Разработка сборника задач по подготовке учащихся к



бет10/65
Дата02.11.2022
өлшемі3,13 Mb.
#156210
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65
Байланысты:
Timss ж не pisa халы аралы зерттеулерге о ушыларды дайындау а а
Отчет бланк 2022-2023, Заголовок Lorem Ipsum, «Фундаменталды математикалық ой-пікірлер», «математикалық құзыреттілік» - оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың негізігі факторы ұстанымдарын ескере отырып тесттік тапсырмаларды құрастыру және пайд, Timss ж не pisa халы аралы зерттеулерге о ушыларды дайындау а а, инф тест

тапсырма.


Жалғыз аяқ (соқпақ) жол бойындағы өсімдіктер неліктен өліп қалады? Жауапты бірнеше нұсқада беруге болады.




    1. тапсырма.


Құм, балшық, қарашірік, минералды тұздардың әрқайсысынан бірдей мөлшерде алынған. Олардың бәрі араластырылып, онда аз мөлшерде су құйылған. Дайын болған қоспаны топырақ деп айтуға бола ма? Неліктен?




    1. тапсырма.


Ауа райының ыстық болуы және жаңбырдың ұзақ уақыт болмауы жағдайында бау-бақша өсімдіктерін суарады. Құйылған су буланып кеткеннен кейін өсімдіктің түбіндегі топырақта жарықтары бар «қабыршықтар» пайда болады.


Қандай жағдайда өсімдіктер жақсы өседі:

  1. Келесі суарғанға дейін «қабыршықтарға» тиіспеген жағдайда. Ия/жоқ.

  2. «Қабыршықтарды» күн сайын қопсыту арқылы топырақты бұзып отырған жағдайда. Ия/жоқ.



    1. тапсырма.


Батпақты жерлерде өсімдіктердің дамуы үшін су жеткілікті, алайда өсімдіктердің өсуі мен дамуы нашар және баяу. Неліктен?


    1. тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа


7-сурет – Бөтелкедегі жұмыртқа

Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.


Тәжірибені өткізу жолы:

  • кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз;

  • қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлау қажет);

  • қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс);

  • жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі.

Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет