аҚпаратты-дидактикалыҚ блок
Ыдыстардың классификациясы. Жасалу материалы бойынша:
Металдық ыдыстар-дүңгіршектер (флягтар).
Шыны ыдыстар-баллондар, штанглаздар
Фарфорлы-жағармайға арналған штанглаздар.
Пластмассалық-қорапшалар, шприц тюбиктер.
Ағаш жәшіктер, торлар
Қағазды-картонды-қорапшалар, пакеттер.
Төзімдік деңгейіне байланысты:
Қатты ыдыс-бөшкелер, дүңгіршіктер (флягтар), фарфор ыдыстар, барабан.
Жартылай қатты ыдыс-кәрзеңкелер, қорапшалар.
Жұмсақ ыдыстар-пакеттер, қаптар.
Қолдануына байланысты:
Алғашқы немесе жеке буу-түю-оған ашқыш, тығынмен немесе тамызғышпен тығындалған шыны флакондар, полимерлі сиымдылықтар, шыны құтылар, жұмсақ және қатты, желатинді капсулалар, полиэтиленді пакеттер алюминий сиымдылықтар және т.б. жатады.
Екіншілік буып-түю-оған картонды будалар, политилен немесе алюминий фальгадан жасалған бумалар, пакеттер, қағаз қаптар жатады.
Тасымалдық буып-түю-қораптар, жәшіктер, қаптар, контейнерлер жатады.
Біріншілік буып түю сол ыдыстағы дәрілік түрдің сақталуына керекті жағдайлар жасауға арналған дәрілік түрмен тікелей байланысқа түсетіндіктен, оларға ерекше талаптар қойылады:
Газ, бу өткізуі
Дәрілік түрге химиялық индифференттілігі
Температураның әсеріне тұрақтылығы, төзімділігі
Жарық өткізбеуі
Микроорганизмдерге тосқау ретінде тұрақтылығы
Екіншілік буып-түю ыдысқа мынандай талаптар қойылады, яғни ол алғашқы буып-түюді сақтай отырып, дәрілік затты қарапайым әрі қолайлы түрде есепке алынып, бақылануын қамтамассыз ете алуы керек. Тасымалдық буып-түю дәрілік препаратты тасымалдаған кезде оның бүтінділігін толық сақталуын қамтамассыз ету керек.
Ыдыс пен буып-түю заттарға қойылатын жалпы талаптар
Күнделікті қолдануға қолайлы әрі тұрақты болу керек.
Ашылып-жабылуы қарапайым болуы керек.
Сыртқы бетін тазалаудың оңай болуы.
Дәріні науқас қабылдамас бұрын байқаусызда немесе кездейсоқ жабылып қалмауы керек.
Дәрілердің физикалық және химиялық қасиеттерін өзгертпеу керек.
Жеткілікті мөлшерде берік және минималды көлем мен салмаққа ие болуы керек.
Арзан, әрі сыртқы көрінісі әдемі болуы керек.
Тығындаудың кең түрде қолданылатын және көп таралған түрлері
Бұралатын әр түрлі размерлі қақпақтар.
Тығындағыш элементтері бар тығындар.
Флакондар мен құтыларға арналған дәріханалық қабықтан жасалған тығындар.
Алюминий қақпақшаларымен прокладкілер.
Химия-лабораториялық ыдыстар мен дәріханалық ыдыстарды тығындауға арналған резеңке тығындары.
Буынып-түйілудің, ыдыстың техникалық деңгейін бағалаудың негізгі сапаның өлшемдері:
Буып-түюдің және ыдыстың сапалық деңгейі
Буып-түю материалдарының шығын мөлшері
Буып-түю үрдісін механикаландыру деңгейі
Буудың сапалық деңгейі буып-түю материалдарының, ыдыстардың тәжірибе жасауға, өңдеуге кеткен экономикалық шығындары мен дайындалудың өзіндік құны арқылы анықталады.
Буып-түюдің арнайы түрлері.
Компоненттерді жеке-жеке сақтауға арналған буып-түю (аралас орау). Ерітінді түрінде активтігін жоғалтатын немесе тек қолданар алдында араластырылатын препараттырды дайындау барысында дәрілік заттарды комплект ретінде жеке-жеке орайды. Тәртіп бойынша комплект 2 сиымдылықтан тұрады (флакон немесе флакон және ампула).
Шет елдерде бір-бірінен изоляцияланған дәрілік заттардың комбинирленген түрлері кең таралған. Орау-буудың бұл түрінде екі дәрілік зат бір бумада жеке камераларда орналасады, қолданар алдында дәрілік заттарды араластырады да емін қабылдайды.
Дәрілік затты ылғалтартқыштармен орау. Көптеген дәрілік заттар сыртқы орта факторларының әсіресе тұрақсыз болып келеді (ылғал, жарық, О2, ауа). Бума ішіндегі заттарды сыртқы факторлардан қорғау мақсатында көптеген шетелдік фирмалар ылғалтартқыш бумаларды қолданады. Ылғалтартқыштарды гранула түрінде қалталарда, капсулаларда немесе таблеттелген түрде пайдаланады. Ылғалтартқыш бумалар ылғал тропикалық климатты елдерде медикаменттерді буып-түю үшін кең қолданылады.
Дәрілік заттарды бір мөлшерлеп буылуы-буынудың бұл түрінде дәрінің 1 реттік мөлшерлері жеке-жеке буылып, жеке түрде этикеткаланады. Өлшеуші көмекші заттарды қолданбай-ақ дәрілік препаратты мөлшерлеп іше алу мүмкіндігі, максимальды тазалықты қамтамасыз етуі, дәрілік заттың стерильді болуы, әрі медициналық тәжірибеде қолдануына ыңғайлы болғандықтан буынудың бұл түрі алғашқы орынға ие. Ал кемшілігі: басқа буылып-түюлу әдістеріне қарағанда қымбат, сонымен қатар дайындалуы өте қиын.
Буылып-түюлудің арнайы түрлері. Балалар тәжірибесінде арнайы 1мл-ге дейінгі сұйық затты мөлшерлеу үшін жайлап ағуды қамтамасыз ететін тығыны мен кішкентай мензуркасы болады.
Ампулаларды орамдау кезінде амортизатор ретінде медициналық алигнинді қолдану жіберіледі. Ампулалары бар әр орамдауға ампулаларды ашу үшін қажетті құрал салынуы керек.
Дәрілік заттардың тұтыну ыдыстары топтық ыдыстарға салынған болуы мүмкін. Топтың ыдыс ретінде картон қорапшалар қолданады.
Шыны құтыларды, пробиркаларды, шөлмектерді аэрозольді баллондарды, алюминий термостатты пленкаға орамдап жіберіледі.
Топтық ыдысты жабыстыру немесе клейлеу ушін жабысқан қабатты лентаны, гумирленген лентаны, мелованданған қағазды, қапшық қағазды және тағы басқаны қолдануға рұқсат.
Кез келген топтық ыдыстың әр орамдалу бірлігі этикеткамен жабыстырылуы керек.
Топтық тасымалдаған орамдалған тауарды тасымалдау, қоймалау, сақтау үшін және көтерме саудамен немесе майда бөлшек саудамен сату үшін қолданады. Ол тауарды механикалық әсерлерден қорғайды. Механикалық әсерлер қорғау, бұралу, созу және тауарды тасымалдау және сақтау кезінде болуы мүмкін.
Дәрілік заттарға арналған тасымалдағыш орамдарға ағаш, полимерлі және картонды жәшіктер жатады. Бұл жәшіктердің ішкі беті қаптағыш қағазбен, пергаментпен, полиэтиленді қабықшалармен орамдап қағазбен және тағы басқалармен қапталады.
Дәрілік заттар орамдалуы кезінде жәшіктердегі бос кеңістікті дәрілік заттармен жылжуын болдырмау үшін жұмсақ материалдармен тығындалады. Тығыздығыш материал ретінде: орамдағыш алигнинді, қағаз немесе картонды, капсуласы және т.б. қолдануға болады. Алигнин мен орау массасы 20кг-нан аспау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |