Раушан Абдикулова indd


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет24/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бахтин М.М. Эстетика словесного искусства. – М., 1979. 
2. Ауэзов М.О. Собрание сочинений в 50-ти томах. Т. 4.– Алма-
ты: Ғылым, 2001. 3.Әділова А.С. Қазіргі қазақ көркем шығармала-
рындағы интертекстуальдықтың репрезентациясы, семантикасы, 
құрылымы. Ф.ғ.д. дәрежесін алу үшін жазылған дисс. Алматы, 
2002; 312б. 
4. Бузаубагарова К.С. Фольклор и литература: к вопросу об 
интертексте // Проблемы поэтики и стиховедения: Материалы V 
Международной научно-практической конференции. – Алматы, 
2009. – С. 444-448. 
5. Ильин И.И. Современное зарубежное литеротуроведение. – 
М.: Интрада, 1999. 
6. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы.Шығармаларының екі томдық 
толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аударма-
лар. – 2005 – 296 бет.
7. Жабаев Ж. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. Ал-
маты: Ғылым, – 1-т. 1996. – 312 б.
8. Ахметов З. Поэзия шыңы-даналық. Зерттеу.-2-бас.-Алматы: 
Қазақ университеті, 2009.-368 б.
9. Хализев В. Е. Теория литературы: Учебник. – М.: Высшая 
школа, 2005. 
10. Әлменұлы Б. Шешендік сөздер.-Алматы: Ғылым,1993.-144б.
11. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер,дастандар, 
қара сөздер. Құраст. М. Жармұхамедов, С. Дәуітов. [А. Құдайбер-
диев]-Алматы: Жазушы: 1988.-560 бет, суретті,портр.
12. Абай «Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі том-
дық толық жинағы.-Алматы: Жазушы.-Т.1: Өлеңдер мен аударма-
лар.-2005-296 бет.
Жамбыл Поэзиясындағы 
шешендік иірімдер
Қ
азақ шешендік сөздері ғана емес, аты аңызға ай-
налған Асанқайғы, Қорқыт, Бұқар айтты деген сөз-
дерді былай қойғанда, Қазтуғаннан бастап, Махамбет, 
бертінгі Жамбыл, Кенен, Иса сияқты ақын-жыраулар 
поэзиясының төл туындылары, айтыстары, жыр-толғау-
лары мен термелері ауызекі немесе жазба түрде шыға-
рылуына қарамастан, «көпұлтты совет фольклорының 
алтын қорына енгені», шын мәнінде олардың фольклор 
емес, авторлығы ауызша сақталған әдебиет екендігі 
жөнінде академик Р. Сыздықова, белгілі ғалым Е. Тұр-
сынов алғаш рет пікір түйіп, сол негіздегі ғылыми па-
йымдаулар Ж. Дәдебаев, С. Негимов сияқты басқа да 
әдебиеттанушылардың еңбектерінде нақты зерделеніп, 
дамытылған еді. [1,4; 1,11] Соған қарамастан, «автор-
лығы ауызша сақталған әдебиет» деген ұғымға ғылы-
ми көпшілік құлақ арта қойған жоқ. Жамбылдың жеке 
авторлығы дабыл қағып тұрса да, кейбір танымал әде-
биетшілердің күні бүгінге дейін сол баяғы кеңестік ескі 
сүрлеуден шыға алмай, оны фольклорлық әдебиет өкілі 
ретінде танып, сөйтіп, «халық ақындары шығармашы-
лығының» фольклорға телініп келгендігін ескермеуін 
немен түсіндіреміз? Әйткенмен,бұның себебін өткенді 
күстаналаумен ғана емес, ауызша әдебиеттің жекелеген 
өкілдері шығармашылығын тәуелсіздік кезеңі әдебиет-
тануында әлі де жаңаша көзқарас тұрғысынан бағалау, 


78
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
79
көркемдік әлемін терең аша білу қажеттігімен түсінді-
руімізге болады. 
Жамбыл шығармашылығын кеңестік кезең фольк-
лорға қанша иіп апарғанымен, Жамбыл деген әйгілі 
аты, авторлығы өшпегені белгілі. Ұлы жазушы М. Әуе-
зов айтқандай, «атсыз ақын» болып кетпегендігі «ат 
берген, қартайған шағы, сол шағында оны жетістірген 
өз заманы» [2,12] десек те, сол заманның шындығын 
жырлаудағы Жамбылдың ақпа-төкпе ақындықпен, да-
нагөй жыраулықпен, суырыпсалма шешендікпен, асқақ 
азаматтықпен ұштасып жатқан ұлы дарынының құді-
реті деуге болады.
Туып-өскен, есейген жердің тұмса табиғаты мен 
Ұлдан-анадан дарыған тума қасиетті жазбай таныған 
әйгілі Бөлтірік шешен бала Жамбылды көргенде: – 
«Атың Жамбыл болса, көңілің даңғыл болар, балам» 
[1, 136] – дейді. Сөз астарында ашық айтылмаған үлкен 
сыр жатқаны анық еді. Шешеннің ой қайнарынан тұ-
нып шыққан бұл сөзі бала Жамбылдың болашағының 
зор екендігін бейнелейді. Сегіз жасынан ақындығын 
аңғартқан Жамбылдың өзі де бұл жайды: «Жасымнан 
атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл 
едім», – деп жырлайды [3,20]. 
Расында, Жамбылдың өлеңдері ауызекі айтылғанды-
ғы, кейіннен хатшыларының жазып алып отырғандығы 
баршаға мәлім. Жамбыл бұл туралы өзі де аңдатады: 
«Ағыт деп, асыл сөздің қазынасын, Сөйлесем домбыра-
ма – қаламыма» [3,126].
Қағазға түспей жоғалып кеткендері де бар. Жамбыл-
ды ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетті байланыстыру-
шы дегенімізбен, бұл арнайы текстологиялық зерттеуді 
қажет ететін күрделі мәселе болып табылады. 
Тегінде, Жамбылды ауызекі суырыпсалмалық 
өнердің өкілі деп танығанымыз жөн болса керек. Мұх-
тар Әуезов: «Төкпелік ұзақ сүре үлкен толғауда шығып 
кетеді. Осыны бірде Өтегендей, Сұраншыдай үлкен 
эпос туғызып отырса, бірде дәл келелі сүре айтыстың 
өзінің үстінде Құлманбет, Сарыбасқа Сұраншы тари-
хын поэма еткізгендей, ұзақ сүре әңгімелі жыр желісін 
жатқызып кетеді. Кейде ескі труверлер үлгісінде – До-
малақ дастанындай, тамаша көркем (Сарыбаспен айты-
сында) аңыз поэманы толғап кетеді.»-деп Жамбылдың 
сол ақпа-төкпе ақындығын ерекше бағалайды М. Әуе-
зов Жамбыл Күсеп, Сүйінбай, Майкөт ақындар өзінше 
жырлаған дастандарды қайта жырлағанда өзгеге ұқса-
майтын өрнек тауып, труверлерше түлеткен шеберлігін 
айтады [4,16]. Шынында, айтыстың идеялық құрылы-
мына ел аузында қара сөзбен айтылып келген шежіре-
әңгіме, аңызды жыр желісіне сары майдан қыл суыр-
ғандай шеберлікпен қиюластыруы аузымен құс тістеген 
жүйрікке ғана сын емес пе? Иә, ғұлама Мұхтардың қы-
рағы көзі шалмаған Жамбыл шеберлігі бар ма екен, сірә 
деген ойға қаласың... 
Сол жыршылық өнеріндегі шеберлігінің бір қыры – 
дәстүрлі батырлық жыр үлгісін өзінше жаңғыртуы. Бұл 
эпикалық жанрлардың жалғастығына көз жеткізеді. 
Академик С. Қирабаев «Сұраншы батыр» дастанының 
тарихилығы туралы айта келіп: «Дастанда дәстүрлі ба-
тырлық жырдың үлгісі жаңа мазмұнмен байытылады. 
Жырдың тағы бір жаңалығы: онда қазақ халқын Қоқан 
қол астынан азат етудегі шаруа орыс әскерлерінің пай-
далы қызметі, азаттық жолындағы күресте табысқан 
қырғыз, өзбек еңбекшілерінің достық ынтымағы на-
нымды суреттеледі»,-деп жазады [3,11]. Әрине, жыр-


80
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет