Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б


  Бектердің бегі (беклербек) Едігенің Орыс княздарымен



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
annotation110059

 4.1 
Бектердің бегі (беклербек) Едігенің Орыс княздарымен 
қарым
-
қатынасы
 
Ортағасырлар тарихында есімі халыққа кеңінен әйгілі болып, 
фольклорлық жырларда басты кейіпкерлердің біріне айналған 
тарихи тұлғалардың бірі Едіге. Ол туралы кезінде әйгілі 
шығыстанушы және түркітанушы академик А.Н.Самайлович 
былай деп жазған еді: «...От крымских степей до алтайских гор 
известны эпические произведения, касающиеся деятелей Золотой 
Орды, например, Едигея
[1, 91 с.]. Бұл
мәселені нақтылай түсетін 
қазақстандық әйгілі ғалым Рахманқұл Бердібай осыған 
байланысты былай дейді: «Едіге туралы тарихи
аңыз
-
әңгіме тек 
қазақ
ғана емес, Сібірді, Орта Азияны, Еділ бойын, Солтүстік 
Кавказды, Қырым кеңістігін жайлаған исі түрік халықтарының 
көбіне мәлім болған. Жырдың Түркия, Румыния өңіріне тараған 
нұсқалары да көңіл аударарлық» [2, 3 б.] . Едігей, Ідага, Идике, 
Идигу, 

деген аттармен әр түрлі тілдер диалектісінде 
бұрмаланып айтылып жүрген түркілер әлемінде мойындалған ірі 
тарихи қайраткер, батыр, қабырғасы қайыспас Ер Едіге түркі 
халықтары 
жабылып 
табынатын, 
каһармандығына, 
данышпандығына, кемеңгерлігіне олар бас иетін аңызға айналған 
ортақ тұлға. Алайда Едігені жырлаған әр халық бұл жырдың 
нұсқаларын бірде толық, бірде қысқаша, тіптен кейде жырдың 
үзіндісі
түрінде айтады. Алғаш рет бұл жырдың жазба үзіндісі 
«Едиге и Тохтамыш» деген атпен 1820 жылы орыстардың 
«Сибирский вестник» атты жұрналында жарық көрді. Осыған 
ұқсас
төрт түрлі жыр үзінділерін В.В. Радлов Қырым татарлары 
мен ноғайларынан жазып алды [3]. 1895 жылы А.Белослюдов 
Едіге туралы жырдың қара сөзбен жазылған орыс тіліндегі 
нұсқасын жариялады [4]. И.Н. Березин жариялаған тағы бір 
«Расказ о Тохтамыше хане» деп аталатын жыр нұсқасында 
Едігеге арнайы тарау берілген [5]. Бүгінде Қазақстан 


145 
Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми 
кітапханасының қолжазба қорында
Едігеге арналған жырлардың 
әртүрлі
жыраулар мен ақындардан жазып алынған үлгілері 
сақтаулы. Олардың біразы бірін бірі қайталайды немесе 
толықтырады. Зерттеушілер дегенмен де, Едігеге қатысты 
жырлар арасынан ең толық жырланатыны ноғай тіліндегі нұсқа 
болып
табылатынын да анықтап отыр. Ол кезінде М.Осмонов 
дайындаған кітапқа енгізілген [6].
Бұлардың ішінен біз екінші, Ақ Орда әмірі болған Едігенің 
тағдырын әңгімелейін деп отырмыз. Біздің ойымызша, түркі 
халықтарының фольклорлық әдебиетінде кездесе беретін 
жоғарыда
аталған бірнеше Едігенің кейбірінің есімдері Тоқтамыс 
хан мен әмір Темірдің замандасы болғанатақты Едігенің 
құрметіне
қойылған. Жалпы аталған Едігелердің ішіндегі 
атақтысы да осы алтынордалық Едіге болып табылады. 
Сондықтан да түркітілдес халықтардың фольклорлық ауыз 
әдебиетіндегі
кейіпкер де осы Едіге. Тәуелсіз ел болғанының 
арқасында Қазақстан ғалымдары Едігеге қатысты түркі 
халықтары арасында
 
кезінде кеңінен таралған тарихи жырларды 
жинақтап бір кітапқа біріктіріп шығарды.
Мұндайда мынаны да ескерген жөн, қазақ зерттеушілеріне 
бүгінде бірнеше Едіге белгілі. Олардың алғашқысы Едіге 
Танашұлы ХІҮ ғасырда өмір сүрген батыр. Ол керей тайпасының 
ашамайлы керей руынан. Кезінде Әмір Темірдің жойқын 
жорықтарына 
қатысқан. 
«Қазақстан» 
Ұлттық 
энциклопедияcынан мынадай жолдарды оқимыз: «...Сол 
шайқастардың бірінде Едіге ауыр жараланып, қасындағы 
серіктері Самарқанға жеткізбек болып әкеле жатқан жолда 
Ұлытау
бөктерінде қайтыс болады» [7, 345 б].
Екінші Едіге біз жоғарыда атап кеткен маңғыт әулетінен 
шыққан, Ақ Орданың әмірі болған Едіге. «Ескендір анонимі» деп 
аталатын ортағасырлық еңбектің деректеріне қарағанда Едігенің 
әкесі
Ақ Орда әмірі Балтышақ Тоқтамыс ханның қолынан қаза 
тапқан [8, 145
-
155 бб.].
Үшінші
Едіге XVII ғасырдың ортасы XVIII ғасырдың 
басында өмір сүрген Тәуке хан ордасында билер кеңесінің 
беделді мүшесі болған Едіге би. Ол арғын тайпасының қаржас 
руынан шыққан және шешендігімен елге әйгілі болған [9, 346 б.]. 
Бұлардан басқа Әмір Темірге туыс барлас Едіге тағы бар.


146 
Бұлардың ішінен біз екінші, Ақ Орда әмірі болған Едігенің 
тағдырын әңгімелейін деп отырмыз.
«Ер Едіге» жырының қазір жалпыға мәлім қазақша үлгісінде 
батыр бейнесі жан
-
жақты да сан қырлы ашылады:
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен,
Ел шетіне жау келсе,
Мен шығайын дер екен.
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен.
Озінен бір жас үлкен болса.
Әзізім

сіз білесіз дер екен
Едіге деген ер екен
Елдің қамын жер екен.
Өзінен
бір жас кіші болса,
Ботам, сен тұра тұр 
— 
Мен сөйлейін дер екен [10, 3 б.
]. 
Тарихи деректер Едігенің тарихта болғанын, 1352
-1419 
жылдар аралығында өмір сүргенін, Ақ Орданың әмірі болғанын, 
кейінде 1396
-
1411 жылдары Темір Құтлық Алтын Орда тағында 
отырған кезінде оның Едіге ықпалында болғанын, ал Темір 
Құтлық
өлген соң Алтын Орда ханы тағына 1399 жылы Едігенің 
тікелей араласуымен Шәдібектің отырғанын, сондай
-
ақ Едігенің 
Ноғай ордасының да негізін қалағанын дәлелдейді.
Алайда кейбір зерттеушілер (Гумилев, Сафаргалиев, 
Абилеев) оны Ноғай ордасының емес, осы Орданың негізі болған 
Маңғыт жұртының билеуші үйінің негізін салушы ретінде 
қарастырады
[11, 73 б.].
Зерттеуші В.В.Трепавлов «Едіге» жырының татар үлгісіне 
және Әбілғазының «Түрік шежіресіне» сүйеніп Едігенің маңғыт 
руынан шығуы туралы пікірдің шындыққа келетінін атап 
көрсетті[11, 63 б.].
Қалай
десекте Едігенің өз заманындағы аса беделді тарихи 
тұлға болғаны күдік туғыза қоймайды. Ортағасырлық автор Әли 
Бинайдың «Шайбани
-
намесінде» Едіге
-
бектің (автор Едігені 
осылай атайды) маңғыт тайпасынан екендігі және оның Сайын 


147 
ханның, яғни Батудың тағын басып алғаны, оның тұсында 
«аймақтың халқының бақуатты, тыныш және алаңсыз өмір 
сүргені» атап көрсетіледі [12, 97].
Едіге деген ер дүрмін
Үзілмес
жібек кендірмін.
Өзі
білмегенге,
Білгеннің тілін алмағанға
Еменнен шоқпар шекесіне 
Шық еткізетін мен дүрмін, [10, 4 б.] 
– 
деп жырланатын халық жырларындағы жолдарда Едігенің 
бұл қасиеті жарқын суреттелген.
Сандаған ғасырлар бойы халықтың жадында тек жағымды 
тұрғыда сақталған Ер Едігені кеңестік кезеңдегі орыс 
тарихшыларының «ақсақалдарының» бірі академик Б.Греков 
төмендегідей қаралауға күш салды: «мәселе мынада, тарихи өмір 
сүрген Едігеймен қатар тағы бір дәріптеуге бағытталган көпе
-
көрнеу феодалдық эпостың, ноғай эпосының батыры бар. Бұл 
бектік
-
феодалдық эпоста Едіге тұлғасына берілген мінездемені 
тарихқа, аңыздан тарихи шындыққа көшіру 
— 
бұл дегенің үлкен 
қателік, тарихты бұрмалау. Пантюркистердің мүддесіне ғана 
қызмет
ететін ұлтшыл
-
шовинистік тарихнаманың кейде 
осындайға баратындары да бар» [13, 385 б.].
Б.Греков пен А. Якубовскийдің Едігеге мұндай жаулық 
көзқарас ұстауы Коммунистік партияның сол жылдардағы 
саясатымен үндесіп жатыр. Оны біз алда айта жатамыз. Бұл басқа 
мәселе. Ал енді бүгінде академик Б.Греков пен А.Якубовский 
осылай айтқан екен деп еліміз, халқымыз тәуелсіздікке толық қол 
жеткізіп отырғанда бұрмаланған тарихымызды қалпына 
келтірмей отыра береміз бе? Түркі халықтарының ауыз 
әдебиетінде
ерлігі дәріптелетін тарихи тұлға бүгінде неге 
біржақты қаралануы тиіс?
Біз әрине тарихшы болғандықтан Едіге туралы жырларға әр 
түрлі аңыз
-
әңгімелерге әдеби талдау жасаудан аулақпыз. Бірақ
оларда тарихи шындық көрініс берсе, оны айналып кету қиянат 
болар еді.
Дегенмен де Едігенің өзі кім, қай халықтан, қандай рудан 
шыққан? 
— 
деген мәселеде тарихшылар арасында әлі де 


148 
қалыптасқан
ортақ пікір жоқ. Мұның себебі көне деректердің 
Едігенің шығу тегін әр түрлі таратуларынан дер едік.
Белгілі ғалымдар Р.Сыздықова мен М.Қойгелдиев жарыққа 
шығарған XVII ғасырдың алғашқы жылдарының ескерткіші 
Қадырғали
би Қосымұлының жылнамалар жинағында Едіге би 
дастаны баяндалып, онда Едігенің түп атасы араб жерінен 
таратылады. Қысқаша айтсақ, ол төмендегідей:
Мұхамбет 
пайғамбардың ең бірінші төрт халифтерінің бірі Абу
-
Бакирден
-
Шамда патша болған. Махмуд аталығ 

оның ұлы сұлтан Катиб 
аталығ 

оның ұлы сұлтан һармаз (Мысыр патшасы) 
— 
сұлтан 
Халид (Сарсар патшасы) 
— 
сұлтан Уәлид 
— 
сұлтан Мулуд 

Әбу 
Алфеис (Антакияда (Анатолияда) патша болған) 
— 
сұлтан Салим 
— 
сұлтан Садық 

сұлтан Абулхақ (Мадайинде (Мединада) патша 
болған) Жалаладдин (Кастинатин (Константинопольда) патша 
болған 
— 
Баба Туклас (Қаббада патша болған) 
— 
Терме аталығ 

Каричи аталығ 

Ислам Қия 

Қадыр Қия 

Құтлу Қия 

Едіге би 
[14, 254 б.].
Бұл шежіре бойынша Едігенің, арғы ата
-
бабалары Терме 
аталығтан бастап Еділ
-
Жайық бойын мекен еткен және сонда 
дүниеден өткен. Тек Едігенің өзінің әкесі Құтлу 

Қия ғана 
Қаратау
өңіріндегі Құмкент қаласында дүниеден қайтқан. 
Қадырғали
би дастандағы шежірені осылай баяндайды. Біздің 
ойымызша Едігенің түп атасын пайғамбар халифынан, араб 
дүниесінен тарату Едігені құдіретті етіп көрсету үшін қолдан 
әдейі
жасалған. Мұндай пиғыл
академик Қ.Сәтпаев ел аузынан 
1927 жылы жазып алып, өзі алғы сөзін жазып Мәскеуде 
жариялаған «Ер Едіге» жырында да, Шоқан Уәлиханов және т.б. 
жинаған деректерде де байқалады. Оларда Едігені Бабай Түкті 
Шашты Әзіз диуанаға тұрмысқа шыққан перінің қызының
баласы ретінде бейнелейді. Ал тарихшы Ибрагим Хальфин болса 
Бабай Түкті Шашты Әзіз бір кездерде араб жерінде Меккеде 
патша болған деген пікірді айтады. Әубәкір Диваев жариялаған 
«Мырза Едіге батыр» эпсосында Бабай Түкті Шашты Әзіз 
айтылмаса да Едіге бәрібір перінің қызынан туады.
«Ер Едіге» жырының сан ғасырлық ұзақ тарихы бар ауыз 
әдебиетінің
әр түрлі өңдеулері мен толықтыруларынан өткенін 
ескерер болсақ, оларда әр түрлі жаңаша қияли деректердің 
кездесуі әбден заңды деп ойлаймыз.


149 
Бірақ бір нәрсенің басы ашық 

Едіге бір кездері түркі 
халықтарының отаны, алтын бесігі 
— 
болған, қазіргі қазақ 
жерінің Қаратау өңірінен шыққан ірі тарихи тұлға. Едігенің 
данышпандығы мен ержүректігін де барлық тарихшылар 
бірауыздан мойындайды. Бірақ кейбір Ресей тарихшылары оны 
ноғайдың маңғыт әулетінен шыққан десе, академик Қ.Сәтпаев 
және жекелеген шығыс тарихшылары оны түріктің қоңырат 
руынан шыққан қайраткер деп керсетеді. Оның маңғыт екенін 
мойындай отырып, бірақ ноғайлығына күмән келтіретіндер де 
бар. Мысалы, Л.Н.Гумилев өзінің «Древняя Русь и Великая 
степь» атты көлемді еңбегінде: «Шығу тегі жағынан Едіге маңғыт 
еді, бірақ оның тірегі Еділ мен Жайықтың төменгі ағыстары 
аралықтарында көшіп жүрген түрік тайпалары 
— 
ноғайлар 
болды», 

дегенді айтады [15, 458 б.].
Бұлардың қайсысы дұрыс дегенге болашақта терең талдау 
жасап, жауап беру тарихшылардың алдында тұрған міндеттердің 
бірі екені күмәнсіз. Бірақ қазірдің өзінде осы пікірлердің бәрін 
ортақ арнаға біріктіруге негіз болар мәліметтер де баршылық. 
Мысалы, ноғайдың өз ішінде ақ маңғыт атты ел бар, сонымен 
қатар
кезінде Батый әскерінің құрамында Дешті Қыпшаққа келіп 
жергілікті түркі тайпаларының құрамына сіңісіп кеткен 
маңғыттардың кейіннен қоңыраттармен бірге Әбілқайыр хан 
мемлекеті құрамындағы ең ірі тайпалардың бірі болғанын және 
Ноғай ордасының осы маңғыттар мен ноғайлардың ортақ 
мемлекеттері болғанын тарихтан білеміз. Сондай
-
ақ, қазақтың 
Орта жүзіндегі Қоңырат тайпасының Жаманбайынан таралған 
ноғай деген рудың бар екені және белгілі [16].
 
Академик В.В. 
Бартольдты тыңдасақ бұл мәселе ғылыми тұрғыдан айқындала 
түседі. Ол былай деп жазған еді: «По Зафарнаме (І, 277), мангыты 
были племенем(уймак) в Золотой Орде, из которого происходил 
знаменитый эмир Идегу (Едигей русских источников), 
современник и противник Тимура и Токтамыша. Тот
народ, 
который русские источники называют ногайцами, у Абулгази 
(Родословная тюркок, изд. Демезона...) и в других восточных 
источниках того же времени всегда именуется мангытами. В 
настоящее время как названия народа употребляется только 
слово ногай; сведения по которым род мангытоы составляет 
около 90% этого народа (Тынышпаев, Материалы, стр. 28) 
нуждаются в более тщательной проверке; как названия рода 


150 
слова мангыт, как сообщают, встречается еще и у якутов. В Бахр 
ал
-
асрар Махмуда б. Вели (л. 35а) племя (улус) мангытов и племя 
(иль) кунгратов упомянуты как два найболее важных племени 
узбеков.» [17, 556 б.]. Яғни орталарынан Едіге тәрізді ірі тарихи 
тұлғаны шығарған маңғыт деген халықтың ноғайларға жақын, 
тіптен онымен туыстас бір халық екені рас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет