Құрастырғандар



бет34/79
Дата13.12.2021
өлшемі1,54 Mb.
#100268
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79
Байланысты:
kniga sociologiya (1)

19. Еңбек әлеуметтануы


  1. Түсінігі

Еңбек социологиясы – кәсіпорындар қызметкерлері арасындағы еңбек қарым-қатынастары мен еңбек өнімділігін көтеруге байланысты тәжірибелік әдістемелерді зерттеумен айналысады.

Өнеркәсіптік әлеуметтанудың теориялық-әдістемелік негізі болып тейлоризм тұжырымы саналады. Оның негізін қалаушылар Мэйр, Д.Мангрегор, Ф.Херцберг және т.б. Өнеркәсіптік әлеуметтану шеңберінде жүргізілген нақты социологиялық зерттеулер тек жекелеген жұмыс орындарының жағдайын ғана емес, барлық өнеркәсіптік басқару жүйесін қамтиды.




  1. Әлеуметтік инженерия

Қолданбалы әлеуметтік ғылымдар жиынтығы. Адамдар мінез-құлқының өнеркәсіптік қосындысын айқындап, оны бақылауға мүмкіндік алу мәселелерін және ұйымдық құрылымдарды мақсатты түрде өзгерту мәселелерін зерттеуді жолға қойған ғылыми сала. Бұл саланың ғылыми қалыптасуы 1960 ж. американ социологиясынан бастау алады. Негізін қалаушылардың бірі американ социологы Гоулднер. Бұл ғылыми саланың негізгі мақсаттарының бірі еңбек орнының ғылыми-техникалық талаптарға сай болып, еңбеккерлердің өсіп отырған талабын қамтамасыз ету мәселесін зерттеу.


  1. Менеджерлер мен жұмысшылар араларындағы қайшылықтар

Барлық өнеркәсіпті мемлекеттерде менеджерлер мен жұмысшылар мінез-құлықтары арасында қайшылықтар болады. Американ социологы Ивар Берг көптеген әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде американ менеджерлерінің өз жұмысшылары мінез-құлқына риза емес талаптарының тізімін жариялады: 1) басқарушы ұсынған тапсырыстан бас тарту; 2) қосымша жұмыстан бас тарту; 3) жұмыс орнын өз еркімен тастап кету; 4) жұмыста ұқыпсыздық; 5) өнім өндіру мен сапасының төмендігі; 6) жұмысқа кешігіп келу; 7) төтенше жағдайларға әкелетін әрекеттер істеу; 8) өтірік ауру; 9) ұрлық, мекеме заттарын үйіне әкету; 10) жұмыстастарының сөздерін жеткізу; 11) ұрыс-керіс туғызу мен жаман сөздер айту; 12) жұмыс кезінде ақша салатын ойындар ойнау; 13)айналасындағы жұмыстастарымен келісе білмеу; 14) жұмыстан тыс уақытта жаман мінездер көрсету; 15) жұмысқа кешігіп келу мен себепсіз жіберу; 16) жұмыста берекетсіздіктерге жол беру; 17) жұмыстастарын жамандау, өсек тасу; 18) жұмыс кезінде төбелес шығару.

Өз кезегінде жұмысшылар да менеджер мінез-құлқына риза емес, олардың қарсылық негіздері: 1) денелік және рухани зорлық жасау; 2) ұжымдық шарттарды бұзу мен орындамау; 3) өз міндетін бұзу; 4) өз құқықтарын асыра пайдалану; 5) өтірік айту мен қулық істеу; 6) менеджерлердің ақылсыз істерге баруы; 7) өз ойларына келгенін істеуі; 8) басқарушылар біліксіздігі; 9) жаман жеке қасиеттерін көрсетіп қалуы.



Еңбек социологиясы теориялары

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында экономикалық дамуда жұмыскердің өз бойындағы қабілеттеріне назар аудару қажеттілігі туды. Адамдар санасы мен мінез-құлқы ролін айқындау өнеркәсіп өнімділігін арттыруда адамның жеке қасиеттерін пайдалану мүмкіндігін тудырды. Өнеркәсіпте жұмыскердің әлеуметтік қоры ұғымы пайда болды.



  1. Экономикалық даралық

Өнеркәсіптің әлеуметтік қорына назар аудару идеясы алғаш рет Ф.Тейлор еңбектерінде көрініс тапты. Ол жұмыскердің өз еңбегінің қорытындысына қызығушылығы болу қажеттігін ғылыми дәлелдеп шықты. Тейлордың көптеген еңбектері өнеркәсіптегі ақы төлеу жүйесіне арналды.

Тейлор идеясы, оның «экономикалық даралық» тұжырымдамасында көрініс тапты. Бұл тұжырымдамаға сәйкес төмендегі идеялар көрініс тапты: 1) үлкен ақыға аз уақыт ішінде көп жұмыс атқару; 2) жақсы атқарылған жұмыс үшін сыйақы төлеу; 3) қызметкер ақысын жеу өте қауіпті; 4) қызметкер бойында жоғары ақылы жұмысқа деген қызығушылығын ояту қажет.

Тейлор идеясы өте тез тарала бастады. Оны әрі қарай А.Файоль, Г.Эмерсон және т.б. зерттеушілер дамытты. Кеңес Одағында бұл мәселемен А.К.Гастев, О.А.Ерманский және т.б. айналысты. Социалистік дамудың алғашқы жылдарында «әркімге еңбегіне қарай» ұстанымы таза материалдық мазмұнға ие болды. Мыс., алғашқы стахановшылар қанша өнім шығарса соған сәйкес ақы алды. Соңынан бұл әртүрлі моральдық марапаттау шараларымен алмастырылды. Кеңес Одағының кейінгі экономикалық дамуы мұндай алмастырудың қателігін көрсетті. Кеңес адамдарының бойында еңбектен жатсыну сезімі пайда болды. 1962-1976 ж.ж. зерттеушілер бойынша адамдардың әртүрлі себептермен еңбек етуден қашуы 3% - 30% дейін өсті. Бұрынғы Кеңес елдерінің нарықтық қатынастарға көшуі және әр алуан меншік түрлерінің дамуы бұл мәселені шешкенімен, көптеген төмен білікті мамандардың жұмыссыз қалуы сияқты жаңа әлеуметтік мәселелер тудырды.

Көптеген елдерде экономикалық даралық қорын пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, бұл үрдіс бірнеше кезеңнен өтті: 1) Тейлор кезеңінде адамға ақша табу мүмкіндігін беру, атқарылған жұмыс көлеміне байланысты ақы алу мүмкіндігін жасауға назар аударылды; 2) XX ғ. екінші жартысынан бастап еңбеккердің жеке тұтыныстарын қанағаттандыру, адамды еңбекке ынталандыру негізіне салынды. Бұл нақты жағдаймен санасуға мүмкіндік беріп, адамдар мүддесін заттық қанағаттандыру тәжірибесін енгізді; 3) XX ғ. аяғында әлеуметтік тұтыныстар кезеңі туды. Енді еңбекке қызықтыру сыйақысы адамның жеке тұтынысын ғана емес, сол сияқты отбасы тұтынысын және болашақ мақсаттар үшін қаражат жинау тетіктерін енгізуге бағытталды.

Қазіргі экономикалық даму «арзан еңбеккер» дәуірінің келмеске кетіп, оның орнын өнеркәсіптік өнімділігі өте жоғары «қымбат еңбеккер» басқанын көрсетіп отыр.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет