Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
269
Рас айтамын, таңсәріде осы ауылдан аттанған екі жо-
лаушы асуда алақұйын көздерін байлап, ат-арбасымен
шыңырауға құлап мерт болыпты.
***
Ақбұрымның көз жасын сүрткен мүсіркегіш алақан-
дар... Бірақ оның көз жасын қарадауыл да құрғата ал-
майды енді. Құрғата алмағандықтан, әлгі бір есірік жел
де демін ішіне тартып жым болған.
Оқыс оқиғадан сескеніп жағасын ұстаған ауыл жана-
задан соң, тылсым күйге көшкендей. Сондай меңіреу
тыныштық әкелер қарақұрым бір кеште ауыл ақсақал-
дары қаралы шаңыраққа жиналып, Бүркітті ортаға ал-
ған. «Енді қарындас сенікі, Бүркітжан. Құтты орнына
қонғанша шекесінен шертпей өсіргейсің». Бұл – Бүркіт
көнген ақсақалдар шешімі.
Туған үйінің түңлігін еріксіз жауып, ата-анасын
мәңгілік тұрағына, әруақтардың ақ мекеніне аттандыр-
ған Ақбұрым жамағайын Бүркіттің босағасына келді.
Іргедегі өз үйі әлдеқайда жырақтап қалғандай. Бүркіт
үйі өзгеше жат, шыңылтыр сезілді. Бірақ, тағдырдың
кесіп алар басы жоқ. Ертең атар таң бар тағы да. Деген-
мен, іргедегі өз үйінің тұлыбын айналып бара беретін
болды. Өз төрінен әлдекімдерді іздейді, таба алмай-
ды. Сосын, қабырға кілемге өзі қастерлеп қыстырған
әкесінің терсіңді бөркі мен шеше көйлегінің омырауын
иіскелеп сыңсиды оңаша үйде. Көзі теріскен шыққан-
дай сүлесоқтанып, жас балаша сілесі қатқанда, құла-
ғына ат тұяғының дүбірі естілгендей болады да, тысқа
атып шығады. Өз қиялына алданғанына налиды: есік
алдынан тірі пенде көрмейді. Аула жым-жырт. Бұрын
жоны аршылып жататын есік алдын биылғы көктемде
шөп басып кетіпті. Адам аяғы баспаған жер осылай бо-
лады да!..Қыз қияңқыланып, бүкіл ауланы басқан шөпті
жұлып-жұлып тастағысы келеді. Бірақ, қанша күйін-
генімен батылы барған емес. Бала күнінде шөп жұлып
ойнамақшы болғанда, шешесі айтатын: «Көкті жұлған
көгермес» деп.
Мұндай жылымшы күндердің талайы сырғып өтіп
жатты. Қыз еңсесін көтертпей көзі бұлауланған күз
өтті, ақ етігі сықырлап қыс өтті. Даланың кірін шаяр
көк нөсерімен көктем де жетті-ау!
Ақбұрым келгелі Балқыштың етек-жеңі едәуір жи-
налып қалды. Кеселерінің кірі кетіп, үйінің іші-сырты
ағартылып, тазартылды. Бірақ, оны бағалап жатқан
Балқыш жоқ. Өсек терумен-ақ күні өтеді. Соның көз
алартуын көрмейін, соның көңілі тоқ болса болды деп
Бүркіт те күн кешеді. Шіркін, кеуделерінде титтей сезім
сәулесі болса, тұрмыстары қандай жарқын болған бо-
лар еді. Ойлап қарасаң, адамдықтан гөрі пенделіктері
басым... Ақбұрым жаны бұларға ежелден ұқсамайды.
Ол өмірдің сұлулығын титтей болса да сезінгісі келеді.
Бойындағы жастық жалынына қайғының қара суын
себе бергісі жоқ. Қуанышы мен мұңы аралас жататын
дүниеден әлдебір қуатты күшті іздейді. Қайда екен сол..
Мақпал түн. Ашық терезеден көктем иісі келеді. Қыз
көзі ілінер емес. Неге екені белгісіз, шешесінен гөрі
әкесі айқын елестеді. Қайран, әке! Өмірі шопандықпен
өтіп еді-ау. Соңғы жылдарда ауру-сырқауы көбейген
соң, еріксіз босанған.
Мектеп бітіргеннен соңғы екі жылда әкесінің қасы-
нан бір елі қалмай қой бағысқаны әлі есінде, мектеп
бітірерде әкесі: «Мұғалімдік оқуға барсаңшы, Ақаш.
270
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
271
Жұрттың қызы мұғалім боп әке-шешесін асырап жүр
ғой» деген. Бірақ, бұл: «Негізгі ойым – шопан болу, оқу-
ды сосын көре жатармын. Мұғалім қыз көп пе, қойшы
қыз көп пе, әке?-деп еркелей сөйлегенде, не дерін біл-
мей «өзің біл, ендеше, қалауың білсін» деп басын изей
берген-ді.
Бірақ, еріксіз тастаған әке таяғын алуға ұмтылғанда,
кейбір жанашырларының «жассың, оқысаңшы...» деген
сөзі көңілін бұзған да қалаға барған. Бір емес, екі ретін-
де де жолы болмаған соң, бала арман бүгежектеп қал-
ғандай еді. Енді міне, түлеген табиғатпен бірге сілкініп
түрегелген сыңайлы.
Ақбұрым қаракөк аспандағы сырдеске жұлдыздары-
мен тілдесіп жатқандай, олардан іздегенін сұрағандай
күбір-күбір етеді. Жұлдыздар жарығымен қызға жа-
қындағандай, қыз сыбырымен жұлдыздарға жақында-
ғандай болады кейде.
***
Көрші-қолаңды бір шарлап қайтпаса көңілі көнші-
мейтін Балқыш қара борбай баласын бөксесіне салып
жатып:
– Қыз-ай, кір-қоңды жуа сал, – деді. «Долыдан пері
қашыпты» деген. Құдықтың суы кір аша бермейді. Кір
ашылмай қалса, Балқыштың иегі дірілдей жөнелетіні
анық. Ақбұрым шелектерді мойынағашқа іліп алып,
ауыл шетіндегі өзенге беттеді.
Өзен анау белегірдің астында. Белегірге шықпасаң
оны көре алмайсың. Көлденең көк атты бұл ауылдың
өзені бар екенін біле бермейді, биік белегірдің бауыры-
на тығылып, көздің жасындай мөлдіреп аққан бұл өзен
көрінгеннің көзіне түсе де бермейді. Еті тірі кейбіреу-
лер ғана бұл ауылда аты аңыз болған Ақсу деп атала-
тын өзенінің бар екенін біледі. Егер өмір бойы Ақсу-
дың бойын жағалап, колхоз малын баққан Сұлтан деген
шалмен әңгімелесе қалсаңыз, ол Ақсу туралы аңызды
былай баяндар еді. «Мына мен сияқты Ақсудың бо-
йын жайлаған бір байдың Ақсұлу деген қызы болыпты.
Бойжеткен шағында төрт жеңгесін ертіп Пішпек жаққа
қырғыздардың тойына барған екен. Сол тойда қыз Бега-
лы атты қырғыз жігітімен танысады. Бегалы атақты ат-
бегі екен. Сырт кескіні сұлу болғанмен, тілі сақау болса
керек. Сонысына қарамай Ақсұлу Бегалыға ғашық бо-
лып қайтады. Бегалы мұны сезбей елінде қала береді
қоштасып. Той аяқталып, Ақсұлу жеңгелерімен ауылға
қайтады.
Қыз ауылға келген соң мазаң күйге түседі. Ғашықтық
дерті асқына береді. Ақырында, бір жеңгесін қолқалап
Бегалының аман-саулығын білмекке жібереді. Сақау
жігіт деп менсінбеген жеңгесі: «Бегалы саятшылық құ-
рып кетіпті. Ауылында жоқ» деп жалған айтып келеді.
Арада көп уақыт өтеді. Ғашықтық алапат дерт болып,
қыз екінші жеңгесін қолқалап жібереді. Бұл да алғашқы
жеңгенің жауабын айтып келеді. Ақсұлу қатты қамы-
ғып, арада жыл өткенде, үшінші жеңгесін жібереді. Бұл
да алдыңғы абысындарының жауабын әкеледі. Амалы
таусылған Ақсұлу ең кіші жеңгесіне сенім артып, Бе-
галыға деп кестелі орамал беріп жібереді. Кіші жеңгесі
де бір саусағын ішіне бүгіп, Пішпекке аттанған екен.
Бұл да Бегалының сақаулығын мін көріп, Ақсұлудың
көңілін біржола суытпақ ниетпен жалған хабар әкеледі.
Ауыл мен өзеннің ортасында Ақсұлу кіші жеңгесін
тосып алады. «Бегалыдан не хабар бар?!» деп жүрегі
272
МС
Достарыңызбен бөлісу: |