ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: М.Д.
Жұмағұлов, Б.Т.Берлібаев, А.Ө.Раджапов.,
Б.Ж. Кабдушев. Барлық мамандықтар үшін семестрлік жұмысты орындауға
арналған әдістемелік нұсқау.- Алматы: АЭжБУ, 2017. – 24 б.
Әдістемелік нұсқаулар Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша
семестрлік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар мен
тақырыптар және қажетті әдебиеттер тізімдерінен тұрады.
Пікір жазған: фил.ғыл.канд., доцент Нурмаханова М.К.
«Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес
акционерлік қоғамының 2017 ж. баспа жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2017 ж.
2017 ж. жиынтық жоспары реті 151
Жұмағұлов Марат Дәулетбайұлы
Берлібаев Бақдәулет Тұрбекұлы
Раджапов Анарбай Өскенбайұлы
Кабдушев Болат Жоламанович
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Барлық мамандықтар үшін семестрлік жұмысты орындауға
арналған әдістемелік нұсқау
Редактор Ж.Н. Изтелеуова
Стандарттау бойынша маман Н.Қ. Молдабекова
Басуға қол қойылды __ ___ ___
Пішімі 60х84 1/16
Таралымы 100 дана.
Баспаханалық қағаз № 1
Көлемі 1,44 оқу бас.ә.
Тапсырыс_____Бағасы 720 т.
«Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық
емес акционерлік қоғамының
көшірмелі-көбейткіш бюросы
050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126
7
Кіріспе
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бірінші курстың барлық
мамандықтарында оқытылады. Бұл өткен пәнді жай ғана қайталау емес,
оқушының мектепте қалыптасқан білімі негізінде кешегі тарихи оқиғаларды,
ғылыми бағыттар мен заңдылықтарды
және құбылыстарды терең ой
талқысына салу, тіпті жаңаша баға беру болып табылады.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні мәселелік тұрғыда
құрастырылған және теориялық - методологиялық тұжырымдарға негізделген.
Курстың мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын
қайталамауды көздейді. Хронологиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның
тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар
тарихы басшылыққа
алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және
практикалық зерттеуде пән аралық ұстанымдар қолданылады. Тарих
ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану,
мәдениеттану, сияқты
өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың
маңызы айқындалған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай
өткенді жан-жақты
және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың
тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау,
жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті.
Мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру,
ұлттық
идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің
зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Қазақстанның
қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл
пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар
бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған
байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Ендеше
дәрісте және семинар сабақтарында курстың осынау өзекті,
шешуші
мәселелері қарастырылады, яғни пәнді толық меңгеру студенттің тарихты өз
бетінше шығармашылық тұрғыдан еңбектеніп оқуы нәтижесінде мүмкін
болады.
Студенттердің өз бетінше дайындалуының бір әдісі семестрлік жұмыс
жазу болып табылады. Әдістемелік құралда семестрлік жұмыстың
тақырыптары, әдебиеттер тізімі және әдістемелік нұсқау берілген.