ЭКҰ алдында медициналық тексеру Дайындау кезеңі ЭКҰ маңызды сатыларының бірі болып табылады. Мұқият медициналық тексерулер хаттама сәттілігіне тікелей байланысты.
Лабораториялық және клиникалық зерттеулер ЭКҰ кезінде жүктіліктің басталуына кедергі келтіруі мүмкін негативті факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Толық зерттеу жүктіліктің соңына дейін жетпеу қауіпін, жүктіліктің асқынған ағымын, сонымен қатар болашақтағы балада генетикалық аурулардың пайда болу қауіпін азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, ЭКҰ бағдарламасы алдында толық зерттеу бірінші әрекетте оның сәтті болу мүмкіндігін арттырады. Пациенттер денсаулығының жағдайы туралы толық ақпарат дәрігерге дұрыс диагноз қоюға, емдеудің дұрыс бағдарламасын таңдауға және ықтимал асқынуларды азайтуға мүмкіндік жасайды.
Талдаулар тізімі емдеуші дәрігермен жеке тағайындалады, әдетте бұл бастапқы кеңес беру уақытында болады. Егер сізде ЭКҰ әрекеттер болса, бағдарламаны жүргізу туралы үзінді көшірмелермен, сонымен қатар бұрын жасалған операциялар туралы мамандардың қорытындыларымен таныстырыңыз.