/. тұтыныс
В/. құндылықтық бейімделу
С/. мақсаттар
Д/. мүдделер

  1. Т.Парсонстың пікірінше қайраткердің жалпы ережеге бағынуына немесе ерекше сәттерді ескеруіне қандай "ауыспалы әрекет түрлері" куә болады?

А/. мақсатқа жету - орындаттыру
В/. аффективтік - бейрәсми
С/. әмбебап - тәжірибелік
Д/. ерекшелік - қосқабаттылық /диффузность/

  1. Берілген тұжырым жеке даралықтар өзара байланыстары теорияларының қайсысына тән "Адамдар бір-бірімен өз тәжірибесі негізінде мүмкін пайдалар пен шығындарды есептей отырып өзара байланысқа түседі?

А/. айырбас теориясы
В/. символикалық интеракционизм
С/. этнометодология
Д/. әсерлерді басқару теориясы

  1. Берілген тұжырым жеке даралықтар өзара байланыстары теорияларының қайсысына тән, "Адамдар бір-бірімен жас шағында пайда болған үлгілер мен осы кезеңде басынан кешірген егестер әсерімен өзара байланысқа түседі?”

А/. қайғы-қасірет тұжырымы
В/. символикалық интеракционизм
С/. психосұрыптау
Д/. этнометодология

  1. Әлеуметтендіру агенттеріне не жатады?

А/. тұтыныстар, мүдделер, құндылықтар
В/. отбасы, қатарластары, мектеп, БАҚ
С/. сезім, ерік, еске сақтау және ойлау қабілеттері
Д/. жынысы, жасы, мінезі, денелік құрылымы

  1. Әлеуметтендіру қай мезгілден басталады?

А/. адамның дүниеге келген уақытынан
В/. адамның мектепке барған уақытынан
С/. кәмелетке толған уақытынан
Д/. толыққанды есейген уақытынан

  1. Қай теорияға сәйкес, ауытқушылық себебі адамның дене дамуы ерекшелігі болып түсіндіріледі?

А/. биологиялық
В/. аномия
С/. психосұрыптау
Д/. стигматизация

  1. Әлеуметтендіру теорияларының қайсысы, оны адамның танымдық мүмкіндіктерінің даму үрдісі ретінде айқындайды?

А/. когнитивтік
В/. психосұрыптау
С/. символикалық интеракционизм
Д/. мәдени бегделік

  1. Ақша, билік, бедел сияқты әлеуметтік құндылықтарға жетудегі адамдар мүмкіндігі бірдей болмайтын жағдай қалай анықталады?

А/. жаратылыстық айырмашылық
В/. әлеуметтік теңсіздік
С/. әлеуметтік айырмашылық
Д/. жаратылыстық теңсіздік

  1. Әлеуметтік стратификация теориясы жақтастарының көзқарастары бойынша әлеуметтік теңсіздік негізі неде ?

А/. жеке меншіктің болуы
В/. билік үшін күрес
С/. таптық күрес
Д/. қоғамдағы еңбек бөлінісі

  1. Адамның нақты анықталған құқықтар мен міндеттерге сәйкес қоғамдағы жағдайын қандай түсінік көрсетеді ?

А/. әлеуметтік мәртебе
В/. әлеуметтік аскрипция
С/. әлеуметтік роль
Д/. әлеуметтік - бедел

  1. Бір әлеуметтік роль адамға қарама-қайшы талаптар қоятын жағдайды қандай түсінік бейнелейді?

А/. рольдік жинақ
В/. рольдік егес
С/. рольдік бұлқыныс
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы.

  1. Қоғамдық қорларды пайдалану арқылы нақты әлеуметтік тұтыныстарды қанағаттандыруға арналған мәртебелер мен рольдер жиынтығы қай түсінікпен белгіленеді?

А/. әлеуметтік институт
В/. әлеуметтік орта
С/. басты жиынтық
Д/. рольдік жүйе

  1. Қоғамдық-экономикалық формация теориясы шеңберінде қоғам қандай түрлерге бөлінеді?

А/. ежелгі дүние, құл иленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік
В/. христиан, мұсылман, конфуциан
С/. аң аулау, жер шаруашылығы, өнеркәсіпті
Д/. дәстүрлі, қазіргі, жаңа

  1. Отбасы және неке институтының ең бастапқы тұтынысы неде ?

А/. ұрпақ жалғастыру
В/. қауіпсіздік пен әлеуметтік тәртіп
С/. өмір сүруге қаражат табу
Д/. білім беру, мамандар даярлау

  1. Отбасы және неке институтының негізгі қызметтері қандай?

А/. бала тәрбиелеу, үлкендерге қамқор болу
В/. тамақ, киім, баспана табу
С/. ережелер мен заңдарды қолдау
Д/. әлеуметтік үрдістерге жаңа құндылықтар әкелу

  1. Білім беру институтының ең негізгі тұтынысы неде?

А/. қауіпсіздік пен әлеуметтік тәртіп
В/. өмір сүруге қаражат табу
С/. өмір мағынасын іздеу, рухани мәселелерді
Д/. білім, құндылықтар, тәжірибе беру.

  1. Білім беру институтының заттық-мүліктік бейнесін не көрсетеді?

А/. үй, баспана
В/. фабрика, кеңсе
С/. қоғамдық орындар мен ғимараттар
Д/. мектеп, университет, кітаптар
3 вариант
1. Әлеуметтану қандай қызметтерді атқарады?
А/. танымдылық және әдістемелік
В/. социотехникалық және басқарушылық
С/. диагностикалық және болжау қызметі
Д/. жоғарыда айтылғандардың бәрі.

  1. Платонның ойынша "үлгілі мемлекет" азаматының қандай топқа жататынын не анықтау керек?

А/. табиғи қабілеті мен дарыны
В/. жеке меншігінің болуы
С/. биліктің болуы
Д/. шығу тегі

  1. О. Конттың пікірінше адамзат ақыл-ойының дамуы неше танымдық сатыдан өтті?

А/. теологиялық, метафизикалық, позитивтік
В/. мифологиялық, философия-этикалық, діни, азаматтық, әлеуметтік
С/. идеалистік, материалистік
Д/. метафизикалық, диалектикалық

  1. О.Конт өзінің теориясын қандай бөліктерге бөлді?

А/. физика және метафизика
В/. әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика
С/. әлеуметтік құрылым және әлеуметтік қызмет
Д/. материалистік және эмпириокритицистік

  1. Социология өз зерттеуінде қандай әдістерді қолданады?

А/. жалпы логикалық
В/. теоретикалық
С/. эмпириялық
Д/. жоғарыда көрсетілгендердің бәрі

  1. Қандай теориялар макроәлеуметтануға жатады?

А/. функционалистік және дау-жанжал теориясы
В/. символикалық интеракционизм және этнометодология
С/. айырбас теориясы мен психосұрыптау.
Д/. адамгершілік даму теориясы және танымдық мүмкіндіктер даму теориясы

  1. "Әлеуметтік тұтастық елдің көптеген азаматтарының құндылықтардың біртұтас жүйесіне табынуы негізінде пайда болады", - деген тұжырым қай теорияға тән ?

А/. функционалистік
В/. символикалық интеракционизм және этнометодология
С/. дау-жанжал теориясы
Д/. айырбас теориясы

  1. "Қоғамдық құрылым адамдардың бір тобының басқаларға үстемдігіне негізделген",- деген тұжырым қай теорияға тән?

А/. дау-жанжал теориясы
В/. функционалистік
С/. айырбас теориясы
Д/. жаңа феминизм

  1. Қандай әдістер эмпириялыққа жатады?

А/. сұрыптау, синтез, индукция, дедукция
В/. абстрагирования, моделирования
С/.нормативті-құндылық, социо-детерминистік, психологиялық, мәдени.
Д/. құжаттарды сұрыптау, бақылау, эксперимент, сұрау, тестілік сұрақтар

  1. Адамдар мінез-құлқын көзбен көріп және мұқият тыңдау арқылы мақсатты түрде ақпарат жинау әдісі қалай

деп аталады?
А/. контент-сұрыптау
В/. әлеуметтік өлшемдік сұрақ
С/. эксперимент
Д/. бақылау

  1. Адамдар санасының жеке ерекшеліктері туралы терең және нақты ақпарат алуды қандай әдіс қамтамасыз етеді?

А/. контент-сұрыптау
В/. анкеттік сұрақ
С/. әлеуметтік - өлшемдік сұрақ
Д/. сұхбат

  1. Әлеуметтік эксперименттің қандай түрлері белгілі?

А/. бақылаудағы және бақылаусыз
В/. далалық және зертханалық
С/. шыни және үлгілі-бейнелік
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Зерттеу объектісінің тікелей талдауға жататын элементтердің жиынтығы қандай түсінікпен белгіленеді?

А/. болжам
В/. басты жиынтық
С/. таңдау
Д/. зерттеу пәні

  1. Әдетте таңдау қандай жағдайда құрылады?

А/. егер басты жиынтық 500 бірліктен көп болса
В/. егер басты жиынтық 1000 бірліктен көп болса
С/. егер басты жиынтық 5000 бірліктен көп болса
Д/. егер басты жиынтық 10000 бірліктен көп болса

  1. Қандай әрекеттер әлеуметтік болып айқындалады?

А/. басқа адамдарға бағытталған әрекеттер
В/. адамның кез-келген әрекеті
С/. адамның мақсатты әрекеті
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. М. Вебер әлеуметтік әрекеттің "үлгілі түрлерін" қандай негізде бөліп шығарды?

А/. әрекеттегі саналы, пайдалы элементтер деңгейі
В/. қайраткердің өзіне және өзгелерге бағытталуы
С/. әрекет іске асырылуының аймағы
Д/. әрекет заңдылығының түрлері

  1. Әлеуметтік байланыс өзін неде көрсетеді?

А/. әлеуметтік контакт
В/. әлеуметтік өзара әрекет
С/. әлеуметтік қатынастар
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Берілген тұжырым жеке даралықтар өзара байланыстары теорияларының қайсысына тән, "Адамдар бір-бірімен жазылмаған ережелер әсерімен өзара байланысқа түседі?"

А/. айырбас теориясы
В/. символикалық интеракционизм
С/. этнометодология
Д/. әсерлерді басқару теориясы

  1. Әлеуметтендіру түсінігі нені білдіреді ?

А/. даралықтың биологиялық дамуы
В/. әлеуметтік орталық құндылықтар жүйесінің бұзылу үрдісі
С/. адамның жеке даралық ретінде қалыптасуы мен дамуы
Д/. жеке адам жүйесіздігінің үрдісі

  1. Әлеуметтендірудің психологиялық тетіктерге не жатады ?

А/. имитация /жасанды қайталау/
В/. текестік /идентификация/
С/. кінә мен ар-ұят сезімдері
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы.

  1. Әлеуметтендіру қай мезгілде бітеді?

А/. адамның дүниеден кеткен уақытынан
В/. мектепті бітірген уақытынан
С/. кәмелетке толған шағында
Д/. толыққанды есейген уақытта

  1. Әлеуметтендіру теорияларының қайсысы, оны адамның санасыз ұмтылыстарды бақылай білуге үйрену үрдісі ретінде анықтайды ?

А/. когнитивтік
В/. психосұрыптау
С/. символикалық интеракционизм
Д/. мәдени бөгделік

  1. Қай теорияға сәйкес, ауытқушылқ себебі әлеуметтік ынталы мақсаттар мен оларға жету құралдары арасындағы алшақтық болып түсіндіріледі ?

А/. биологиялық
В/. аномия
С/. радикальды криминология
Д/. стигматизация теориясы

  1. Әлеуметтік стратификация дегеніміз не?

А/. әлеуметтік жіктер жиынтығы
В/. әлеуметтік теңсіздікті түсіндіретін теория
С/. әлеуметтік жіктерді зерттеу әдісі
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы
25. Әлеуметтік топқа қандай мінездеме тән?
А/. құрамының біртектілігі мен тұтастық
В/. өз шегінің айқындалуы мен тұрақтылығы
С/. ортақ мүдделерінің болуы және нақты әрекет түрлерін іске
асыру қабілеті
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы
26. Адамның қоғамдағы жағдайына сәйкес мінез-құлқын қандай түсінік көрсетеді?
А/. әлеуметтік мәртебе
В/. әлеуметтік аскрипция
С/. әлеуметтік роль
Д/. әлеуметтік - бедел

  1. Әлеуметтік мәртебелердің қандай түрлері бар?

А/. негізгі және негізгі емес мәртебе
В/. жас ерекшелігі және отбасылық мәртебе
С/. оған берілген және өз қолымен жеткен мәртебе
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы,

  1. Әлеуметтік ортаның ең ірі бөлшегі не болып табылады?

А/. әлеуметтік институт
В/. әлеуметтік топ
С/. әлеуметтік тап
Д/. қоғам

  1. Қоғамды жаңғырту /модернизация/ өзіне қандай үрдістерді қосады?

А/. нарық пен өнеркәсіптік дамудың жеделдеуі
В/. қалаға көшу /урбанизация/ мен мемлекеттік аппараттың күшеюі
С/. жеке бостандықтар мен демократиялық үрдістердің өркендеуі
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Адамзат басына тұқымдық қасірет әкелетін не?

А/. ретсіз некелік қатынастар
В/. қан араласушылыққа тыйым салу
С/. адамзаттық рулық қауымға өтуі
Д/. отбасының пайда болуы

  1. Әлеуметтік институт ретінде отбасы негізі неде?

А/. неке
В/. қандас туыстық
С/. бала асырап алу
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Білім беру институтының негізгі қызметтері қандай?

А/. балалар тәрбиелеу, оларға қамқорлық жасау
В/. заңдар мен ережелерді қолдау
С/. оқыту мен тәрбиелеу
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы.

  1. Білім беру жүйесінің құрылымдық элементтері не болып табылады?

А/. бастауыш мектеп
В/. орта мектеп
С/. жоғары мектеп
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Қазақстанда қандай білім жүйесі бар?

А/. мемлекеттік
В/. жеке
С/. діни
Д/. жоғарыда аталғандардың барлығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет