Күтілетін нәтижелер:
- үлгі мен ауызша нұсқауға сүйене отырып, тапсырмаларды орындайды;
- қимыл үйлесімділігінің, қолдың ұсақ моторикасыныңдағдылары бар;
- ересектердің нұсқауы бойынша заттарды түсі, көлемі бойынша табады.
Құрастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың қолдың ұсақ моторикасын дамытуға көмектесу. Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру.Ойыншықтарды қолдану арқылы оңай сюжетті орындауға баулу. Құрылыс материалдарынан ғимараттар құрастыру және құрастырудың ірі бөлшектері үшін жағдай жасау. Түрлі бөлшектерден бөліктерді ажырата, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу. Балаларға кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру туралы дағдыларын қалыптастыру (мысалы, балалармен бірлесе кірпіштерден қоршау салу).
Күтілетін нәтижелер:
- алынған қарапайым құрылғыларды атайды;
- заттарды және олардың қасиеттерін біледі және атайды;
- балалармен бірлесе кірпіштерден қоршау жасайды;
- құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсінігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |