1-ТАҚЫРЫП. КІРІСПЕ /2 сағат/ Басқару социология пәні мен оның міндеттері. Басқару социологиясы пәнінде қолданылатын зерттеу әдістері. Басқару социологиясы пәнінде қамтылатын негізгі теориялық тұжырымдар. Пән құрылымы. Басқару социологиясы туралы шетелдік зерттеулер. Басқару социологиясы пәнінің отандық ғылымда қалыптасуы. Д.Көшім зерттеулері. Саяси биліктердің түрлі формалары. Негізгі қоғамдық салалардағы басқару.
2-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК / 2 сағат/ Мемлекет-саяси жүйенің ең басты институты ретінде. Мемлекеттік билік ұғымы. Демократиялық құндылықтар және мемлекеттік билік. Мемлекеттік биліктің қоғам өміріне әсері. Мемлекеттік биліктің қоғамдағы басқа да билік түрлерінен айырмашылығы мен олармен қарым-қатынасы. Мемлекеттік биліктің жергілікті аймақтарға әсері. Саяси үстемдік. Саяси үстемдік туралы М.Вебер зерттеулері. Мемлекеттік билікті іске асыру әдістері мен тетіктері.