Редакция №1, 05. 09. 13. 30 беттің -сі


тақырып: Психологиялық ғылымның негізгі бөлімдері



бет2/4
Дата06.07.2018
өлшемі270 Kb.
#47371
1   2   3   4

2 тақырып: Психологиялық ғылымның негізгі бөлімдері.
Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады: 
Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы. 
Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады. Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан. 
Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады. 
Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді. 
Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады. 
Психология тармақтарын жіктеудің негізі ретінде дамудың психологиялық аспектілерін алуға болады. Бұл жағдайда даму принципі пайдаланылады. Енді психология салаларының келесі қатарын қарастырамыз: 
Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады
Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді. 
Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әр қилы механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этиология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде. 
Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезеңде әлеуметтік психология қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның күрделі мәселелері. Сонымен қатар үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған топтық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады. Шағын топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары жайлы мәселелер. Мұнда оңашаланып тұрақталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарының сыры мен жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми жэне бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі.

Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық  меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру,  терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның  ішкі мүмкіндіктерін  табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері  психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.

Психодиагностика – психологтың клиентпен  немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.

Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:

Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.

Әңгімелесу –психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының  барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену,  сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне  негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.


3 тақырып: Психологиядағы ғылыми емес зерттеулер.

Парапсихология(гр. para – маңында, төңірегінде және психология) – психологияның адамның мінез-құлықтарындағы гипноз, елестету сияқты айрықша құбылыстарды зерттейтін саласы.Парапсихологияның синонимі ретінде психотроника ұғымы қолданылады.Парапсихологияға эксрасенсорлық қабылдау, телепатия, яғни алыстағы адам туралы белгілі бір ақпарат игеруге қабілеттілік, болашақты жорамалдау, көріпкелдік, құмалақшылық, т.б. жатады. Парапсихология экстрасенсорлық қабылдау, телепатия, түс көру сияқты табиғаты айқындалмаған, функционалдық қызметі тиянақсыз психикалық құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы ретінде көрінеді.Парапсихологиялық көріністер 19-ғасырдың соңғы ширегінен арнайы ғылыми нысан ретінде зерттеле бастады.1980–1890 жылдары Батыс Еуропа елдерінің ғалымдары Парапсихологиялық құбылыстарды зерттеумен шұғылдана бастады. Пси-феномендердің нақтылығын дәлелдеу емес, аномалды деп аталатын құбылыстарды зерттеу мақсатында Парапсихология қауымдастығы ұйымдастырылды. Психология ғылымының бір саласы ретінде Германия мен АҚШ-та – gарапсихология, Францияда – метапсихика, КСРО-да – биоинформатика, т.б. атаумен одан әрі дамыды. Парапсихологияда гипноз арқылы өткізілген зерттеулер маңызды орын алады. Орыс ғалымы Л.Васильев гипноз бен экстрасенсорлық қабылдау арасында мәнді байланыстар орнатты. Ғалымдардың көп жылғы ізденістері гипноздың, идеомоторлық актілердің, субсенсорлық қабылдаудың, таңғажайып естің, есеп шығарудағы дарынды қабілеттің психологиялық заңдылықтарын танып-білуге ұйтқы болды. Дегенмен, Парапсихология қарастыратын құбылыстардың ерекше сипаты осы уақытқа дейін мамандар арасында бірде қызу айтыс-тартыс, бірде ашық күмән туғызуда.



Эзотерика - бұл адамның жеке санасы, әлемдік білім мен адам тәнінің, денсаулығының нәтижесін, ақыл мен жанның жиынтығын белгілі тәсілмен тегіс қамти алатын әдістер болып табылады. Грек тілінде «эзотерика» арнаулы адамдарға пайдалануға болатын немесе «құпия ілім» деген ұғымды білдіреді. «Эзотерика» қарама -қарсы ұғымда, яғни құпиядан жалпыға хабарлауға болатын білім ретінде де қарастырылады. Қазіргі таңдағы эзотерика ұғымына кең көлемдегі мәселелер: оккультизм, мистика, альтернативті медицина, шекаралық ғылымдар, кешенді ойлау, метафизика, сананы кеңейту т.б. мысал бола алады.

Эзотерика адамның іс-әрекетін, ойлау бейнесін, емдеу тәсілдері мен шығармашылық энергияның байланысын анықтайды. Ол өзінің түсіндіруінде тек рационалды анализ, логикалық ойлау, адам мен әлемді материалисттік тұрғыда қабылдауға негізделмейді. Эзотерика сол жақ жарты шарының қызметінің көмегімен жоғары білімге жетуге болатынын айқындаумен қатар, оң жақ жарты шарлары аймағының да « икемді» қасиеттерге ие, яғни жасырын өмірлік процестерді –интуиция, аналитикалық және интуитивтік ойлауға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Ақиқат жолы мен тегіс қамтитын ұғымға жету тек жарты шарлар қызметіне қатысты болмаған кезде ғана нәтижесін беретініне сүйенеді. Бүгінде эзотерика ақыл орнын басуға, қандай да бір ғылымның, қоғамның алдында жауапкершілікте болуға тырыспайды. Керісінше, біздің көзқарасымызды, білімімізді жетілдіруге, қабілетімізді дамытуға, өзіміз туралы білуге, өз түсінігімізді тереңдету үшін иррационалды, әмбебап тәжірибе арқылы таным әдістерінің көмегімен кеңейтуге ықпал жасайды. Қандай кезеңді алып қарасақ та, қоғамға көмегі тиер физикалық және рухани адамды дамыту актуалды мәселелердің бірі. Сол үшін басты мақсат ретінде эзотериканы жаңа жолдар арқылы түсіндірілуі қажет. Мысал ретінде мына сұрақты алайық. Біз, адамзат әлі күнге дейін өзімізді құпияның бір бөлігі екенімізді түсінбесек немесе танымасақ, өмір құпияларына қалай сенеміз? Жауап: мұндай жағдайда әрбір адамның өзін-өзі тануы, өзіндік жетілдіруіне тікелей байланысты. Бүгінгі қоғамдағы адамзаттың көкейкесті мәселе ретінде қарастыратын сұрақтары көне эзотерика шеңберінде бұрынғы заманнан орын алған. Оған мысал; әлем мен жеке тұлға арасында қандай байланыстар бар? өзін-өзі тану дегеніміз не ? Бұл ең басты өзімізге қоятын негізгі сұрақтар. Сұрақтарға ғылыми –жаратылыстану, рационалды-философиялық, әлеуметтік және эстетикалық тұрғыда жауап табу ыңғайлы, бірақ рухани, эзотериялық, интуитивті әдістер де құнды. Себебі эзотерика - адамның жаны мен жердегі тіршілік иелерінің үйлесімділігін зерттейтін ежелгі ғылым. Ол рухани ішкі күшті материядан жоғары қоятындығымен ерекшелінеді. Эзотерика гармонияны қалыптастыру үшін рухани тәжірибеге сүйенеді. Әсіресе адамдардың өзінің ішкі қабілеттерін, өзін-өзі тануына мүмкіндік береді. Адамдардың барлық эволюциялық даму жолында эзотериялық білімдер құпия білім деп саналған. Оның құпияда сақталынуының себебі қоғамның санасы оны қабылдауға дайын еместігі мен оны дұрыс пайдалана алмауында еді. Бұрынғы, мейлі қазіргі заманғы адамдар болсын, олардың әлемді өзіне бағындыру үшін бағытталған эзотериялық білімді дұрыс пайдаланбауы өздеріне зардабын тигізуде. Кез келген білімді дұрыс пайдаланбау, адамдарға қауіп төндіреді. Сондықтан эзотериялық білімдер өте күрделі болғандықтан, оны бұрынғы, қазіргі заман адамдары да аз қолданады. Олардың көпшілігі бұл ілімді жоққа шығарады. Себебі ол адамдар өзінің өмірінің терең мағынасы неде жатқанына мән бермейді.



Медитация ( лат. – ойлану, толғану) –сананың терең ойға, зейінін қандай да бір затқа тұрақтауы. Медитация кезінде сыртқы зейіннің бөлінуі (жарық, дыбыс) мен ішкі әлемге (физикалық, эмоциалдық т.б.) кедергі келтірмеуі тиіс. Медитацияның психологиялық жаттығуларын түрлі формада, адамның мәдени –тарихи тұратын жеріне байланысты қолданады. Көптеген куәгерлердің айтуынша медитация шығыс еліндегі Үндістан мен Қытайда көне заманнан бері сақталған.

Ал ХХ ғасырда медитация әдістерін кейбір психоанализ, психофизиологиялық жаттығулар, терапевтік эффекттер үшін мектептерде пайд аланған.Ал Шығыста медитацияны адам өмірінің бір бөлшегі ретінде қарастырады. Медитацияның ешқандай іс-әрекетке қатысы жоқтығын, оны алу мүмкін еместігін шығыс медитациясымен айналысатын адамдары ескерткен. Себебі ол зат емес, ол әрбір адамның өзі. Медитация өз мүмкіндіктерін саналы қабылдауға, адамдардың кім бола алатынын, неге қол жеткізетінін, нені аяқтамай қалдырып кеткендігін анықтауға мүмкіндік береді. Писхологтардың зерттеулерінде адам өз мүмкіндіктерінің 5%- ін ғана өмір сүру барысында пайдаланады екен. Ал 95% - ін әлі ашып қолданбаған. 100 %-ң ішінен 5%-і аз көрсеткіш. Тек медитация ғана адамның өз-өзінің ішкі әлеміне апаратын, дамытатын жол. Ол эзотериканың ең негізгісі. Қазіргі кездегі адамдардың пайдаланып жүрген медитацияларының барлығы Шығыста пайда болып, өркен жайған. Сондықтан адамдар нағыз медитация мен ойды образдың қабылдауы мен шатастырмауы қажет. Медитация ең алдымен отбасындағы, ұжымдағы ішкі үйлесімді сақтайды. Біздің тілімізде оның екі ағымы бар: сенсорлы және моторлы. Моторлы ағымда тәннің барлық еріксіз қызметтері: тыныс алу, қан айналу т.б. жауап береді және тәннің өміріне қолдау жасайды. Сенсорлы ағым болса - бұл сана. Ол сезім мүшелері арқылы, яғни ой, арман, сезімдердің сыртқа шығуына бағытталады. Бүгінде біздің сезіміміз, ойымыз, денсаулығымыздың барлығы бір-бірі мен тығыз байланысқан.Тыныс алу медитациясы адамның саналы болуына көмектеседі. Сол себептен бұл күйге түскен адам одан шыққысы келмейді . Егер адамның медитацияға кіргісі келсе, уақытқа шек қоймауы тиіс. Себебі : тыныс алу медитациясы адамның белгілі сана деңгейіне қол жеткізеді.Егер медитацияны батыстық ойлауы қалыптасқан адам жасаса, оған тұрлі иллюзиялар әсерін тигізеді. Ойлау процесі мен ақыл – ой логикасы оның басынан кетпейді. Егер адам өз миынан шыға алмаса, жүректің кеңістігін сезіне алмайды. Сол үшін мыңдаған жылдар бойы ақыл жүрекке жол ашпауда. Адамзат өз тәніндегі жанның қозғалмалы екенін білуі тиіс. Медитацияда біз қандай күйде болсақ, түсте дәл солай. Ең басты ерекшелігі түсте адам еш нәрсені саналы қабылдамайды, ал медитацияда толық саналы күйде болады. Адам ұйқымен, түспен тікелей байланысады. Себебі адамның ұйқысына қарап, оның қалай өмір сүріп жатқанын білуге болады. Егер адамдар нашар ұйықтаса, оның өмірі босқа айналады. Оның барлық байланыстары шиеленіске түседі. Ал керісінше жағдайда түс адамды сана асты күйіне алып барады. Американ психологтары түсті үлкен құпияға жатқызады. Бірақ түс толық аяқталған ойға жатпайды. Себебі онда ұйқы мен сергектік арасындағы күй қозғалыста болады. Сондықтан сергектік пен ұйқының арасынан түс орын алады. Адамның уайымшыл ойы бір орында тұра алмайды. Тіптен түнгі ұйқы кезінде де ол тәнге тыныштық бермейді. Ішкі тынымсыздық тәннің уайым кешуіне ықпал жасайды.Сол үшін ой мен түстің арасында аз ғана айырмашылықтар бар. Ой түске қарағанда мәдениеттілеу. Мәселен: абориген тайпаларының балалары сөз жүзінде емес, сурет немесе бейне арқылы ойлай алады. Адам ұйқы кезінде барлық күндізгі қасиетін жоғалтады. Ол өзінің ғалым, жоғары білімді адам екенін ұмытып кетеді. Түнде сөздің барлығы суретке айналады. Түс адамның ұйықтауына маза бермесе, ал ойлар оянуға мүмкіндік бермейді. Егер түс жойылса, ұйқы толық, егер ой жойылса, ояну жеңіл соғады.Адам -бұл толған ауыртпашылық, онда көкейкесті мәселелер аурудың түрлері, уайым-қайғы, кедергілер өте көп. Оның даму эвалюциясында «ауру »көп болғандықтан ол өзінің табиғилық қасиетін қабылдай алмайды. Осының барлығы оның тынымсыз болып қалуына әсерін тигізген.Бұл жағдайдан шығару үшін адамға 2 әдісті қолданған. Біріншісі – медицина, ал екіншісі - медитация. Медицинаның әрбір ауруын және қарастыратын болса, ал медитация адамды ауру ретінде қабылдайды. Бірақ әр адам әртүрлі ауырады. Оның басты себебі ауруда емес, адамның өзінде.Сол себептен медитация адамның ішкі әлемін тереңірек ашады. Бірақ медицинадан медитация, медитациядан медицина бөлек жүре алмайды. Оның кілті адамның тән мен жаннан құралуында. Мың жылдар бойы адамдар тән мен жанды бөлек қарастырған. Сондықтан медицина мен медитацияны бөлек бөлек деп санаған . Бірақ қазіргі заман адамдары тән адамның көрінетін, ал жан көрінбейтін бөлігі деп қабылдайды.Біріншіде медитация адамзат тіршілігінің екінші жағынан қарайтын дәрумені. Әрине, дәрілер материядан және химиялық заттардан құралады; Ал медитация санаға тәуелді болады. Медитацияға арналған дәрі жоқ. Бірақ адамзат медициналық әсер ететін дәрі - дәрмектер шығаруда. Мәселен; меоналин, марихуана т.б. Бұл жасалған дәрілердің барлығы да адамның өзін-өзі алдауына әкеліп соқтырады.Қашан адамның санасы іштей сау болады. Ең бастысы ол өзінің ішкі әлемін саналы сезінгендігінде ғана. Себебі саналықтың екі жағы бар; Егер тәжірибе жасап көретін болсақ бірі сыртқа , ал екіншісі ішке бағытталғанын байқаймыз. Медитацияның басты негізі адамның тәнінің және өзін сезіне бастауында. Адамның 70% ауруы ақылға бағытталған. Бұл аурудан құтылу үшін гипноздың көмегімен жазуға болады. Бірақ адамдардың 70% ауруы психикалық болып табылады. Олар тәнде, ақылда тудындайды. Егер адам өз санасында аурудың жоқтығын айтатын болса, онда ауру жоғалады. Себебі ақыл тәнде билік етеді. Адамның 70% ауруын ақылдың көмегімен жазуға мүмкіндігі бар. Ал 30% -ті ғана тәнге тәуелді болады.Қазіргі кезде Шығыстың басты елдері - Қытай, Жапония, Үндістан, Корей және тағы басқа транстық емдеу техникалары медициналық трансқа негізделіп құрылған. Ол елдерде ежелгі медитацияның дәстүрлі түрлерін әлі күнге дейін қатаң тәртіппен сақтаған. Шығыс шеберлері (Судзуки және т.б.) медитациялық транс пен гипноздың арасында өзгешеліктер бар деп қарастырмайды. Қайта гипнозды медитациялық транстың психотехникалық әдісінің бірі деп санайды.Ал Д.В. Кандыба ( 1990 ), Л.П. Гримак ( 1991 ) және т.б. үлкен гипнотерапевттер медитациямен гипноздың арасында психофизиологиялық күйдің ерекшелігі бар екенін, ал медитацияда ешбір нейрофизиологиялық және психологиялық көрініске ие болмайтынын дәлелденген.Медитациялық транс (медитация) - бұл психофизиологиялық күйдің құрылымдық өзгеруі. Егер гипнозда тыныштықтағы гипноз ұйқы, альфа-ритмнің көбірек немесе азырақ сөнуі бета – ритмнің амплитудалары мен тазалығының төмендеуі, дельта толқындарының төменгі тазалығына ауысуы т.б. әсер ететін болса, сонымен қатар гипноздық күйде дәл сергектік кұйдегі секілді қандайда бір белсенді әрекетті, ми блогын жазып алуға мүмкіндік болады. Ал медитациялық күйдегі адамдарда үнемі альфа - ритмі (тыныштық күйі ), кейін оның тазалығы бірте - бірте төмендейді де, тета – ретм пайда болады.

Жалпы «медитация» сөзі латынның meditatio (орталыққа жылжу) деген сөзінен шыққан. Дәл осы медитацияда орын алатын секілді күш – қуатты пайдаланбастан, адам өз - өзінің ішкі орталығында болады. Сол кезде адамда жоғарылау сезімімен қатар, болып жатқан жағдайды анық көріп, саналы қабылдау процесі жүреді. Кризистік жағдайда тыныштық сақтау қабілеті қалыптасады. Адам осы бақылау пунктінен өзі туралы, өзге адамдар туралы көп түсінік алады. Өзге адамдардың өмірінің сценарилері немесе тағдыры неліктен олай болғанын түсінеді. Мәселен, ол адамды ата-анасы баласы ретінде қабылдамады ма Егер жауап «иә » болса, оның өмірлік жағдайына әсер етті ме Анасы үлкен ұлына өте үлкен мейірімділікпен қараса, ал кіші ұлы анасының алдында жақсы көріну үшін үлкенімен үнемі күресте болды ма Бұл адам қорқынышта өмір сүрді ме т.с.с. Осының барлығы адамға біреу үшін жазылған сюжеті сияқты болып көрінеді де, оның ескірген эмоциялық «жарақаттары » жазыла бастайды.Ендігі кезекте медитацияның дұрыс орындау ережелерімен танысамыз. Медитацияны күніне бір мәрте тамақтан кейін 1-2 сағаттан соң пайдалануға болады. Мүмкіндігінше ешқандай адам кедергі жасамайтын кезде қолдану тиіс. Медитация 15 минуттан, бірнеше сағаттарға да созыла алады.15 минуттық медитациялар нәтижелі болады. Медитацияның шектеулі уақыты жоқ болғандықтан, оны әрбір адам қай кезде аяқтайтынын өзі сезінеді.

Мамандардың айтуынша медитацияны орындамас бұрын ешкім кедергі келтірмейтін жерді таңдап алу керек. Таңдалып алынған жер жылы, ыңғайлы болуы тиіс. Ал позаға тоқталар болсақ, ол сан түрлі мәселен; үндістер «лотос», жапондықтар өкшеде отыру позасын пайдаланады. Бұл позалар балалық шақ кезінен үйренген адамдарға қиындық тудырмайды. Ал батыс адамдарында әсіресе отыздан асқандарға ыңғайсыз келетіндіктен денені ауырлық сезімі ұялайды. Бірақ ғалымдар үстелде отырып, денені тік ұстайтын позаны жөн көреді. Медитация кезінде бүкіреймей, денені бос ұстап, аяқты жерге қойып, екі қол тізеде еркін жатады.Медитация алғашқы деңгейде адамдардың концентрациялауын қажет етеді. Мысалы; иттің өзін қоян орнына қоюы, мысықтың құсты аулауы секілді, медитация кезінде де дәл осындай сезімдер кездеседі.Концентрациялау әдісін үйренген адам күнделікті өмірде де, тіршілік ететін не тіршілік ептейтінді ажыратады, күрделі тапсырмаларды нәтижелі орындайды, стрестік жағдайларда ұстамдылық танытады, жүрек және артериалды қысымы төмендейді.

4 тақырып: Психологиялық ғылымның дамуы. Ғылымға дейінгі психология

Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы ұзақ және тарихи қысқа болды.Ежелгі Грецияда психикалық құбылыстарды түсіндірмек болған.Онда психика, жанды табиғаттың 1 бөлігі ретінде қарастырған: жануарда-жан бар, ол қозғалыс пен даму көзі. Жан денеден тыс өмір сүреді де адам тағдырына, денсаулығына,сәттілігіне әсер етеді. Психика табиғатын бұлай түсіндіру анимизм деп аталады (латын тілінен anima –жан,дух).

Психиканың түсіндірілуі бұдан кейін Демокрит және Плотонмен байланысты. Демокрит – психиканыматериалистік тұрғыда түсіндірушілердің бірі. Жан атомдардан тұрады және кездейсоқ құбылыстар болмайды,-деген. Плотон-І идея, ІІ материалды дүние, деген.Плотон- философия идеализімнің басы.

Антикалық ғалымдар, философтар,дәрігерлер психика мен ми байланысын түсіндірді, психика мен қоршаған орта, адам психикасының тұрақты индивидуалды көрсеткіштері туралы көзқарасын ұсынды.

ХІVғ дін адамдарды зеріттеуге тыйым салды. Бірақ ХVғ механика психологияның дамуына көп үлес қосты.Механиканы адам мен жануар психикасына алғаш рет қолданған.Декарт ол адам организімінің техникамен салыстырады, ол жануарда жан жоқ, ол тек сыртқы әсерлерге жауап береді,сол оның тәртібі, деді.Ламерти жануарлар машина тәрізді дегенді адаммен байланыстырды.Декарт рефлекс және сана ұғымдарын енгізді, бірақ оларды «бөліп тастады».Жануар тәртібін және адамның кейбір қылықтарын рефлекторлы деуге болады,-деді. Сана – тек адамның өзін-өзі бақылауына ғана болатын,тұйық құбылыс,-деді.Дене тек қозғала алады, жан-тек ойлайды, деген. Бұл ғылым дуализм деген атқа ие болды.

Спиноза – дуализімнен асып, адамды тұтастай қарастыруды ұсынды.Ол адамды 3 қозғаушы күш бар деді, ол: қуану, қайғыру, ынтығы және эмоцияналды күйлер пайда болады. Қайғыру – дене белсенділігін азайтады, қуаныш – көбейтеді.

Дүниетанудағы сезімдердің Лок негізін қалады, дамытты. Ол сенсуализім деп аталды. Ол ақыл-ойда сезім органдарынан өтпеген ештеңе жоқ деді. Нәрестенің психикасы – «таза тақта», тәжірибе оған мазмұн жазады,-деді. Психикалық әрекеттің негізгі миханизімі – ассоциация.Ассоцация ілімі ХХғ басына дейін етек алды.

Француз психологтары ХVІІІғ Дидро, Гольбах, Гельвеций, Кондильяк адам психикасының әлеуметтік дитермикациясын ашты.

ХІХғ басында психиканы түсіндірудің жаңа бағыттары пайда болды, психология ғылым ретінде қалыптаса бастады.Осы кезде анатомия мен жүйке-жүйесінің физиалогиясы дамыды.Чех зеріттеушісі Прохазка, француз зерттеушісі Мажанди және ағылшындық Белла сенсорлы және маторлы жүйке жолдарын ашты және Декарттың рефлекторлы доға идеясы іске асты.

Австрия анатомы Гальдің френалогиясы (грекше pxren-жан) кеңінен тарады. Ол қабілеттіліктер ми құрылымына байланысты, бас сүйегіне қарап ми дамуы мен адам қабілеттіліктері туралы айтуға болады,- деді және зеріттеушілер ми мен психикалық әрекетті зеріттеді. Осы кезде Фритче мен Гитцег қозғалыс орталығы, сезім, Брока, Вернике (моторлы және сенсорлы сөйлеу) орталықтарын ашты.

Осы кезеңде сезім органдарының физиялогиясы дами бастады (Мюллер,Гельмгольц). Дарвин қағидасына сүйене психика эволюция нәтижесі ретінде қарастырылды.

Психиатрия мен көтеріліп ауратындарға көзқарас өзгерді. Бұғанға дейін оларды диявл билеген деген, (мұндай суға салған, ауырту тітіркендіргіштерін жасаған т.б). Психикалық ауруды емдеуге болатындығы норма мен паталогия ұғымдарын ашты.

ХІХғ ІІ жартысында биология, физиология, медицина, ғылымдарының дамуымен психология ғылымы пайда болады.

Ғылыми психологияның пайда болатына эксперементтік әдістердің енуі әсер етті, бұған дейін тек интроспекциялар (өзін-өзі бақылау) болған. Осы кезде Вебер сыртқы тітіркендіргіш күші мен сезіну көлемінің қатынасын анықтады, Фехнер осы заңдылықты математикалық қорытындылады. Гельмгольцтың, сезім органдарының психофизиялогиясы жұмысы пайда болды.

Эксперементалды психология 1879ж 15сентябрьде Германияның Лейпицг қаласында Вельгельм Вунттың эксперементальды психологиялық лобараториясының ашылуынан басталады. Түйсіну, қабылдау, реакция жылдамдығы, ассоциациялар, сезімдерзерттелебастады. Вунт объективті зеріттеу әдістерін қолдана отырып, оны интерпритациялауда идеалистік көзқарас ұстанды. Психикалық реакцияларды зеріттеуде өзін-өзі бақылау негізгі орын алды.

Матералистік психологияны 1863ж Сеченевтің еңбегі дамытты рефлекс-адам психикасының негізгі миханизмі деді. Рефлекторлық доға түсінігін рефлекторлық сақинамен алмастырды.

Ресейдегі І психологиялық лабараторияны В.М.Бехтерев ашты медицинада, жас ерекшелік, әлеуметтік психологияның негізін қалады.

ХІХғ аяғы-ХХғ басында қолданбалы эксперементальды психология дамыды.Эббингауыз эксперементте сандық талдау жүргізді де, өзінің психологиялық заңдылығын ашты.

Гальтон индивидуалды ерекшеліктерімен тестті ашты. Алғашқы шетел зеріттеулерге арналған тесттерді Француз психолыгы Бине енгізді.

ХХғ психологияны зерттеу пәні мен әдістері туралы көзқарастар бірікпеді, бірнеше психологиялық мектептер пайда болды.



Бихевиоризм. Бехтерев, Павлов ықпалымен америка психологиясында пайда болды. Бағдарламасын құрған Уотсонтерминін енгізді. Адам санасы, еркі қабылдауы т.б «қара жәшік» деді. Дене белсенділігі сырт ортаға ішкі реакцияға байланысты көрінеді.

Толмен стимул-орта, звено, реакция-аралық өзгеріс терминін енгізді, ол күту, білім, бағдар бұдан Когнитивті бихевиоризім деп аталды және Холм Скиннер.

Гештальт-психология (неміс Gestalt-бейне, конфигуранция) ХХғбасындаГерманияда пайда болды. Негізін қалаушы Вертгеймер, Келер, Коффки.

Тәртіп – рефлекстер байланысынан кең, тұтас. Мысалы: қабылдауда тұтас бейне пайда болды, бұл- гештальт, ал тез арада есепті шешу- инсайт.



Психоанализ Фрейд: Жеке адам белсенділігі-бейсанада. Психика құрылымы: бейсана - Ид (Оно), сана алды - Эго(Мен), саналы - Супер эго (Жоғарғы Мен). Бейсаналы энергия көзі - сексуалдылық. Ид-организімді соматикалық және психикалық процестер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет