Қысқыштар, айна, қайшылардың сапасын бағалау жалпыхирургиялық аспаптар сияқты жүргізіледі
бет 81/95 Дата 21.12.2022 өлшемі 0,94 Mb. #163817
Байланысты:
МФТ книга Қысқыштар , айна, қайшылардың сапасын бағалау жалпыхирургиялық аспаптар сияқты жүргізіледі (тауартану сараптамалық элементі)
Аденотомияға арналған пышақ
Пышақ өткірлігін 2 қабатталған жұқа, жұмсақ теріні кесу арқылы тексеріңіз.
Тонзиллотом
Кесу қасиетін 3-4 мм бұралған жұмсақ теріні кесу арқылы тексеріңіз. Кескін тегіс болуы тиіс.
Конхотом
Кесу қасиетін жұқа жұмсақ тері немесе целлулоидты пластинканы тістеу арқылы тексеріңіз. Кескін шеттері таза және тегіс болуы тиіс.
Жақтары босағаннан кейін қалыпты түріне қайта келу керек.
Цементтер
Фосфат – цементтің қату жылдамдығын 1г ұнтақ пен 0,8г сұйықтықты араластыру арқылы тексеріңіз. Масса 9-11 минутта қату керек.
Тіс сауытына арналған қайшы
Кесу қасиетін 0,3-0,5 мм тот баспайтын болатты кесу арқылы тексеріңіз. Металлдың ұзындығы бойымен кесіп, жүзі өтпес болмауы керек.
Тақырып №5. «Тігу материалдардың, хирургиялық инелердің, көзілдіріктік оптика, байлап-таңу материалдарының, минералды сулардың тауартанулық талдауы»
Мақсаты : Студенттерді тігу материалдардың, хирургиялық инелердің, көзілдіріктік оптика, байлап-таңу материалдарының, минералды сулардың тауартанулық талдауы таныстыру.
Оқыту мақсаты:
- тігу материалдары, хирургиялық инелер, көзілдірік оптикасы, байлап-таңу материалдары, минералды суларлың жіктелуімен таныстыру;
- көрсетілген тауарлар тобының тауартанулық талдауындағы жүйелі және тәжірибелік білім алу.
Өткізу түрі: интеллектуалды футбол
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Тапсырма №1.
Жұмыс дәптеріне ұсынылған тауардың сапасын анықталуын конспектілеу.
Достарыңызбен бөлісу: