Ауыр преэклампсияны емдеудің бір ғана эффективті әдісі
босануды шешу болып табылады.
|
Босануды тез арада шешуге көрсеткіштер (гестация мерзіміне байланыссыз):
1) ауыр преэклампсия;
2) ұрық жағдайының нашарлауы;
3) преэклампсия симптомдарының үдеуі.
Жүктіліктің 37 аптасы және одан асқанда преэклампсияның ауырлық дәрежесіне байланыссыз босануды шешу көрсетілген. Табиғи жолмен босану оперативті жолмен босануға қарағанда тиімдірек. Жатыр мойны жетілмеген жағдайда босануды индукциялау үшін (Бишоп бойынша бағалағанда 6 баллдан төмен), мүмкіндік болса, жатыр мойнын ПГ Е2 немесе Е1 (тек интрацервикалді немесе интравагиналді енгізу) арқылы дайындауды жүргізіп, соңынан ерте амниотомия және магнезиалді, гипотензивті (көрсеткіш бойынша) терапия аясында босануды окситоцинмен қоздыруды және адекватты жансыздандыруды (перидуралді анестезия) жүргізу керек.
Босану жолдары жетілген жағдайда (Бишоп бойынша бағалағанда 6 баллдан жоғары) амниотомия және босануды окситоцинмен қоздыру қолданылады.
Преэклампсияның ауыр түрінде кесар тілігі операциясына көрсеткіштер болып табылады:
Дайындалмаған босану жолдарымен босануды қоздыру жүргізгеннен эффект болмаған жағдайда.
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сыдырылуы.
Ұрық пен әйел жағдайын тиянақты мониторлы бақылау қажет (ұзақ немесе ұдайы КТГ). Әйелдің күтімі қауіпсіз жағдайда жүзеге асырылуы қажет, яғни жалғыз қалдырмау керек. Босануды оперативті жолмен шешу кезінде жансыздандыру үшін қолданылатын тиімді әдіс өткізуші анестезия болып табылады: спиналді немесе перидуралді.
Жалпы анестезияның қауіптілігі/қиындығы:
интубациялауда көмейдің ісінуінен қиындықтың тууы;
интубация және экстубациялау кезінде САҚ бірден жоғарылауынан миға қан құйылу қаупінің жоғарылауы;
Өкпе тамырларындағы қысымның жоғарылауынан өкпе ісігі қаупінің жоғарылауы.
Преэклампсияның ауыр түрі диагнозы қойылғаннан кейін 24-48 сағаттың ішінде босануды шешу керек. Кей жағдайда, жүкті әйелдің жағдайы тұрақтандырылып, ұрықтың қанағаттанарлық жағдайында, жүктілік мерзімі 32 аптаға дейін болса, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін (ЖММК) мекемелерде жүктілік жалғастырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |