4. Идеализация – бұл шынайы өмірде болмаған және жүзеге асырылмайтын, бірақ шынайы өмірде олардың бейнелері бар объектілер туралы ұғымдарды ойша конструкциялау
Идеализация процесінде заттардың шынайы қасиеттерінен ауытқу, құрылатын ұғымдардң мазмұнына бір уақытта енгізілетін белгілерді құру жүзеге асады. Нәтижесінде идеалданған объект пайда болады, онымен шынайы объектілерді бейнелеуде теориялық ойлауды операциялауға болады. Идеализация нәтижесінде танылатын объектінің сипаттамасы мен жақтары шынайы эмпирикалық материалдан оқшауланған, теориялық модель құрылады.
Абстрактіліден нақтылыға өрлеу – бұл шектелген білімнен, нақтылыдан абстрактіліден толық, нақты теориялық білімге өрлеуге мүмкіндік беретін таным әдісі. Осындай өрлеу нәтижесінде алынған білім, зерттелетін шындықтың құбылыстармен бірлігінде мәнін сипаттайтын, ғылыми ұғымдар, заңдар мен теориялар формасында болады. Абстрактіліден нақтылыға өрлеу – теориялық танымның аса жоғары деңгейі. Қазіргі заманғы ғылымның салалары ондай деңгейге жеткен жоқ. Оның жетістіктері ғылыми танымның маңызды мақсаты болып табылады. Абстрактіліден нақтылыға өрлеу әдісі – бұл өзінше дедуктивті әдіс, ал нақтылыдан абстрактіліге өрлеу – индуктивті әдіс болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |