Құрастырушы: Баймаханова Тынымкул Канаевна Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің


Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп



бет4/4
Дата15.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#3925
1   2   3   4

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны

табатын өнер». ( Ж.Аймауытов. )

21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өзгерістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет (Елбасы жолдауынан).



Білім беру саласындағы өзгерістердің сапалы болуы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Өйткені, қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілік талап етеді. Өздігінен білім алатын жан -жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Ал, қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздар-дың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылар-дың ойларын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымдамаға негізделеді (нұсқаулық, 6-бет). Бұл теория оқушылардың ойларын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек коздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла отырып, мен өз сабақ жоспарларымды өзгертуге бел будым. Дәстүрлі оқытудан алған білімі жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту терең меңгерілмей оқушы оны терең меңгере алмайды. Ал сындарлы оқытудың мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез- келген жағдайда тиімді пайдалану (Мұғалімге арналған нұсқаулық 6-бет). Мен мектептегі іс-тәжірибеден өту кезеңінде оқушыларымның білімін тиімді пайдалану мақсатында топқа бөлу әдісін қолдандым. Топқа бөлінбес бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында "Шаттық шеңбері", "Ыстық алақан", "Гүл сыйлау" т.б тренингтерін пайдаландым. Бұл тренинг жаттығулар оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптастырып, көңіл-күйлерін көтеріп, қолайсыздық, сенімсіздік сезімдерін төмендететіндігін байқадым. Топқа бөлу әдісін бұрынғы сабақтарымда қолданып жүретінмін, бірақ ол сабақтар сайыс түрінде ғана өткізілетін. Сол себепті оқушылар арасында бәсекелестік, көре алмаушылық болатын еді. Ал, енді жаңаша әдістерді пайдалана отырып, топқа бөлу, топтың ережесімен танысқаннан кейін ондай келеңсіздіктер байқалмады. Әрине ең бірінші сабақтарымда топпен жұмыс жасаған уақытта сабақ аяқталған соң, оқушылар арасында "Апай, қай топ жеңіске жетті?" деген сұрақтар қойылды. Сондықтан келесі сабағымда оқушылармен біріге отырып топтық ережелер құрдық. Топқа бөлуде де көптеген қиындықтар кездесті. Сыныпта артық шу-күлкі болды. Осы кезде ол оқушыны ортаға тарту мақсатында қызығушылығын оята білу керек болды. Төменгі сынып оқушылары болғандықтан, түрлі психологиялық ойындар, бейнебаян көрсету арқылы топпен бірлесіп, ынтымақтастықпен жұмыс жасауға жетеледім. Көңіл-күй тақтасын пайдалана отырып, оқушылардың көңіл-күй атмосферасын қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Аталған тұжырымдаманы іс-тәжірибемде басшылыққа ала отырып, әр сабағым тартымды да, қызықты болу үшін, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау үшін Бағдарламаның идеясының негізінде жақан түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді, әдістемелерді ой елегінен өткіздім. Оқыту әдістері жеті модуль арқылы ұсынылады. Бағдарламаның негізін құрайтын жеті модуль өзара байланыста болады.Бағдарламада жеті модуль жеке құрастырылған, бірақ олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 12-бет).

Мұғалім жеті модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса- мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшылық көрінеді. Мектептегі іс-тәжірибемде жаңаша әдіс-тәсідерге сүйене отырып, сыныбымдағы оқушыларымды бақылауға алдым.Ерлан Сая-өте қабілетті, ынтасы жоғары, өз ойын тиянақты, нақты жеткізе біледі. Сыныптағы оқушылармен де қарым-қатынасы өте жақсы. Топпен жұмыс жасау кезінде де Сая отырған топ топтық тапсырмаларды бірінші болып орындап, көшбасшылық таныта білді. Сыныптағы оқушылар топтық жұмыста Саямен жұмыс жасағанды, сол отырған топқа түскенді қалайтын.

Сая тобындағы үлгерімі төмен оқушыға үнемі көмектесіп, тапсырмаларды орындауға қатыстырып отырды. Мектептегі іс-тәжірибемнің соңында, менің байқағаным бұрынғы оқу үлгерімі орташа, тұйық, өз ойын толық жеткізе алмайтын, көбіне оның "менің айтқаным дұрыс бола ма?" деген ойлар мазалайтын оқушымның бұрынғыдан гөрі сабақтарда белсенділік танытып, өз ойын шама шарқынша айта алатын дәрежеге жеткендігін байқадым және бұл жетістік мені қуантты. Сая тобындағы үлгерімі төмен оқушыға үнемі көмектесіп, тапсырмаларды орындауға қатыстырып отырды. Сабақ үстінде Саяның көшбасшылық қабілетінің бар екендігін аңғардым.

Мектептегі іс- тәжірибе барысында жас ерекшеліктеріне сай оқытуды ескере отырып, өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабағымды түрлендіріп өткізуге тырыстым. Сонымен бірге көңіл-күй тақтасын пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын қалыптастыра алдым.

Қазіргі заманғы технологиялардың дамыған күрделі техника ғасырында оқушыларды пәнге қызықтыра білу - тәжірибелі, шебер мұғалімнің даралығы. Ұстаз заман талабына сай болуы керек. Қазіргі балаларды таң қалдыру қиын, сондықтан да сабақ барысында оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында, ақпаратты технология-ның мүмкіндіктерін игере отырып, сабақты сонымен байланыстыра құру керек екендігін ұғындым. Күнделікті сабақтарымда интерактивті тақтада орындалатын тапсырмаларды түрлендіріп, оқушыларға айтып қана қоймай, жаңа мағлұматтарды мултимедиялық көрсетілімдер арқылы түсіндіру оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратындығын байқадым. Сонымен қатар "Жоспар бойынша мәтін құрау" тақырыбында оқушылар қосымша материалды ғаламтор және ұялы байланыс арқылы алып, сол арқылы түрлі топтық таныстырылымдар дайындалды.

Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы. Бұл технология оқушылардың өз қолдарында бар ақпаратты басшылыққа ала отырып, содан өзіне қажетті білімді таңдап алуда. Сын тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 49-бет). Мен мектептегі іс-тәжірибемде оқушыларымның сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту үшін тапсырмаларды түрлендіріп беруге тырыстым. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушы мәтінді өз бетінше оқып, әуелі жұпта, кейін топта талқылады. Оқушының қызығушылығын арттыру үшін постер құру, ДЖИГСО, эссе жазу, кластер, түртіп алу, ассоцация әдістерін пайдаландым. Бұл әдістер оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетімен үйренуіне ықпал ететінін және шығармашылық қабілеттерін арттыруда ықпалы зор екендігін аңғардым. "Мәтін" және "Мәтіннің түрлері" тақырыптарды өткеннен кейін, алған білімдерін "Венн диаграммасы" бойынша постер жасап, тақтаға шығып қорғауды тапсырдым. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-бірін тыңдай отырып, топқа талқылап, бірігіп, пікірлесіп жұмыс жасады. Орындалған тапсырманы басқа топтарға таныстыру барысында бұрын соңды сабақта үнсіз отыратын Серік пен Әли сияқты оқушыларымның белсенділік танытып, постер қорғауға шыққаны мені қуантты. Мектептегі іс-тәжірибемнің соңында, менің байқағаным бұрынғы оқу үлгерімі орташа , тұйық ,өз ойын толық жеткізе алмайтын,көбіне оны "менің айтқаным дұрыс бола ма?" деген ойлар мазалайтын оқушымның бұрынғыдан гөрі сабақтарда белсенділік танытып, өз ойын шама шарқынша айта алатын дәрежеге жеткендігін байқадым және бұл жетістік мені қуантты.

Сыни ойлау-оқушылардың қай нәрсегеде болса да терең оймен қарап, салыстыра талдау жасап,көзқарасын білдіру,өзіндік менін қалыптастыру ,өз ойын тұжырымды жеткізе білуі деп ойлаймын.Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз -баланы ойлауға үйрету! Сыни тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған ойлау.

Диалогтық әңгімелесуді топтар бірігіп, әрекеттесіп жұмыс жасаған кезде талқылауға болады.Әңгімелесу әдісі балалардың оқуға деген ынтасын арттырады.Сыныптағы диалогты қолдану арқылы балалардың білім алу сапасын арттыруға болатынын байқадым. Александр (2004)білім берудегі әңгімелесуді -қарым қатынас жасаудың бірсарынды үлгілі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үрдісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. (Мұғалімдерге арналған

нұсқау,40бет). Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Диалогтық оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге, тақырыпты ашуға мұмкіндік береді. Барлық сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушының білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Бұны өзім 3 сыныпта «Мәтін» тарауын өткенде толық жауап бергендерінен аңғардым, оқушылар өз ойларын жеткізуге асықты, өздерінің сабақта теориялық білімін іс жүзінде іске асыра білді және сыныптағы құрбылармен өз ойларын бөлісті. Мұғалім жай, бір сарынды үнмен сөйлесе немесе тек өзі сөйлейтін болса, оқушыларда селқостық пайда болады. Оған мысал жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде кіріспе әңгімені бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда өзім баяндап, дәлелдеп, өзім талдау жасап, тек олар тыңдаушы және көшіріп алушы болып еді. Бұл әрекетімнің соңы оларды немқұрайлыққа, селқостыққа әкелді. Жаңаша әдіс тәсілдерімді пайдалана отырып тақырыпты класта топтарға бөліп бердім, оқушылардың өздері бір-біріне кеңес беріп, талқылап мағынаны ашып, одан нәтиже шығаруы мені қуантты. Ең бастысы сабақ үдерісінде балаларға ой тастап, оларды тақырыпты талдауға, дәлелдеуге, жауаптарын салыстыруға, зерттеулерін негіздеуге жетелеу керек екеніне көз жеткіздім. Бұл жерде оқушыларда жұптық жұмыс өте тиімді болды. Нұсқаулықта оқытуда қолданылатын әңгімелесу түрлері берілген. Олар: әңгіме – дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, сапалы білім берудің бірден – бір жолы – диалогтық оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру. Әсіресе ауызша сабақтарда зерттеушілік әңгіме арқылы жақсы нәтижеге жетелейді. Диалогтік оқыту өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үндемес оқушылар диалогтік кезінде өте белсенді болды. Өйткені осындай сабақтар кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта біледі. Сабақ барысында бірлесіп оқуда оқушының сыни ойлауы қалыптасып, ынтымақтастыққа төселді, тақырыпты өз беттерінше мүмкіндіктеріне қарай меңгерді, сахналауда жауапкершілікті

сезінді, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтары дамыды, сөйлеу мәдениеттері, мәнерлері қалыптасты. Өзіндік ой пікірлерін ортаға салу арқылы жинақтылыққа, жүйелі, нақты жауап беруге дағдыланды. Әсіресе ортаға ой тастап отырсам, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығымен жауап беру кезіндегі белсенділігі артатынын білдім. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіменің маңызы зор. Бұл кезеңде дарынды оқушы үнсіз оқушыны жетелеп отырады. - Мәтіннің қандай түрлері бар?-деген сұрақты жұптық талқылауға бердім. Осы кезде Серік деген үнсіз оқушым:-Мәтіннің үш түрі бар, әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіні - деді. Үнсіз оқушым Серіктің бұл жауабы көңілімнен шықты. Мен өз іс тәжірибемде байқағанымдай оқушылардың пәнге, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында келешекте осы әдісті жиі қолдансам деген ойдамын. Өйткені оқушылардың ойлау деңгейлері әр түрлі болғандықтан, әрқайсысы әр түрлі идеялар айтады. Олар айтылған идеяларға күмәнмен қарай отырып, алынған ақпараттың дұрыс немесе бұрыс екендігіне қол жеткізеді. Мұғалімнің негізгі міндеті: өз ойын, пікірін айтқысы келетін оқушыны тыңдауға, оның негізгі ойын түсіну, қате пікірлерді бірден жоққа шығармай, өзара пікір алысу барысында елеусіз түзету деген ой түйдім.

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіреді, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бағалау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, оқуға деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Мектептегі іс-тәжірибе кезінде «үш шапалақ», «басбармақ», «баға таңдау», «бағдаршам» арқылы бағалау түрлерін қолдандым. Сабақ барысында оқушылар бағалаудың маңыздылығын түсінді. «Мәтіндегі негізгі ой» сабағымда «бағдаршам» арқылы бағалау әдісін пайдаландым. Сабақ барысында бірін-бірі бағалауда оқушылар айтылған пікірлерге, орындалған тапсырмаларға өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, бір-біріне сәттілік тіледі. Төменгі класс оқушылары болса да олардың бірін-бірі бағалауы, бір-біріне түсіністікпен қарауы арқылы өзін-өзі реттей отырып, өз білімін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруға үйренеді деген ой түйдім.

Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балалар қатысты едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Талант-табиғи, ерекше арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Дарындылық – адамның өз бейімділігі арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Оқушы нақты бір пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, талантты, дарынды балаларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болатындығын көрсеткен. Олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары болады, өздерінің оқуын реттей алады, ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді, басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі тапсырмаларға ұмтылады, олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды. Мен өз тәжірибемді жүргізу барысында талантты және дарынды балаларды зерттеу мақсатында жұмыс жүргіздім. Біздің мақсатымыз – дарынды және талантты оқушыларды анықтап қана қоймай, олардың мүмкіндік деңгейлерін дамыту. Мен тәжірибе барысында зерттеуге алған 3-сынып оқушылары: Сая, Нұржан, Әли. Бұл оқушылардың сабаққа дайындық деңгейлері әртүрлі. Бұл оқушылардың арасында дарынды оқушы деп Саяны айтуға болады. Себебі Сая барлық пәндерді өте жақсы меңгереді, сабаққа жан-жақты дайындалады және белсенді қатысады, өз ойын толық әрі нақты жеткізе алады. Класаралық, мектепішілік шараларға белсене қатысады. Тәжірибе кезінде ол өз сыныптастары арасында жұптық, топтық жұмыстар жасауда белсенділік танытып, тұшымды ой айтып, өзін жоғары деңгейде көрсете білді. Нұржан сабаққа дайындығы орташа, оқушылармен көп араласпайды, мінезі тұйық, үйге берілген тапсырманы толық орындамайды, бірақ ертегі мазмұнын жақсы айтады. Әли оқуға қабілеті төмен көптеген пәндерден қиналады, өз бетінше тапсырмаларды орындай алмайды, сабаққа қызығушылығы аз, бірақ тәрбиелік шараларға белсене қатысады. Тәжірибе кезінде Әли басқа қырынан

танылып, мені қуантты. Топтық жұмыс кезінде Әлидің суретті, сызбаларды өте жақсы салатындығына көз жеткіздім. Болашақта осы балаларды өз қабілеттеріне қарай бейімдеп, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызсақ, нағыз дарынды, талантты азаматтар тәрбиелей аламыз. Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды. Кез -келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін ең алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Выготский бойынша «Жақын арада даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Шынымен де бірсарынды тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын төмендетеді. Мен осы бағдарламаның стратегияларын тәжірибе барысында қолдана отырып, ең бастысы дарынды оқушым Саяның білім алуға деген құштарлығы бұрынғыдан да артып, сыни ойлауы қалыптаса бастады және жоғары дәрежелі сұрақтар қоя білуге дағдылана бастады. Ал талантты оқушыларым Нұржан мен Әли бұрын сабақтарда өздеріне сенімсіздік білдіріп, тысқары отыратын болса, енді ол оқушыларымда өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады, сабаққа деген қызығушылықтары оянды.

Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдындығы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тірбиелеу-ұстаздың қолында.

Ұстаз болу – өз уақытын аямау,

Өзгенің бақытын аялау. (Ж.Ж.Руссо)



Олай болса, мұғалім оқушыны жеке тұлға ретінде дамытып, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелей білуі қажет. Сол жолда ұстаз уақытын аямай өз білімін жетілдіріп, біліктілігін арттырып,оқушылардың болашақ өміріне дұрыс бағыт-бағдар бере отырып,бағытына жол ашады.Тәжірибе барысында жаңа технологияның берері мол екенін түсіндім. Қорытындылай келетін болсам, өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдындағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында.
Пайдаланған әдебиеттер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012ж

  2. «Бастауыш сынып әдістемесі» 2013-2014ж

  3. Ғаламтор ресурстары


МАЗМҰНЫ

  1. Оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

  2. Мәтін

  3. Мәтіндегі негізгі ой

  4. Мәтін түрлері

  5. Жоспар бойынша мәтін құрау

  6. Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

  7. Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау жөніндегі рефлексивтік есеп

  8. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп

  9. Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет