Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет48/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
167
ды абыздардың аманатын олардың ізін баса келген 
аға ұрпақтың өкілі ұстаз-ғалым Жұмат Тілепов бір сәт 
есінен шығара алмайды. Абыз ағалардың аманаты-әде-
биет ісіне адалдық, ғылым жолының тазалығы. Иә, ол 
«ақырын жүріп, анық басуымен» асыл текті абыз ұстаз-
дары сынды кісілік келбетіне де кінәрат келтіргісі жоқ. 
Әрдайым мұнтаздай киініп, әдебі мен сынын сақтаған 
тұлғалы жанның сырт келбетінен тектілік нышанын 
да жазбай тануға болады. Әншейінде жұмсақ мінезді, 
сыпайы жанның ғылыми пікірталастарда көрсоқыр-
лыққа, «жауырды жаба тоқуға» жол бермейтін «тура 
биде туған жоқтығына» сандаған шәкірттері мен ғы-
лыми қауым көз жеткізсе керек. Алайда, ғылымдағы 
шалағайлыққа бірер кісі тосқауыл қоя алмасы анық. 
Бұрынғы қазақтың билері де: «ғылым ақылды адамды 
дана етеді, шала ақылды адамды ақылды етеді, ақымақ 
адамды жынды етеді» деп толғаған екен. Шынында да, 
ғылым, өнер, әдебиет-қасиетті жол, еріккеннің ермегі 
емес екені классицизм эстетикасынан бері айтылып 
келе жатқан жоқ па? Алайда, қарама-қарсылық заңды-
лығы адамзатпен бірге жасап келеді? Диллема? Соны 
да шешен-билер дөп танып: «Арғымақ атта жал бол-
мас, Жабы келіп жалымен теңесер..» демей ме? Тәйірі, 
соны былай қойып, мына суретке біраз көз жүгіртсек 
қайтер екен дейміз тағы да..
Иә, профессор Ж. Тілеповтің университет аудитория-
сының мінберіне асықпай келіп, орнығып тұрып алған 
соң, әуелде жайбарақат қарлығыңқы дауыспен баста-
ған сөзі серпін ала бастады да, аздан соң ағынды судай 
тоқтаусыз ақтарыла бастады. Ғалым қарымды ойларын 
әпсәтте ұтымды дәйектермен түйіп тастап, арғымақ ат-
тай арындап, татаусыз төгіле сөйлегенде әлгіндегі мо-
мын, биязы жанның қабағы ашылып, нұр шашыраған-
дай болды, ұйыған аудитория қозғалақтап қалды.. Рас, 
бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ежелден ірге тепкен 
ұлы ғұлама М. О. Әуезовтен бастау алатын ауызша 
академиялық шешендік тағлымы, одан кейінгі профес-
сорлар З. Қабдолов, С. Садырбаев, А. Қыраубаева, Б. 
Майтанов дәрістеріндегі шешендік үрдістер көзге елес 
береді. Ұстаздар рухы тірілгендей күй кешесің...Қоңы-
рау соғылады..Сондай сәтте Жұмат ұстаз да Әуезовтей
абыздардың аманатын орындағандай бір серпіліп, өзін 
бақытты сезінеді.. Портфелін көтеріп, аудиториядан 
жадырай шығып бара жатады... «Дүние де өзі, мал да 
өзі ғылымға көңіл бөлсеңіз...» Бәрі де рас. Қалп айтқан 
жоқ Абай. Бірақ, ғалым Жұматтың «малға досқа» жаны 
қас, дүние-мансап-оның таңдауы емес, оның тіршілік-
тегі жүрек қалауы-туабітті табиғи дарын-қабілеті те-
геурінімен дес бермей әкеліп түсірген – ғылым жолы, 
ұстаздық жолы.
Жоғарыда аталған еңбектерінен басқа профессор 
Жұмат Жұмалыұлы Тілеповтің 2013 жылы «ҚАЗақ-
парат» баспасынан «Тарих және әдебиет (XIV-XX ға-
сыр басындағы әдебиет)» атты ғылыми еңбегі жарық 
көрді. Аты айтып тұрғандай, еңбек әдебиеттің тарихи 
тамырларын тереңнен талдауымен ерекшеленеді. Бұған 
дейін де ғалымның бұл еңбегін оның өзі сан жылдар 
бойы қызмет етіп келе жатқан әл-Фараби атындағы Қа-
зақ ұлттық университетінің студенттері мен ғалымдар 
қауымы ғана емес, әдебиет пен тарих мәселелері қызық-
тыратын басқа да көзі қарақты оқырман қауым жылы 
қарсы алғанына күмәнсіз сенеміз. Өйткені, бұл ғылыми 
дәреже ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, 
Елбасының өзі айтқандай, науқандық «штампқа айнал-


168
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
169
ған» кезеңнің «жемісі» емес. Керісінше, Ж. Тілеповтің 
ғылыми еңбектерінің қайсысы да сондай ғылымдағы 
жолсыздыққа өзінің шынайы таза ғылыми құндылы-
ғымен «қарағайға қарсы біткен бұтақтай» ширығып 
қарсы тұра алатын шоқтығы биік, «қын түбінде жат-
пас алмас» сынды бүгінгі таңдағы саусақпен санарлық, 
ғылыми әлеуеті жоғары еңбектердің бірі ғана емес, 
бірегейлерінің қатарына жатады десек қателеспейміз. 
Шынында да, ғылымның туын жықпайтын осындай ең-
бектер болмаса, асыл мен жасықты жыға танудың өзі 
қиынға айналып бара жатқан жоқ па? Бұрынғы әр сөзі 
мен сөйлемінде терең пайым, сара ой жататын ғылы-
ми мақала жазудың өзі компьютерлік ойыншыққа ай-
налып барады емес пе? Асыл мен жасықты ажыратуға 
келгенде «көзжұмбайлыққа» жол беруді ғылым әсте 
кешіре алмайды. Ғылымға қосар титтей де үлесі жоқ, 
ойы нәрсіз, сөзі әрсіз желбуаз кітаптар баспалардан әлі 
де төпеп шығып жатыр. Ғылыми шені «шелтірейтіп» 
барған соң, баспагерге не керек?..Мейлі, кезінде «жолы 
болған» ғалымсымақтың дүбәра дүниелері «тоқпағы» 
қанша мықты болса да, таңғы шықтай мөлдіреген ар 
мен адал еңбектен жаратылып, таза табиғи талантты 
тұғыр еткен кірпияз да кінәз ғылым адамының-Абай 
айтқан «шын ғалымның» алдына шыға алмасы анық. 
Дегенмен, сол мәртебелі ғылымның арына шіркеу 
түсіріп алған алмағайып кезеңнен бүгінде біршама 
алыстадық және алыстауға тиіспіз. Қазақстан ғылымы 
дамудың әлемдік бағыттарына аяқ басып отыр. Жоғары 
оқу орындары магистранттар мен философия докторла-
рын дайындаудың әлемдік озық тәжірибелерін игеруге 
және оны бағалай білуге күш салуда. Десек те, ғылым 
жолы- ауыр жол, «қайыспас қара нар керек, біздің бүйт-
кен бұл іске» деп Махамбет ақын айтқандай, қай жерде 
еңбек етсе де, ғылымның жүгін қайыспай көтеріп, оған 
барынша адалдық танытып келе жатқан абзал азамат, 
ардақты ғалым Жұмат Жұмалыұлының ғылымға бер-
ген сан-салалы еңбегінің бірі- «Тарих пен әдебиет» де-
сек, оны қолға алғанда «теңіздің дәмін тамшысынан 
танисың» дегендей, шын ұстаның қолынан шыңдалып
шыққан шыңболаттай саф таза ғылыми еңбек теңіздей 
тереңіне тартып әкете берді..
Аталған еңбегінде ғалым көркем әдебиеттегі тари-
хилық проблемасының көне бастауларына үңіледі. 
Оның Аристотель, Г. Э. Лессинг еңбектерінен баста-
латын екі ғасырдан астам тарихын бағамдайды. Ал, 
тарихилық мәселесінің біздің әдебиеттануда зерттеле 
бастағанына небары жиырма жылдан астам ғана уақыт 
өткені белгілі. Алайда, кеңестік дәуір кезеңінде қазақ 
әдебиетінің тарихилығы мәселесін қозғауға тосқауыл 
қойылғаны да рас. Сондықтан зерттеуші ғалым Ж. Ті-
лепов өзінің көрнекті ғалым Шәмшиябану Қанышқызы 
Сәтбаеваның жетекшілігімен қорғаған «XVIII-XIX ға-
сырлардағы қазақ әдебиетінің тарихилық мәселелері» 
деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясының 
және «XIV-XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің та-
рихилығы» атты докторлық диссертациясының көпте-
ген кедергілерге душар болғанын айтады. Зерттеушінің 
қырағы жанары аталған мәселені өзіне дейін қазақ әде-
биеттанушыларының қалай зерттегенін шолады. Олар-
дың кеңес дәуірінде жазылған тарихи романдар ауқы-
мында қалып қоймай, орыс, славян тектес халықтардың 
жәдігерліктеріндегі тарихи жайларды, сол жәдігерлік-
тер негізінде жазылған Н.М. Карамзиннің, М.Н. Загос-


170
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет