Назар аударыңыз: Әр дәрістің соңында Сіз уақытында орындауыңыз қажет үй тапсырмасы беріледі. Бұл Сізге жаңа тақырып игеру мен алдыңғы тақырыпты бекітуге көмектеседі.
Сізге үй тапсырмасын дәл көрсетілген мерзімде тапсыру қажет.
Ескерту: Әлеуметтану курсы Сізден әр тақырып сайын берілген қосымша әдебиеттер оқуды талап етеді.
Талап: Бұл пәнді игеру тұрақты, жүйелі еңбектенуді талап етеді. Курсты бағалау түгел семестр бойына жүреді, сондықтан Сіз тек дәріс кезінде ғана емес, өзіндік жұмысқа да белсене қатысуыңыз қажет. Барлық тапсырма көрсетілген мерзімінде орындалуы тиіс. Сіз сабаққа дайындықпен келсеңіз тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, анағұрлым толық ақпарат ала аласыздар. Сіздерге жеке де, топтық та тапсырмалар беріледі. Топтық тапсырманы орындау барысында баға барлығыңызға бірдей қойылады, сондықтан бүкіл топтың белсенділігі бәріңіз үшін қажет. Тапсырма дәл мерзімінде орындалмаса 1-2 балл төмендетіледі. Сіз өз тобыңыз алдында жауапкершілік сезінумен қатар топ табысына өз үлесімізді де қоса аласыз. Сонымен қатар қорытынды баға қатал жекеленген және бұл баға сіздің пәнді оқу барысындағы жеке табысыңыз.
Сіздің бағаңыз барлық жұмыс көлемін түгел игеруге тікелей тәуелді. Сіз барлық сабаққа түгел қатысуға тырысыңыз, себебі өз табысыңыз белсенділігіңізге байланысты. Сабаққа қатысу журналда тіркеледі. Сабаққа кешігіп келмеңіз. Дәріс кезінде бос әңгіме айтпау, ұялы телефондарды айырып тастау қажет. Өз топтастары мен оқытушыларға қатысты ашық, төзімді болу. Мінезі жұмсақ, ұялшақ студенттерге көмектесу қажет.
Тілек: Сіз талап етілген істерді атқарып, өзіңіз лайықты жоғары баға алатындығыңызға сенім білдіре отырып, табыс және белсенділік тілейміз.