Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы



бет73/80
Дата05.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#1935
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80
2 вариант
1. О.Конттың пікірінше әлеуметтанудың қоғамдық өзгерістер мен құбылыстарды зерттейтін бөлігі қалай деп аталады ?
а/. әлеуметтік статика
б/. әлеуметтік динамика

  1. О.Конттың пікірінше әлеуметтік құрылымның ең бастапқы негізі не ?

а/. отбасы
б/. топ
в/. тап

  1. О.Конт билік бөлінісін қалай көрсетті ?

а/. заң шығару мен атқару билігі
б/. зиялы мен діни билік
в/. заң шығару, атқару, сот биліктері

  1. Л.Кетле пікірінше әлеуметтік жағдайға тұрақты әсер етуші факторлар қалай деп аталады ?

а/. әлеуметтік константтар
б/. кездейсоқ факторлар
в/. орталық ағым

  1. Г.Спенсер пікірінше адамдардың бірлескен өмірінің өзін-өзі ұйымдастыру механизмдері …

а/. мемлекет бойында жинақталады
б/.әлеуметтік институттарда жинақталады
в/. жеке адамдар өзара байланысында пайда болады

  1. Г.Спенсер пікірінше мемлекет құрған күш не ?

а/. адамдар ұйымдасуы
б/. соғыс пен еңбек
в/. адам санасының дамуы

  1. К.Маркс пікіріне сәйкес адамзат дамуының бір формациядан екіншіге алмасу қорытындысы неде ?

а/. өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылық
б/. саяси тоқырау
в/. басқа дамыған ел жаулап алуы

  1. Л. Гумплович пікірінше мемлекет…

а/. қоғамдық шарт нәтижесінде құрылды
б/. жаулап алу нәтижесінде құрылды
в/. отырықшылық өмірге көшу нәтижесінде құрылды

  1. Г. Ратценхофер адамның өз тұқымын жалғастыру мен қорғау мүддесін қалай деп атады ?

а/. әлеуметтік мүдде
б/. жеке мүдде
в/. прокреативтік мүдде
г/.трансценденттік мүдде

  1. У.Самнер ойынша қоғам дамуының рухани негізі неде ?

а/. жеке адамдар түсініктері
б/. ұлттық әдет-ғұрыптар
в/. жалпы адамзаттық құндылықтар

  1. Әлеуметтік үрдістердің қоғамдық сана ықпалымен туып, дамығандығын жақтайтын тұжырым қалай деп аталады ?

а/. жеке-даралық тұжырымы
б/. топтық тұжырым
в/. социетарлық тұжырым

  1. Л.Уорд шығармашылық рухты, жаңалыққа бейімділікті өркениеттің психикалық факторларының қай тобына жатқызды ?

а/. субъективті факторлар
б/. объективті факторлар
в/. әлеуметтік синтез факторлары

  1. Ф.Гидденс теориясының төмендегі ұғымдарын жұптастыр:

А. саналы күш I объективті-табиғи фактор
Б. санасыз күш II субъективті-психологиялық фактор
а/. А-I, Б-II б/. А -II Б-I

  1. Ағылшын социолог-ғалымы У.Мак-Дугалл адам негізгі инстинктері мен сезімдерінің қанша жұбын бөліп шығарды ?

а/. екі жұп
б/. бес жұп
в/. жеті жұп

  1. Ф.Тард пікірінше соқыр сенім, қызбалық, жалған мақсат төмендегі адамдар тобының қайсына тән ?

а/. бірлестік
б/. әлеуметтік топ
в/. тап
г/. тобыр

  1. Г.Лебон пікірінше адам іс-әрекетінің жасырын қоздырушыларын /инстинкті әрекеттер/ не қалыптастырады ?

а/. теориялық оқып-үйрену
б/. қолданбалы тәжірибе жинау
в/.мұрагерлік әсер

  1. З.Фрейд теориясына сәйкес адам өмірі үздіксіз күрес…

а/. байлар мен кедейлер арасындағы
б/. адамның жеке ойы мен қоғамдық пікір арасындағы
в/. жыныстық қанағат алу мен моралдық шектеу арасындағы

  1. З.Фрейдтің атақты либидо түсінігі, бұл…

а/. сана-психикалық энергия
б/. жыныстық-психикалық энергия
в/. әдет-психикалық энергия

  1. Баланың өз анасына санасыз, жыныстық сезімін З.Фрейд қалай деп атады ?

а/. Ахиллес комплексі
б/. Эдип комплексі
в/. Зевс комплексі

  1. Италия социолог-ғалымы В.Парето пікірінше әлеуметтану қандай ғылыми сала болуы тиіс

а/. теориялық
б/. логика-эксперименттік
в/. қолданбалы-тәжірибелік

  1. В.Парето барлық әлеуметтік әрекеттерді екі топқа бөлді. Саясат, экономика, ғылыми аймақтардағы мақсат пен оны іске асыру құралдары бірлігіне негізделген әлеуметтік әрекеттер қай топқа жатады

а/. логикалық әрекеттер
б/. логикаға сыйымсыз әрекеттер

  1. Әлеуметтік өмірдегі ақша ролі мен қызметін зерттеуге арналған тұңғыш еңбек "Ақша философиясының" авторы кім ?

а/. В. Дильтея
б/. Г. Зиммель
в/. Г.Лебон

  1. Ф.Теннис пікірінше адам еркінің екі түрі бар. Соның бірі адамдар қарым-қатынасына жағдай жасайды. Сол қайсысы ?

а/. жаратылыстық ерік
б/. саналы ерік

  1. Неміс социолог-ғалымы Л.Фон Визер пікірінше әлеуметтану қандай ғылыми салалармен тығыз байланысты дамуы тиіс ?

а/. экономика, тарих /әлеуметтік ғылымдар/
б/. психология, биология /жаратылыстық ғылымдар /

  1. Э.Дюркгейм ойынша жаңа заманда адамдардың ұжымдық сана-сезімі біртұтастығын әлсірететін басты фактор не ?

а/. діннің әлсіреуі
б/. көптеген идеологиялық ағымдардың пайда болуы
в/. еңбек бөлінісінің дамуы

  1. Э.Дюркгейм қолданған аномия ұғымы нені білдіреді ?

а/. адамдар мінез-құлқын реттеудің адамгершілік, моральдық механизмдерінің болмауы
б/. адамдар мінез-құлқын реттеудің құқықтық механизмдерінің болмауы
в/. адамдар мінез-құлқының күшпен реттелуі

  1. М.Вебер әлеуметтік әрекеттің төрт түрін көрсетті. Келесі анықтама: "Сыртқы ортадан белгілі бір мінез-құлық түрін күту және бұл күтілісті өз мақсатына жету құралы ретінде пайдалану" қайсысына тән ?

а/. мақсатты-рационалды
б/. құнды-рационалды
в/. аффективтік
г/. дәстүрлі

  1. М. Вебердің келесі анықтамасы: "Этикалық құндылықтарды бастамаға алып, өз мінез-құлқын басқалармен үйлестіру" әлеуметтік әрекеттің қай түріне тән?

а/. мақсатты-рационалды
б/. құнды-рационалды
в/. аффективтік
г/. дәстүрлі

  1. М.Вебер пікірінше өнеркәсіпті қоғамның дәстүрлі қоғамнан басты айырмашылығы неде ?

а/. формалды-рационалды ойлау бастамасының болуы
б/. өндіріс орындарының болуы
в/. жетілген басқару нысаны мен әлеуметтік құрылымның болуы

  1. П.Сорокин пікірінше әлеуметтік үрдістер мен өзгерістерді әлеуметтанудың қай бөлімі зерттеуі тиіс ?

а/. әлеуметтік сұрыптау
б/. әлеуметтік механика
в/. әлеуметтік генетика

  1. Чикаго мектебі социологтарының пікірінше әлеуметтік жағдай өзіне үш өзара байланысты элементті қосады. Әлеуметтік нормалар мен құндылықтар осылардың қайсысына жатады ?

а/. объективті жағдайлар
б/. жеке адам мен топ бастамасы
в/. әрекет істеуші тұлғаның жағдайды пайымдауы

  1. Т.Парсонс пікірінше пайда болған жағдайды шешуге сәйкес екі қызмет түрі болады. Біреуі тұтынысты қанағаттандырып, бір стандартты мінез-құлық түрін беруге бағытталған. Осы қызмет түрі қалай деп аталады ?

а/. мотивациялық қолдау
б/. мінез-құлық мүмкіндіктері

  1. Г.Маркузе пікірінше революциялық күш-қуаты мол әлеуметтік топ, бұл…

а/. жұмысшылар
б/. маргиналдар
в/. діндарлар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет