Редакция №2 02. 09. 09. орнына Редакция №3 13. 09. 12. 36 беттің -сі
Ойлаудың теориялық түріне бағдарланған оқыту тәсіліне: оқу міндеттерінің жүйесі мен проблемалық тәсілді жатқызады. Оқу міндеттерінің жүйесі тәсілі жақындағы және алдағы мүмкіндіктерге бағытталып, мақсат қою, мазмұндық талдау, мазмұндық жоспарлау, мазмұндық рефлексия, басқару, бағалау сынды оқу әрекетінің қалыптасып дамуына алғышарт болады. Оқытудың проблемалық тәсілі жалпы дамуға, естің дамуына тірек болады. Оқытудың бұл тәсілдері теориялық ойлаудың ары қарайғы дамуына үлес қосады, басым болып ойлау үрдістеріне арқа сүйейді, студенттерде оқу мәдениетін қалыптастырады. Эмпирикалық ойлауға бағдарланған оқыту тәсіліне оқытудың барлық тәсілдері жатады. Берілген тәсілдер басым түріне қарай оқу қызметінде ес процестерінің дамуы мен пайдаланылуына арқа сүйеді. Теориялық ойларды пайдалануға бағдарланған оқу тәсіліне іздеу, зерттеу және өндіруші түрлерін жатқызады: олар мазмұндық рефлексияның дамуына, мазмұндық талдау, мазмұндық жомпарлауға, мақсаттарға, ішкі басқаруға әсер етеді. Берілген тәсілдерді меңгерген студенттер оқу еңбегі мәдениетіне ие болады (яғни лекцияларды конспектілей, проблемаларды талдай алады және т.б.), онымен болмай, бұндай студенттерде ЖОО оқй үрдісінде ақыл-ой дамуында жоғары деңгейдегі өзгерістер байқалады. Ойлаудың эмпирикалық түріне бағдарланған оқу тәсілінерепродуктивті тәсіл жатады. Олардың сипаттамасы оқытудың дәстүрлі түрлерінің сипаттамасымен пара-пар. Алайда негізінен осы тәсілдерді қолданатын студенттерде теориялық ойлаудың әлсіз дамуы, оқу қызығушылықтарының тарлығы, тұрақты оқы мотивациясының жоқтығы, жоғары оқу үрейлілігі байқалады. Дәл осы жағдайда студенттер қиыншылықтардың екі қатарына тап болады: қиыншылықтардың бірінші қатары – ол оқыту мен оқу тәсілдерінің арасындағы қарама-қацшылық ретінде көрінсе, екінші қатарында олар оқу міәндетін шешу кезіндегі олардың өздері ие білім деңгейі мен қажетті білім деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Қиыншылықтар берілген материалдың үлкен көлемі болған кезінде кездеседі, себебі бүнда есте сақтау мен оқытуды қайта жаңғырту процестеріне арқа сүйеу жүреді. Осылайша, біріншіден, психологияны оқу кезіндегі психологиялық емес факультетерде оқитын студенттері оқыту мен оқу міндеттеріне қарамастан қиыншылықтарға тап болады. Екіншіден, проблеманың өзегі оқу кезіндегі пайда болатын қиыншылықтарды кең танымдық қажеттіліктерді қалыптастыруға үлес қосып қиыншылықтар қатарына ауыстыруда болып табылады.
Дидактика принциптерінің мәні мен ролін түсіну үшін келесі түсініктерді логикалық қатарға тұрғызу маңызды: «заңдылықтар» - «оқыту теориясы» - «проблема» - «форма» - «әдіс» - «тәсіл» - «құрал». Бұл түсініктердің логикасы: еориядан тәірибеге дейін екені енді ұғынықты. Дидактикадағы заңдылықтар: меңгеру әрдайым белсенді ақыл-ой қызметінде жүреді. Бұл заңдылықтар негізінде оқытудағы белсенділік және өзбеттілік процестері жүзеге асырылады. Дидактикада оқыту екіжақты процесс ретінде анықталады, бұл процесс ұстаз (оқытушы) бен оқушы (студент) арасындағы өзара әрекет ретінде жүзеге асырылады. Бұл үрдісте оқушылар танымдық әрекеттікң білім, ептілік, дағды және тәсілдерін меңгереді. Дидактикалық принциптердің мазмұнын ашсақ, оқыту теориялары педагогтарды оқу сбақтарын қалайша өткізу керек екендігіне, оқушылардың белсенділігіне ұалай күш беру керек екендігіне т.б. бағдарлайды. Оқыту теориясының алгоритмдері дидактика принциптерінің арқасында құрылып келді. Егер де формалар оқытуды ұйымдастырдуың тәсілдері болса, онда әдістер – оқушылармен өзара әрекет етудің тәсілдері болады екен. Әдістің өзіне тәсілдердің белгілі бірізділігі кіреді. Басқаша айтқанда, тәсіл дегеніміз – бұл әдістің органикалық бөлігі болып табылады. Осылайша, теориялар, әдістер мен тәсілдер дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін жүзеге асырады. Қала берсе оқытудың құралдары – визуалды, дыбыстық-техникалық, кинематикалық және т.б. – дидактиканың өзіндік бір тілі болып табылады. Педагогикалық ғылымдағы дидактиканың принциптері бірнеше ғасырлар бойы ойластырылып жасалынып жатыр. Олардың негізін салушысы болып ұлы славяндық педагог Ян Амос Коменский (1592-1670) саналады. Одан кейін оқытудың принциптерін батыс еуропалық және отандық педагогиканың классиктері жалғастырды. Сонымен қатар, дидактика принциптерінің жалғасы әлі де жүзеге асырылып жатыр. Олар екіге бөлінеді: классикалық және қазіргі күндегі пинциптер. Оларға қысқаша сипаттама беріп кетсек. Бірізділік принципі ең басты оқу материалан зерттеудің тәртібі мен логикасын көрсетеді. Преемственность принципі конструктивті жоққа шығару идеясын көрсетеді. Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі оқушының материалды саналы, белсенді оқуын ұйғарады. Меңгерудің беріктігі принципі – жай сөзбен айтқанда – қайталау және жаттау. Жоғарыда аталғандар – дидактиканың классикалық принциптері болып табылады. Дамыта оқыту принципі біз тек фактологиялық қана емес, сонымен қатар теориялық деңгейде ойлауға үйрету болып табылады. Оқыту үшін оптимальды жағдайларды құру принципі – педагог пен оқушы арасындағы жағымды моральдық-психологиялық қатынастың құрылуы мен стихиялы стрестік конфликтілі жағдайлардың профилактикасы т.б. Оқушылардың оқыту процесіне саналы түрде қатысуы принципі. Алға ұстар оқыту принципі оқу материалының меңгерілуі мен оқытылуының белгілі бір ритмін қамтамасыз етуге арналған. Тірек принципі – білім беру үрдісіне тірек болатын конспектілерді енгізуді алғышарттайды, оларды дидактикалық сызбалар дейді. Дидактикалық сызба дегеніміз - өте қысқа, жүйелі түрде жасалынған, эмоционалды формада көрсетілген оқу материалы. Қиыншылықтардың жоғары деңгейінде оқыту принципі оқушылардың ақыл-ой мүмкіндіктерінің белгілі бір шегінде жұмыс істеген кезінде қолданылады. К.Д.Ушинскийдің өзі-ақ ақыл-ой дамуын адам денелік дамуымен салыстырып көрсеткен болатын. Оқытудың әрбір принципі өзіне тән дидактикалық қызметке ие болады. Оқыту принциптері жүйелі жиынтық ретінде пәндік әдістемелердің теориялық тәректерінің бірі болып келеді. Жай сөөбен айтқанда, дидактика – жалғыз болса, қанша пән болса, соншама пәндік әдістемел түрлері болады екен. Дидактикалық принциптердің пәндік әдестемелерінде жүзеге асырылуы – теория мен тәжірибенің байланысының жеке жағдайы болып табылады. Пәнді оқытудың мақсатына – оқушылардың жалпы білім беруі жатады. Оқыту принциптері мұғалімді оқу пәнінің ерекшеліктеріне байланысты оларды қандай формада көрсетуі байғдарлайды. Мұғалім дидактикалық пинциптердің мәнін ұғынған кезде, оның ойлауы ғылыми ойлаумен беттеседі екен. Дидактикалық принциптердің пәндік әдістемелермен байланысы біржақты болып келмейді. Бұнда теория мен тәжірибе байланысының ортақ диалектикасын ұйғару керек. Психологияны оқытудың үрдісі: формалары, құралдары, әдістері. Психология курсы бойынша лекция сабақтарын даярлау және өткізу. Өмір бойы жоғары мектептегі оқытудың бастапқы ұйымдастырылған формасы мен әдістемесі лекция болып болып табылатын. ЖОО лекция – оқытудың дидактикалық циклінің негізгі звеносы. Лекция сөзі латыннан «lection» - оқу дегенді білдіреді. Лекция ежелгі Грецияда пайда болды. Ресейде оқытудың лекциялық формасын дамытқан М.В. Ломоносов болып табылады. Оқытудың лекциялық формасы басқа ешбір сабақ түрімен ауыстырыла алмайтын кездер болады:
жаңа курстар бойынша оқулықтардың жоқ болуы кезінде лекция – ақпараттың негізгі қайнар көзі болып табылады; нақты тақырып бойынша жаңа оқу материалының оқулықтарда әлі басылып шықпаған кезінде; оқулықтың белгілі бір тақырыбы өзбетті оқу үшін тым күрделі болған кезе; курстың негізгі мәселелері бойынша қарама-қарсы концепциялардың болуы кезінде. Лекцияның артықшылықтары: лектордың аудиторимен көркемөнерлік қарым-қатынасы, эмоционалды әсер етуі; лекция – білімдердің негізін жалпы түрде алудың өте үнемді тәсілі; лекция жақсы тыңдалып түсіндірілген кезде ойлау қызметін белсендендіреді. Алайда оқыту процесі лекциядан басталып тәжірибелік сабақтарда жалғасып, өзбетті жұмыста тереңдетіледі. Лекцияға қойылатын талаптар: лекцияның әдепті жағы ғылымилық пен ақпараттанғандық дәлелденгендік ашық, сенімді мысалдардың болуы оқытудың эмоционалды формасы тыңдаушының ойлауын белсендендіру ойлауға арналған сұрақтарды қою бірізді қойып сұрақтардың нақты құрылымы мен ашылу логикасы лекция түрі мен құрылымы. Құрылымы бойынша лекциялар бір-бірінен айырылады. Тақырыпты ашу кезінде индуктивті әдісті қолдануға болады:ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар мен фактілер, сонымен қатар индуктивті әдістерін де қолдануға болады:жалпы жағдайларды түсіндіріп, ары қарай нақты мысалдарда ашып көрсету. ЖОО дәстүрлі лекция әдетте ақпараттанған болып табылады да, оның бәрнеше түрлері болады: Кіріспе лекция – курстың мақсаты, пән жүйесіндегі рөлі мен орнымен таныстырылады. Бұнда ғылыми проблемалар қойылып, гипотезалар алға шығарылады. Шолу лекциясы. Бұл қысқаша конспек емес, - білімбердің неғұрлым жоғары деңгейңнде жүйелендірілуі. Лектордың мұндағы міндеті – студенттерге конспектілеуге мүмкіндік беру;яғни тыңдауға, ойластыруға, қайта ойластыруға, қысқаша жазуға. Проблемалық лекция. Бұндағы оқытушының міндеті – проблемалық жағдай құрып, туденттерді проблеманы шешу жолдарын табуға көмектесу. Бұл үшін жаңа теориялық материалдарды проблемалық тапсырмалар формасында көрсетеді. Проблемалық лекцияның арқасында теориялық ойлаудың дамуы, пән мазмұнына танымдық қызығу, кәсіби мотивация, корпоративтілік қамтамасыз етіледі. Лекция-визуализация. Лекция-визуализация көрнекілік принципінің жүзеге асыру жаңа мүмкіндіктерінің іздеуінің нәтижесі ретінде пайда болады. Көрнекіленген лекция дегеніміз – визуалды формаға түрленген ауызша ақпарат болып табылады.алдын ала даярланған көрнекі материалдар келесідей талаптарға сай болуы қажет: алынған білімнің жүйелілігін қамтамасыз етуі керек; жаңа ақпаратты меңгеру; проблемалық жағдайларды құру мен шешу; визуализацияның түрлі тәсілдерін демонстрациялау. Көрнекіленген лекциядағы маңызды нәрселер: белгілі бір визуалды бірізділік пен материалды таныстырудың белгілі бір ритмі, оның мөлшерленгендігі, оқытушының аудиториямен қарым-қатынасының шеберлігі мен стилі. Бұндай лекцияға даярланудың негізгі қиыншылықтары – визуалды құралдарды жасап шығару мен лекцияны оқу үрдісінің режиссурасында. Есепке алуға қажетті жағдайлар:
аудиториядағы даярлық мен білімділіктің деңгейі; кәсіби бағыттылық; нақты тақырыптың ерекшеліктері. Екі адам қатысатын лекция. Лекцияның бұл түрі екі оқытушының диалогындағы материалда проблемалық оқытудың дамуы болып табылады. Бұнда екі маман теориялық және практикалық сұрақтарды шешудің шынайы жағдайларын модельдейді. Бұндай лекцияның артықшылықтары: студенттер ие білімдерді өзектеу; проблемалық жағдай туындайды; екі бастаудың арқасында студент таңдау жасай алады, педагогтың кәсіби біліктілігі алға шығады. Алдын ала жоспарланған қателері бар лекция. Бұл лекцияның қызметі: студентердің зейінін белсендендіру; олардың ойлау әрекеттерін дамыту; эксперт рөлінде шығуды қалыптастыру. Лекцияға мазмұндық, әдістемелік, әрекет-қылықтық сипаттағы белгілі бір көлемдегі қателіктер енгізіледі. Студенттердің бұндағы міндеті лекция бойында қателіктерді тауып, бекітіп лекция аяғында жауап беру. Қателіктерді талдауға 10-15 минут беріледі. Пресс-конференция лекциясы. Оқытушы студенттерді берілген тақырып бойынша жазбаша сұрақтар қоюды өтінеді. 2-3 минут ішінде студенттер қажетті сұрақтарды формулировкалап оқытушыға өткізеді, ол 3-5 минут ішінде бұл сұрақьтарды топтастырып, лекцияны бастайды. жүктеу/скачать 0,52 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |