Лупа арқылы бордың жұмысшы бөлігінің кесу жүйегінің бүтіндігін тексер. Кесу қасиетін шойын пластинкасын бірнеше рет (3-5) тесу арқылы тексер.
Қырланған түбір инелер
Ине серпімділігін 900С бұрышқа қисайтып кейін түзелеу арқылы тексер. Ине сынбауы тиіс.
Эксковатор
Тіс эксковаторларының беріктігін қатып қалған дентин немесе сүйекті қырып тазарту арқылы тексер.
Тіс зондтары
Зондтың эластикалығын қолды пышақ жүзіне басу арқылы тексер, Зонд серпімділікпен қалдық деформацияланбау керек.
Тіс қысқыштары
Тіс қысқыштарының беріктігін, арнайы приборда мыс таяқшасын диаметрі 8мм, күші 20кг. Қалдық деформацияланбауы керек.
Тіс элеваторлары
Беріктігін ағашқа элеватор қасықшасын тығып ағаш қабатын түсіру керек. Қалдық деформация болмауы тиіс.
Тіс шымшуыры
Ішкі диаметрі 2-2,5мм шыны түтіктен мақта тампонын алу.
Акушерлі-гинекологиялық және урологиялық аспаптардың сапасын бағалау (тауартану сараптамалық элементі)
Акушерлік стетоскоптың сапасын бағалау
Қарап тексеру арқылы стетоскоп бетінде кетіктер, кедір-бұдырлар жоқтығын тексер. Тегіс және ашық түсті бояумен боялған болу керек.
Катетерлер сапасын бағалау
Түтік өткізгіштігін, катетер түтігіне мандрена енгізу арқылы тексеріңіз.
Несеп шығару катетерінің эластикалығын 10минут дистильденген суда қайнатып, суығаннан кейін 50мм ағаш цилиндрге ораңыз. Сынақтан кейін катетерде жарылған жерлер болмауы тиіс.