3-ТАҚЫРЫП. БИЛІК БҰТАҚТАРЫНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ /2 сағат/
Билік бөлінісі теориясының өмірге келуі. Д.Локк, Ш.Л.Монтескье тұжырымдары. Қазіргі саяси жүйелердегі билік бөлінісінің конституциялық ұстанымдары. Заң шығару, атқару және сот биліктері. Олардың арасындағы қарым-қатынастың саяси-теориялық негіздері. Қазақстан Республикасындағы билік бөлінісінің Конституциялық негіздері. Билік бұтақтарының тепе-теңдікті сақтау тетіктері.
4-ТАҚЫРЫП. ҰЛТТЫҚ ҮКІМЕТТЕР / 2 сағат/
Саяси теориядағы ұлттық үкімет ұғымы. Ұлттық үкіметтің жергілікті-аймақтық саяси басқарумен қарым-қатынасы. Унитарлық басқару нысаны, оның түрлері. Федеративті басқару нысаны. Федерация субъектілерінің конституциялық-құқықтық жағдайлары. Унитарлы және федеративтік басқару нысандарындағы ұлттық үкіметтердің конституциялық-құқықтық жағдайлары. Олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |