Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайдың жіктелуі.
1. Созылмалы артериалді гипертензия
2. Гестациялық гипертензия
3. Преэкламспия:
- ауыр емес (жеңіл)
- ауыр
4 Эклампсия
Преэклампсияның жіктелуі
Преэклампсия – бұл артериалді гипертензияға протеинурияның қосылуы.
Жеңіл преэклампсия – протеинуриямен біріккен гипертензияға ± ісінудің қосылуы.
Преэклампсияның ауыр түрі - ауыр гипертензия + протеинурия;
- гипертензияның кез келген ауырлық дәрежесі + протеинурия + төменде аталған симптомдардың біреуі:
басының қатты ауыруы
көруінің бұзылуы
эпигастр аймағындағы ауырсыну және/немесе лоқсу, құсу
тырысуға дайындық
генерализацияланған ісіну
ауыр протеинурия (> 3,0 г/л)
олигоурия (30 мл/сағ. аз немесе 24 сағат бойына 500 мл аз мөлшерде зәрдің бөлінуі)
бауырды пальпациялағанда ауырсынуы
тромбоциттер санының төмендеуі 100 x 106г/л
бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (АлАТ немесе АсАТ 70 МЕ/л жоғары)
HELLP-синдром
Ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі
Достарыңызбен бөлісу: |