Құрастырғандар



бет17/79
Дата13.12.2021
өлшемі1,54 Mb.
#100268
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79
Байланысты:
kniga sociologiya (1)
«Табиғатым- тал бесігім».
б) Мәдениет нысандары

Социологтар мәдениеттің үш нысанын – элитарлы, халықтық және бұқаралық; екі түрін – субмәдениет және контрмәдениетті деп бөледі.

Элитарлы мәдениет. Элитарлы мәдениет қоғамның артықшылыққа ие болған бөлігінің мәдениеті. Ол әсем өнерді, салмақты музыканы және жоғары интеллектуалды әдебиетті қосады. Мыс.: Пикассо салған суретті, не Моцарт әуенін дайындалмаған адамның түсінуі қиын. Ал ондай дайындыққа екінің бірінің қолы жете бермейді. Олар орта білімді адамның қабылдау деңгейінен 20-30 есе озық отырады. Ол мәдениеттің тұтыну шеңбері - қоғамның өте білімді бөлігі. Элитарлы мәдениет формуласы «өнер үшін өнер».

Халық мәдениеті. Халық мәдениеті кәсіби дайындығы жоқ, белгісіз жасампаздар қолымен құрылады. Халық шығармаларының авторы белгісіз. Ол аңыздарды, ертегілерді, эпос, ән, жыр, билерді қосады. Орындалуына сәйкес халық мәдениеті элементтері даралық (аңыз айту), топтық (би не ән орындау) және көпшілік (карнавалдық шеру) болып бөлінеді. Фольклор – сол жердің дәстүріне байланысты және оны жасауға көңілі соққандардың бәрі қатысады.

Бұқаралық мәдениет. Ол ақсүйектердің әсемдік ұнамын не халықтың рухани ізденісін білдірмейді. Оның пайда болу уақыты XX ғасырдың ортасы, яғни бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, баспасөз, теледидар, магнитофон) барлық әлеуметтік топ өкілдерінің қол жеткізуіне мүмкіндік туғызған уақыт. Поп не рок музыка, не көше қойылымдары – бұқаралық мәдениет үлгісі. Ол білім деңгейіне және т.б. қарамастан барлық адамдарға түсінікті және оны бәрі тамашалай алады.

Бұқаралық мәдениет элитарлық не халықтық мәдениетпен салыстырғанда шамалы көркемдік мәнге ие. Ол адамдардың сол қысқа уақыттағы сұранысын қанағаттандырады және кез-келген жаңа оқиғаға қарай ауытқып отырады. Сондықтан бұқаралық мәдениет үлгілері мыс. шлягерлер тез ескіріп, ұмытылады. Элитарлық не халық мәдениеті шығармалары мұндай жағдайға ұшырамайды. Поп мәдениет – бұқаралық мәдениеттің символдық аталуы, ал КИТЧ - оның бір түрі.

Субмәдениет. Қоғамның көпшілік мүшесі басшылыққа алатын салт-дәстүр, сенімдер, құндылықтар жиынтығы доминант – мәдениет деп аталады. Бірақ қоғам әр түрлі топтардан ( ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, кәсіби) тұратындықтан, олардың әрқайсысында өз жеке құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық ережесі, яғни өз мәдениеті қалыптасады.

Субмәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілі мәдени элементтер жүйесі. Жастар субмәдениеті, ұлттық азшылық субмәдениеті, кәсіби субмәдениет сияқты түрлері бар. Субмәдениет бір-бірінен тілі, өмірге көзқарасы, мінез-құлық мәнері, киінуі және т.б. ерекшеленеді. Субмәдениет пен доминант мәдениет арасындағы айырмашылық үлкен болуы мүмкін. Бірақ субмәдениет доминант мәдениетке қарсы тұрмайды, ол оны толықтырады

Контрмәдениет. Ол доминант мәдениетке қарсы тұрушы, үстемдік етуші құндылықтармен ымырасыз мәдениетті білдіреді. Мыс: 60-шы жылдардағы хиппи қозғалысы үстемдік етуші американдық құндылықтарды: конформизм, материалдық жинақылық, саяси төзімділік, рационализмді жаққа шығарды.

Мәдени әртүрлілік. Мәдени ретсіздік (дифференциация) – бір ғана символдар, нормалар, ережелер мен құндылықтар әр жерде әр қилы мазмұнға, кейде тіпті бір-біріне қарама-қарсы мазмұнға ие болуы. Мыс: бір мәдениетте (тіпті бір қоғам ішінде де) туыстар арасында некеге тиым салынады, ал екіншісінде рұқсат етіледі. Еуропада қайғы түсі - қара, ал Қытайда – ақ. Ал ақ Еуропада қуанышты білдіреді.


  1. Мәдени динамика

Мәдени динамика мәдениеттің уақыт пен кеңістікте өзгеруін білдіреді. Мәдени динамиканың негізгі элементтері жаңалық ашу мен жаңалық ойлап табу болып табылады.

Жаңалық ашу - әлем туралы жаңа білім алу. Мыс: жаңа аралдар мен континенттерді ашу. Ол бұрын белгісіз болып келген фактінің енді белгілі болғандығын көрсетеді.

Жаңалық ойлап табу – белгілі мәдени элементтердің жаңа комбинациясы. Ол технологияны, яғни заттар жасаудың жаңа тәсілін қосады. Ол өзіне тек техникалық, не ғылыми новацияларды ғана емес, әлеуметтікті де қосады. Мыс.: басқарудың жаңа нысанын ойлап табу.

Бұл екеуі басқа мәдениеттерге үш жолмен тарайды: мақсатты түрде, қабылдау, стихиялы қабылдау (диффузия) және тәуелсіз жаңалық ойлап табу. Соңғысы бір ғана жаңалықты әртүрлі елдердің бір-бірінен тәуелсіз ашқанын білдіреді.



Диффузия – бір қоғам келесі қоғаммен араласқанда олардың мәдениеттерінің өзара қабылдануы, бір-бірінен кейбір мәдени элементтерді қабылдап алып қалуы.

Мәдени сұрыптау – бір мәдениет игіліктерінің екіншіге өтудегі таңдау үрдісі. Ол мақсатты түрде болады. Оның төрт негізгі себебі бар:

  • берілген жаңалықты қабылдауға мәдениет әлі әзір емес;

  • жаңа элементтердің қоғамда қалыптасқан мәдениетті бұзу қаупі бар;

  • идеология жаңа элементтер қабылдауға тиым салады;

  • қоғам мүшелері, жаңа мәдени элементтер өздеріне керек деп санамайды.

Мәдени трансмиссия – мәдениеттің келесі ұрпаққа берілу үрдісі. Ең әуелі мәдениеттің базистік элементтері беріледі.

Мәдени интеграция – бір жалпылықты құрайтын мәдениет элементтері мен бөліктерінің өзара байланысы.

Аномия. Мәдени жанжалдардың бір түрі. Аномия - қоғамның мәдени бірлігінің бұзылуы. Нақты бекітілген әлеуметтік норма жоқтығының кесірінен пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет