Реферат Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті


АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі24,85 Kb.
#97918
түріРеферат
1   2
Байланысты:
геогр 10 апта 1

1 АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері
Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне — аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика — аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша «экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді».
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік — экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика «аймақтық ғылым» деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында «аймақ» дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.
Аймақтық экономикаға теориялық — әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Жоспарлау мен басқарудың аймақық мәселелері республикадағы экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге:
— Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар — ақша, жоспардың арақатынасы;
— өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық — әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы;
— аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.
Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:
— аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;
— аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе – тең болуы;
— аймақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды – техникалық қамтамасыз ету;
— әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;
— әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет