(қолы)
1. Оқу пәннің паспорты
Пән атауы Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшемдер
Кредит саны және оқу мерзімдері
Барлығы – 3 кредит
Курс: 2
Семестр: 3
Аудиторлық сабақтары барлығы – 45 сағат
Дәріс сабақтары – 30 сағат
Зертханалық сабақтары – 7,5 сағат
Тәжірибелік сабақтары – 7,5 сағат
СӨЖ – 90 сағат
соның ішінде СОӨЖ – 45 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылығы - 135 сағат
Бақылау нысаны
Қорытынды бақылаудың нысаны Емтихан – 3 семестр
Пререквизиттер
«Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшемдер» пәнін зерделеу алдында оқытылатын пәндерінің тізімі: математика (бөлімдер: математика статистиканың элементтері, Фурье қатарлары); физика (бөлімдер: оптика, тербелістер мен толқындар); машиналар мен механизмдер теориясы (бөлімдер: легірленген материалдардың классификациясы, таңбалау, металлдардың химиялық және термиялық өндеу).
Постреквизиттер
«Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшемдер» пәнінен өзара байланысқан шектес пәндердің тізімі: материалдар кедергісі (бөлімдер: қысу және созылу металлдардың механикалық қасиеттер, деформация күші, жылжуын анықтау үшін жалпы әдістері).
2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланыс ақпарат
Аты-жөні, тегі Искакова Динара Алтынбековна
Ғылыми дәреже, атақ, лауазым приборжасау магистрі, аға оқытушы
«Машинажасау және стандарттау» кафедрасы, Б1-214 аудиториясы
телефон: 673633
Е-mail: iskakovada@mail.ru____________________________.
3. Пән, мақсаты және міндеттері
Пән тәртібі – осы пәнді оқу барысында студенттер стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшемдердің негіздерімен танысып, тәжірибеде қалай қолданылатынын біледі.
Пәнді оқыту мақсаты – – студенттерді стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйесінің негізі мен ерекшіліктері бойынша алғашқы теориялық және тәжірибелік білімге дағдыландыру, өлшеуге, өлшеу әдістері мен құралдары туралы, талап етілетін дәлдікке жеткізетін тәсіл мен олардың бірлігін қамтамасыз ететін меңгеру.
Пәнді оқыту міндеттері: курстық теориялық негізін оқып білу және жоғары кәсіптік білім стандартымен орнатылған квалификациялық сипаттамаларының талабымен сәйкес есептерді шешуде тәжірибелік меңгеру керек.
4. Білімге, түсінуге, қолдануға және компетенцияларға арналған талаптар
− металлургия және машина жасау өнімдердің өлшеу;
− техникалық әдістер және өлшеу құралдардың негіздерінің;
− стандарттардың түрлерінің түсінігі болуы керек;
−теоретикалық және заң шығаратын базалар және қазіргі стандарттаудың нормативтік құжаттарын;
− металлургия және машина жасау өнімдердің сапа көрсеткіштері және оларды анықтау әдістерін білуі керек;
- стандарттардың түрлерінің қолдана білуі керек;
− сапаны қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық әдістемелерді пайдалану;
− стандарттау технологиялық объектілерді басқару үрдістерін металлургия саласында қолдану дағдыларын игеруі керек;
− сертификаттаудың әдістемелік−ұйымдастыру пікірлерін және құқық негіздерін оқып білу;
− сертификаттаудың нормативті−әдістемелік құжаттарды жасау;
− әрекеттегі металлургия өндіріс жағдайында өнімдердің сапаны өзін-өзі бағалау және сынауды өткізу;
− сынау зертханалардың қызметін ұйымдастыру құзыретті болуы керек.
5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспар
Сабақ түрлері бойынша академиялық сабақтарды тарату
№ р/б
|
Тақырыптар атауы
|
Сабақтар түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны
|
ОӨЖ
|
Дәріс
|
Тәжірибелік
|
Зертханалық
|
Барлығы
|
Соның ішінде ООӨЖ
|
1
|
Кіріспе.
|
2
|
|
|
6
|
3
|
2
|
Стандарттау қызметінің негізгі техникалық заңдылығы
|
2
|
|
|
6
|
3
|
3
|
Стандарттаудың нормативтік құжаттарының сипаттамасы
|
2
|
|
|
6
|
3
|
4
|
Стандарттау әдістері
|
2
|
2
|
2
|
6
|
3
|
5
|
Аймақтық және халықаралық стандарттау
|
2
|
|
|
6
|
3
|
6
|
Сертификаттаудың мазмұны мен мағынасы
|
2
|
|
|
6
|
3
|
7
|
Өнімдерді сертификаттаудың ережесі мен тәртібі
|
2
|
2
|
2
|
6
|
3
|
8
|
Қазақстан Республикасына шет елден келетін өнімдердің және шет мемлекеттердің сертификаттауы
|
3
|
|
|
6
|
3
|
9
|
Экологиялық сертификаттау
|
2
|
|
|
7
|
3
|
10
|
Метрологияның теориялық негіздері
|
2
|
|
|
7
|
4
|
11
|
Өлшеу және өлшеу құралдар туралы негізгі түсінік
|
3
|
2
|
2
|
7
|
3
|
12
|
Механикалық өлшеу, геометриялық өлшемдерді өлшеу
|
2
|
1,5
|
1,5
|
7
|
4
|
13
|
Өзараауыстырымдылық туралы негізгі түсінік
|
2
|
|
|
7
|
3
|
14
|
Бақылау және сынаудың метрологиясы
|
2
|
|
|
7
|
4
|
|
Барлығы: 135
|
30
|
7,5
|
7,5
|
90
|
45
|
Дәріс сабақтарының мазмұны
1 тақырып. Кіріспе.
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Стандарттау, сертификаттау, метрология пәнінің мағынасы.
3. Дамуының қысқаша тарихы.
4. Мақсаты, принциптері, есебі.
5. Стандарттау, метрология және сертифкаттаудың негізгі түсініктері.
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Техникалық заңнама- техникалық обьектілерге. өнімге, оның өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының « Техникалық реттеу туралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған « Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа енгізілуі құқықтық тұрғыдан өнімнің, қызымет көрсетудің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің жаңа кезеңінің басталуы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарының бірі, ол осы ұйымның саудадағы техникалық кедергіге қатысты келісімінің талаптарын сақтау болып табылады.
Техникалық кедергілерді жоюға қатысты програмалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберінде іс-қимылдарды құрайды.
3. Өнімнің қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті Үкімет дайындаушылардың өздеріне жүктейді, яғни оларға үлкен сенім білдіреді. Еркін нарық жағдайында оның ережелері өте қатаң. Егер дайындаушы тұтынушының сенімін анықтамаса, онда ол нарыққа қайтып оралмауы мүмкін. Осы себепті дайындаушылар техникалық регламенттердің және оларға үйлестірілген стандарттардың талаптарын бұлтарыссыз орындайды.
4. Техникалық реттеудің басты элементтері.
Өнімге және өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге міндетті талаптарды белгілеу , қолдану және орындау.
Өнімге өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге, қызмет көрсетуге ерікті негіздегі талаптарды белгілеу және қолдану.
Сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу.
5. Бірінші элемент метрология ережелеріне техникалық регламенттерді қабылдау және қолдану арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Әдебиет: [1, 45-72 б.]
2 тақырып. Стандарттау қызметінің негізгі техникалық заңдылығы
Жоспар:
1. Мәні және міндеттері.
2. Дамудың негізгі кезеңдері.
3. Ғылыми - техникалық алға басуға арналған стандарттау мағына және замандас өнеркәсіптер оның ролі.
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Қоғамның дамуына сәйкес адамдардың атқаратын жұмыс түрлері де өзгерңп отырады. Бұл ертеде әр түрлі заттардың, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың және жұмысты атқарудың жаңа тәсілдерінің пайда болуынан көрініс тауып отырған. Сонымен бірге, адамдар өз жұмыс нәтижелерінің ішінен қолдануға лайықты жақтарын таңдап алып отырған.
2. Көне дәуірдегі өлшем бірліктерінің, стандартты мөлшерлі құрылыс бөліктерінің, су құбырларының қолданылуы стандарттаудың мысалы болып табылады. Қайта өркенлеу дәуірінде елдер арасында экономикалық байланыстардың дамуына сәйкес стандарттау әдістері кең қолданыла бастады. Мысалы Венецияда көптеген кемелер жасау қажеттілігіне сәйкес оларды алдын ала дайындалып қойылған бөліктерден жинастыру қолданылды. Бұдан кейінгі уақытта да стандарттау жұмыстары жақсы дамып отырған. Мысалы 1845 жылы Англияда бекіту оймаларының жүйесі, Германияда теміржол табандарының арақашықтығы стандартталды.
3. ТМД- ның басқа елдеріндегі сияқты Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің дамуының дамуының негізгі бағыттары мыналар;
Келсімге сәйкес мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын дамыту;
Қазақстанның стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру жұмыстарын жеделдету;
Міндетті түрде сертификатталуға тиісті өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) мемлекеттік стандарттарын дайындауды жеделдету;
ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын қолдана отырып елімізде сапа жүйелерін кеңінен енгізу, т.б.
Әдебиет: [11. 23-24 б.].
3 тақырып. Стандарттаудың нормативтік құжаттарының сипаттамасы
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар – стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар.
Жоспар:
1. Стандарттаудың нормативтік құжаттарының сипаттамасы.
2. Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.
Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: Халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар, және техникалық-экономикалық ақпарат жүктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекетердің ұлттық стандарттары жатады.
2. Ереже (ЕР) – міндетті түрде қолданылуға тиісті жұмысты жүргізудің ұйымдық –техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат.
Ұсыныстар – ерікті түрде қолданылатын жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін, белгілейтін құжат.
Норма – қамтамассыз етуге тиісті сандық және сапалық критерийлерді белгілейтін жағдай (ИСО/МЭК 2).
Техникалық-экономикалық ақпараттың мемоекеттік жіктеуші – техникалық – экономикалыө ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат.
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар – стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар.
Әдебиет: [1, 15-48]
4 тақырып. Стандарттау әдістері
Жоспар:
1. Стандарттаудың басты принциптері.
2. Стандарттау функциялары.
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Стандарттау әрқашан маңызды практикалық мәселелерді шешуге бағытталып ғылыми –техникалық прогресті дамытуға мүмкіндік жасап отыруы керек. Еліміздегі және шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа жету үшін стандарттауды белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу қажет.
2. Әлеуметтік және техникалық –экономиалық мақсаттарға жету үшін стандарттау әр түрлі функцияларды атқарады.
Әдебиет: [1, 48-78].
5 тақырып. Аймақтық және халықаралық стандарттау
Жоспар:
1. Халықаралық стандарттау саласы
2. Техникалық комитеттер
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Халықаралық стандарттау саласында стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО), халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық электр байланыстары одағы (ХЭО) жұмыс атқарады.
2. Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып екіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны 26) жалпы техникалық және салааралық мәселелермен шұғылданады. Оларға жататындардың ішінде «Өлшем бірліктері» (ТК12), «Ерекше сандар» (ТК19) ж. б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, «Автомобильдер» (ТК 22), «Станоктар» (ТК 39) ж. б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостық техника ж. б.) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылды.
Әдебиет: [1, 78-98].
6 тақырып. Сертификаттаудың мазмұны мен мағынасы
Жоспар:
1. Сертификаттау мәні және оның даму тарихи.
2. Негізгі терминдер және анықтамалар.
3. Сертификаттаудың мақсаттары және міндеттері.
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-өрекеттің бірі болғандықтан бүл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар.
2. Сөйкестікті растау саласындағы қүжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сөйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган бер-ген сөйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.
Сөйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қыз-меттің техникалық регламенттерде белгіленген талап-тарға, стандарттардың немесе өзге де қүжаттардың ере-желеріне сәйкестігін куәландыратын ңүжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де қүжаттарда белгіленген талап-тарға сөйкестігін растау рөсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі деп аталады.
Сөйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгі-ленген талаптарға сәйкестігін осы жүмысты жүргізудің наңты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік жөне техникалық қүжаттаманы талдау ж.б.) сипаттай отырып айқындау тәсілдері.
3. Тауар өндірушілер ертеде өздері шығарған бүйымның сапасына кепілдік бергені туралы және ол кепілдіктер жазбашатүрінде, яғни «сәйкестік мәлімдемесі» түрінде берілгені туралы деректер кездеседі. Мүндай мәлімде-мелер көптеген жағдайларды қамтыған және солардың ішінде бейнелеу өнері де бар. Қайта қүру дәуірінде өмір сүрген суретшілер өз туындылары 300 жыл сақталады деп кепілдік берген. Мүндай кепілдіктер көп жағдайда шындыққа үласқан.
Әдебиет: [1, 103-120 б.].
7 тақырып. Өнімдерді сертификаттаудың ережесі мен тәртібі
Жоспар:
1. Міндетті және ерікті сертификаттау.
2. Сертификаттаудың заңдық және нормативтік базасының құрылымы.
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Міндетті сертификаттау өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде тексеру болып табылады.Міндетті сертификаттауда тек қана заңнамаларда көрсетілген міндетті талаптар расталады.Міндетті сертификаттаудан өткені туралы сәйкестік сертификаты мен сәйкестік белгісі Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылады.
Ерікті сертификаттау өтінуші мен сертификаттау органының арасындағы келісімге байланысты жүргізіледі.Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
2. Кемелденген нарықтық экономика жағдайында ерікті сертификаттауды қолдану саудадағы техникалық кедергілерді жою шарты ретінде қалыптасып келеді,өйткені бәсекелесу мүмкіндігін ұлғайта отырып дайындаушыға рыноктан орын алуға мүмкіндік береді. Мысалы,ерікті сертификаттау Францияда осы елдің «NF» стандарттарына сәйкестікті растайды және оның нәтижесінде өнім NF белгісіне ие болады.Мұндай белгісі жоқ өнімдерге дұрыс сұраныс жоқ.
Әдебиет: [2, 14-29 б.].
8 тақырып. Қазақстан Республикасына шет елден келетін өнімдердің және шет мемлекеттердің сертификаттауы.
Жоспар:
1. Тұтынушылардың қауіпсіздік құқығы
2. Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарларды сертификаттау
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Тұтынушылардың қауіпсіздік құқығы тек қана отандық емес, сонымен қатар шет елдерден әкелінетін өнімдерді де міндетті сертификаттау арқылы қамтамасыз етіледі. өйткені еліміздің ішкі нарығында шетелдерден әкелінетін өнімдерді көптеп кездестіруге болады. Кейбір өнімдердің 40-60% және одан да жоғарғы бөлігі шетелдерден әкелінеді.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімді шетелдерден әкелу үшін жасалатын келісімдерде (шарттарда) олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін сертификаттарды (деклорациялары) мен сәйкестік белгісінің болуы көрсетілуі керек.
2. Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарларды сертификаттау оларды біздің елге алып келгенге дейін өткізілуі керек. Егер сынаушылар шетелдердің Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органында аккредеттеліп тіркеуден өткізілген мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізіміне тіркелген зертханаларда өткізілген болса, онда олар берген сынақ хаттамалары біздің елдің серификатын алуға негіз болады.
Әдебиет: [1, 103-120 б.]
9 тақырып. Экологиялық сертификаттау
Жоспар:
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы
2. Сертификаттау кезінде үлгілерді ұқсастандыру
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы – халықтың денсаулығын сақтаудың басты факторы. Адам бойындағы зиянды заттардың 70 %-ы тағамдар арқылы, ал қалғаны 30%-ы су мен ауа арқылы енеді. Осы себепті азық-түлік тауарлары міндетті сертификаттау аясына алғашқы қатарда енгізілді.
2. Сертификаттау кезінде үлгілерді ұқсастандыру маңызды мәселе болып табылады. Кейбір өнім топтарының (ет, ет өнімдері, өсімдік майлары) үлгілерін ұқсастандыру үшін олардың түр-түріне сәйкес көрсеткіштер белгіленген. Бірақ жиі бұрмаланатын көптеген тамақ өнімдерінің топтарына (азық концентраттары, шай, кофе, сүт, сүт өнімдері, балық, шырын, сусын, арақ-шарап) ұқсастандыру көрсеткіштері анықталмаған. Осыған байланысты келтірілген тауар топтарына көрсеткіштер тағайындау күн тәртібіндегі басты мәселілердің бірі.
Әдебиет: [1, 123-134 б.]
10 тақырып. Метрологияның теориялық негіздері.
Жоспар:
1. Іргелі және тәжірибелік метрологияның негізгі түсініктері
2. Метрологияның басты міндеттері
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Іргелі және тәжірибелік метрологияның негізгі түсініктерінің мазмұнын қарастыра кетейік.
Өлшем метрологияның негізгі объектісі ретінде физикалық шамалармен және өзге де ғылымдарға жататын шамалармен (математика,психология,медицина,т.б ғылымдарға жататын) байланысты.
2. Метрологияның басты міндеттерінің бірі-өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету-мынадай негіз салушы екі шарт ескерілгенде шешілуі мүмкін:
-өлшем нәтижесін бірдей заңды бірліктерде көрсету;
-өлшемдер нәтижелерінің жіберілетін қателіктерін және олардың берілген ықтималдылықпен шығуға тыйым салынатын шектерін көрсету.
Әдебиет: [1, 135-147 б.].
11 тақырып. Өлшеу және өлшеу құралдар туралы негізгі түсінік
Жоспар:
1. Өлшемдер
2. Статистикалық өлшемдер
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Өлшемдер мынадай сипаттары бойынша ажыратылады: ақпаратты алу әдісі бойынша,өлшем процесіндегі өлшенетін шаманың өзгеру сипаты бойынша,өлшенетін ақпарат саны бойынша,негізгі бірліктерге қатыстылығы бойынша.
Ақпаратты алу әдісі бойынша өлшемдер:тура, жанама, жиынтық және қатар болып жіктеледі.
2. Статистикалық өлшемдер кездейсоқ үдерістердің сипаттамаларын анықтаумен байланысты,мысалы,дыбыстық сипаттамалардың шуылдар деңгейін. Статикалық өлшемдер өлшенетін шама тұрақты кезінде пайдаланылады. Динамикалық өлшемдер өлшеу процесінде қандай да бір өзгерістерге ұшырап отыратын шамалармен байланысты.
Әдебиет: [2, 35-49 б.].
12 тақырып. Механикалық өлшеу, геометриялық өлшемдерді өлшеу
Жоспар:
1. Қоршаған ортаны өлшеу
2. Өлшемдердің объектісі
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Қоршаған ортаның барлық объектілері өздерінің қасиеттерімен сипатталады. Үдерістер мен физикалық денелердің түрлі қасиеттерін сандық сипаттау үшін шама түсінігі енгізілген.
2. Өлшемдердің объектісі негізгі және туындыға бөлуге болатын физикалық шамалар болып табылады.
Әдебиет: [2, 52-79 б.].
13 тақырып. Өзараауыстырымдылық туралы негізгі түсінік
Жоспар:
Өзараауыстырымдылық, оның мәні мен түрлері.
Номиналды, нақты және шекті өлшемдер, шекті ауытқұлар, дәлдік шегі мен қондырмалар туралы түсініктер.
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Өзараауыстырымдылық, оның мәні мен түрлері.
2. Өлшемдерді пайдаланғанда олардың номиналды және нақты мәндерін, сондай-ақ өлшем қателігі мен разрядын (дәрежесін) ескеру қажет. Номиналды деп өлшемде көрсетілген мәнді айтады. Өлшемнің нақты мәні ресми эталонды пайдаланған жоғары сапалы өлшеу нәтижесі ретінде арнайы куәлікте көрсетілуі керек. Номиналды және нақты мәндердің айырмасы өлшемнің қателігі деп аталады. Қателікке таңбасы бойынша қарама-қарсы шама өлшемде көрсетілген номиналды мәнге түзетуді білдіреді. Аттестациялау кезінде қателіктер табылуы мүмкін болғандықтан, өлшемдер разрядтарға (1,2-разрядты) және разрядты эталондар деп аталады (үлгі өлшеуіш құралдар). Оларды өлшем құралдарды салыстырып тексеру үшін пайдаланады. Өлшем қателіктерінің шамасы өлшемдерді топтарға (кластарға) бөлу үшін негіз болады.
Әдебиет: [2, 82-104 б.].
14 тақырып. Бақылау және сынаудың метрологиясы
Жоспар:
1. Өлшенетін бақылау.
2. Мемлекеттік метрологиялық қызметі.
Әр сұрақтың қысқаша жазбасы:
1. Өлшеп бақылаудың бір түрі тексері. Сынаудың метрологиялық мақсаты.
2. Мемлекеттік метрологиялық қызметі. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық мекеме. Халықаралық метрологиялық ұйымдар.
Әдебиет: [2, 105-124 б.].
7 Тәжірибелік сабақтарының мазмұны, солардың көлемі сағатта
1) 1 тақырып – Стандарттау әдістер.
Жоспар:
1. Стандарттаудың негізгі терминдері мен анықтамалары.
2. Қолданылатын аумағы.
Тапсырма: Стандарттау әдістерді бөлу.
Тапсырманы орындау үшін әдістемелік ұсыныстар (қысқаша):
Сабақта стандарттау туралы жалпы мәліметтерді оқу керек. Шешілетін тапсырмалардың сипаттамасына байланысты әдістерді анықтау керек. Қолдануға қажетті қайсысы анықтау керек, таңдалған класиффикациялық әдістер үшін негізгі қасиеттерін анықтау керек.
Әдебиет: [1, 2, 5-31 б., 3, 5-10 б.]
2) 2 тақырып − Өнімдерді сертификаттаудың ережесі мен тәртібі.
Жоспар:
1. Өнімдерді сертификаттаудың ережесі мен тәртібі оқып, соларды бөлу.
Тапсырманы орындау үшін әдістемелік ұсыныстар (қысқаша):
ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын қолдана отырып, кез-келген өнімді талдау.
Әдебиет: [1, 4-8 б., 2, 18-24 б.]
3) 3 тақырып - Өлшеу және өлшеу құралдар туралы негізгі түсінік
Жоспар:
Өлшеу және өлшеу құралдар туралы мәліметтерді оқу.
Берілген құралды талдау.
Тапсырманы орындау үшін әдістемелік ұсыныстар (қысқаша):
Дәріс бойынша талдау жасау.
Әдебиет: [2, 50-67 б., 3, 15-35 б.]
4) 4 тақырып - Механикалық өлшеу, геометриялық өлшемдерді өлшеу
Жоспар:
1. Механикалық өлшеу, геометриялық өлшемдерді өлшеу туралы оқу.
2. Берілген өлшемді талдау.
Тапсырманы орындау үшін әдістемелік ұсыныстар (қысқаша):
Дәріс бойынша талдау жасау.
Әдебиет: [1, 2, 50-67 б., 3, 15-35 б.]
8 Зертханалық сабақтарының мазмұны, солардың көлемі сағатта
Зертханалық мақсаты дәріс материал жұмыстардың бекіту, жобалауда практикалық іскерлік дағдыларының тауып алуы және есеп-қисаптарда, іскерлік нормативті - техникалық құжатнамамен, стандарттармен пайдалану, сызбаларды оқуы.
Зертхана сабақтары дәріс оқитын оқытушымен оқылады. Зертхана сабақтың тақырыбы оқылған алғашқы дәрістің тақырыбымен сәйкес келеді.
Зертхана сабақтары берілген тақырыптарды оқу және баяндау түрінде көркемдеу түрінде өткізіледі.
Зертхана сабақтары стандарттарғы сыйынып жазылады.
Зертханалық сабақтары бойынша жазылатын есеп ақ қағаздың А4 форматында көк сиямен қолжазбалы вариантында орындалады және ЕГЖ негізін құрайды. Көшірмелер рұқсат етілмейді. Көлемі – 20 – 25 парақ мәтіннен.
1) 1 тақырып – Кедір-бұдырлықты анықтау
2) 2 тақырып – Сатылы білікті талдау
3) 3 тақырып - Металдың қаттылығын анықтау
4) 4 тақырып – Созылуды таксеру үгін металлдарды сынау
9 Өзара жұмыс үшін арналған тапсырмалар
1 тақырып. Ұлттық стандарттау жүйесінің концепциясы.
2 тақырып. Стандарттарды жасау, бекіту және қолдану..
3 тақырып. Комплексті стандарттау.
4 тақырып. Сауда және техникалық кедергілер бойынша келісім
5 тақырып. Міндетті және ерікті сертификаттау.
6 тақырып. Сертификаттау сұлбасы.
7 тақырып. Сыртқы экономикалық қызметтегі тауар мен номенклатурасы.
8 тақырып. Міндетті экологиялық сертификатталатын объектілер.
9 тақырып. Өлшеу шкалалар.
10 тақырып. Өлшеу құралдары мен олардың классификациясы.
11 тақырып. Бөлшектер пішіннің дәілдігі.
12 тақырып. Өзараауыстырымдылық, оның мәні мен түрлері.
13 тақырып. Өлшеп бақылаудың бір түрі тексері.
14 тақырып. Бақылау метрологиясы
Әр тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалар:
1. Жоспар жасау.
2. Негізгі ұғымдарды табу.
3. Қысқаша шығарма жазу.
4. Есептерді жасау (дәріс бойынша).
5. Қорытынды жазу.
10 ООӨЖ кеңес сызбасы (ОӨЖ ООӨЖ 25% құрайды)
Ағымдағы семестрдегі ООӨЖ графигіне сәйкес барлық сұрақтар бойынша кеңес беріледі
11 Оқушылардың білімдерін тексеру кестесі
Тәжірибелік сабақтарына қатысуы 0-100 баллмен бағаланады
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
№
|
Жұмыс түрлері
|
Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылған әдібиет
|
Орындаудың созылуы уақыты
|
Бақылау нысаны
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
Есеп
|
Кедір-бұдырлықты анықтау
|
|
3 апта
|
|
4-ші апта
|
2
|
Есеп
|
Сатылы білікті талдау
|
|
3апта
|
|
7-ші апта
|
3
|
Межелік бақылау
|
1,2 модуль
|
|
|
тест
|
8-апта
|
4
|
Есеп
|
Металдың қаттылығын анықтау
|
|
3 апта
|
|
11-апта
|
5
|
Есеп
|
Созылуды таксеру үгін металлдарды сынау
|
|
3 апта
|
|
14-апта
|
6
|
Межелік бақылау
|
3,4 модуль
|
|
|
тест
|
15-апта
|
12. Оқушылардың білімдерін бағалау критерийі
Пәннің оқытылуы тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Бағдарламадағы барлық тапсрымалардың оряндалуы емтиханға жіберілуге міндетті шарт болып табылады.
Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.
Жіберу рейтингі барлық ағымдағы сабақтарындағы орындалған тапсырмалардың орта арифметикалық мағынасынан шығарылады (үй тапсырмасы, ОӨЖ бойынша тапсрымалар, тәжірибе бойынша тапырмалар, межелік бақылау).
Қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған және де жіберу рейтингі 50 баллдан асқан оқытушылар жіберіледі.
Оқшының оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен анықталады. Сол баға ЖР және ҚБ бағаларынан саналады (ЖРСҮ және ҚБСҮ салмақты үлестерінің есептеуімен).
Қ= ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәнінен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.
Бақылаудың барлық түрінде де оқудағы жетістіктер балды-рейтингті жүйесі бойынша (ББРЖ) бағаланады:
Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)
|
Балдың сандық баламасы (Ц)
|
Әріптік жүйедегі баға (Ә)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)
|
Емтихан, курстік жұмыс
| сынақ |
95-100
|
4
|
А
|
Өте жақсы
| есептелді |
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
0-49
|
0
|
F
|
қанағаттанарлықсыз
| есептелмеді |
13. Оқытушының талаптары, саясат және процедуралар
Оқушылардың барлық аудиторлық сабақтарға қатысуы кешігүсіз міндетті түрде. Сабаққа келмеуі деканатпен қойылған ретімен орындалады.
Сабақта мобильдік телефондардың үні өшірілуі қажет.
Жұмыстарды белгіленген уақытта тапсыру қажет. Барлық тапсырмалардың ақырғы тапсыру мерзімі – емтихан сессияның басталуына дейін 3 күн бұрын.
Әр оқу сабағы бойынша өткен материалдардың тақырыптарын қайталау және өтеу міндетті. Оқу материалдардың игеру дәрежесі тест немесе жазу жұмыстармен тексеріледі.
14 Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1) Жанзаков М. М. Стандарттау:[Оқулық] / М. М. Жанзақов, К. А. Мырзабек. – Қызылорда : Тұмар, 2007. – 219 б.
2) Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негiздерi және техникалық өлшеу. Сапа менеджментi / М. Самсаев [және т. б.]. – Алматы : Бастау, 2008. – 261 б.
3) Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Метрология, стандарт. Павлодар, 2007. – 300 б.
Қосымша әдебиет
1) Сертификаттану: Оқулық / Сағадиев К., Смағулов А., Барағбаев Б., Қалиев Е. – Алматы : РБК, 2000. – 211 б.
2) Техникалық реттеу туралы: ҚР Заңы – Астана, 2004. 9 қарашадағы № 603 Қаулысы.
3) Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы: ҚР Заңы – Алматы, 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |