Продукты, которые вредят суставам!
Болят суставы? Срочно выбрасывайте этот продукт…
1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі.
1997 жылдың соңында Президент Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Президент бұл стратегияны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. «Қазақстан-2030» стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары — жеті бағыт бөле көрсетілді. Солардың бірі – Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Бағдарламада Қазақстан мектептерін тұтастай компьютерлендіру қажет делінген. Яғни, мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісу, бұл мақсатта 1998 жылдың өзінде кемінде 22 млн. АҚШ долларын бөлу көзделген болатын [ ].
Бұл мақсатқа бүгінгі таңда қол жеткізіп отырмыз. 1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міндеттелінді. 2001жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттігінің рейтингін анықтауға кірісті. Бәсекеге қабілеттіліктің теориясы мен тұжырымдамалары жасалып, оның факторлары да анықталып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында және «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында» айқын көрсетілген.
«Туы бірдің түбі бір, жолы бірдің жүгі бір» деп бірлік, ынтымағы жарасқан Қазақстан халқына Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы — мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің белгісі.
Білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертуді қолға алған Елбасымыздың бастамасы Қазақстан халқына үлкен серпіліс әкелуде. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», – деген тұжырымы, ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты сапалы білім беруді бірінші орынға қояды.
Бүгінгі таңдағы әлемдік бәсекелестік заманда әрбір оқушының білім сапасын, қабілеттілік деңгейін анықтайтын жеке тұлғаны дамыту мәселелері күн тәртібінде өз өзектілігін жойған жоқ, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда әрбір мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды факторына айналды. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісі заман талабы және Қазақстан республикасында ақпараттандыру бағытының ең маңызды әлеуметтік-экономикалық жалпы мемлекеттік мәселенің бірі болып табылады [ ].
Жалпы орта білім беретін және жоғары мектептерде компьютерлендірудің бастапқы бағыттары мен міндеттерінің бірі – оқытуға ақпараттық технологияны енгізу болып отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Жаңа ақпараттық технология: ақпараттық компьютер, жинақтау, сақтау, тасымалдау, көрсету сынды қызметтер атқарады. Бұл қызметтерді жеке-жеке пайдалану арқылы көптеген нәтижеге жетуге болады, сонымен қатар, оның көрінісін шығармашылық жұмыс барысында да көруге болады. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесіндегі басты мақсат – білім берудің жағдайын жасау делінген, әрине, білім берудегі негізгі бағыт нәтижеге жету болып табылады.
Елбасы бастау салған мектепті ақпараттандыру технологиясы, ғылыми техникалық жаңалықтардан қалдырмау мақсаты бүгінгі күн талабы.
Біз сіздермен сондайлық жылдам өзгеретін әлемде өмір сүріп жатырмыз: айнала технология өзгеріп ауысуда, ал сонымен бірге біздің де тұрмысымыз өзгеріп отыр. Адамдарға тасқындаған ақпарат ағыны сондайлық жылдамдықпен артуда. Газет орнына кейде интернеттегі ақпараттың шексіз теңізін қараймыз. Күн өткен сайын «скайп» немесе басқа бағдарламалар бойынша бейне байланыс тарап жатыр.
Осының барлығымен бірге біздің балалар да өзгеруде. Олар мектепте осыдан он жылғыдай емес, тіптен басқаша келеді. Қазір бірнеше жылда ақпараттық технологияның және кәсіптің — физик-ядрошылардан қарапайым бірлестіктің менеджеріне дейін, инженерден азпазшыға дейін – мазмұны өзгерген кезде, біз бүгін мектеп оқушыларына олардың келешек кәсібінің әлеміне қандай білім керек екенің нақты дәл айта алмаймыз. Олар өмірде бір емес бірнеше мамандықты алмастыруға дайын болуы, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға, кәсіптік қызмет үшін қажетті ақпаратты сауатты түрде іздеуге, алуға және өңдей білуге дайын болуы тиіс. Батыста әлдеқашан негізгі біліктіліктермен (оқу, санау, жазу) қатар ақпаратпен жұмыс істей білуді білдіретін «жаңа сауаттылық» ұғымы бар.
Осыған бізде мектепті дайындауға тиіспіз. Ақпараттық қоғамда оқушылардың толымды өмір сүруіне бағытталған оқытудың мүлдем жаңа парадигмасы керек. Оны өткен тарихтан сабақ алмай қарастыру мүмкін емес.
Республика мектептерінде аталған барлық тілдер бойынша керекті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді басып шығару баяғысынша ең маңызды мәселенің бірі ретінде күн төртібінде тұрды.
Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін сыбайлас жүргізуде. 1995—1998 жылдар аралығында жеке меншік оқу орындары 41-ден 88-ге дейін өсті.
1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялық жоғары оқу орындары болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды. Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халаралық байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады. 1993 жылғы 5 қарашада Президенттің «Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді.
Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқу бөлімдері ашылды. 2001 жылы жеке меншік мектептер мен олардағы оқушылар саны 1996 жылғымен салыстырғанда үш есеге артты.
Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім беретін қазақ мектептері ашылып, олардың саны– 3,3 мыңға жетті. Республикада 17 ұлт тілінде жүздеген мектеп бар. 1999 жылғы 11 маусымда – Қазақстан Республикасының «Білім туралы” Заңы жарияланды. 2006 жылдың басында республика бойынша 252.800 ұстаз еңбек етуде.
Мектептер мен жоғары оқу орнындағы жастардың білімін жетілдіру мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі оқу орындарын лицензиялау мен аттестациялаудың нормативі белгіленді.
Біз қазақ ұлтынан Тәуелсіздіктің нәтижесінде қазақ еліне айналдық. Енді білім беру жүйесін де заманға сай нақтылауымыз керек. Бұл мәселедегі ұсыныс, өзге өркениетті елдер сияқты бірыңғай оқу стандартымен оқытылатын жаңа тұрпатты мектеп қалыптастыруымыз керек. Яғни, Қазақстан азаматтары бара-бара балаларын этностарына қарамай бір сыныпта, бір мектепте оқытуы керек. Мұндай жағдайда қазіргі мектептердегі оқыту бағдарламалары, стандарттары, тәсілдері, жүйелері, құндылықтары жаңа сападағы өзгеріске түспек. Мәселе түбегейлі шешілуі үшін бұл үрдіс мектеп жасына дейінгі мекемелерден бастау алғаны жөн. Орыс балабақшасы, қазақ тіліндегі балабақша орнына бір тәрбие жүйесіне құрылған мемлекеттік тілде тәрбие жүргізілетін балабақша болуы қажеттілік.
Осындай жағдайды іске асырғанда қоғамдағы орыс тілділер және қазақ тілділер деген мәселе күн тәртібінен бірте-бірте азайып, келе-келе жойылмақ, жаңа қазақстандық азаматтардың жаңа психологиясы қалыптаспақ. Ендігі жердегі мәселе біз білім беру жүйесін 2010 жылы 12 жылдыққа өткізбестен бұрын осы бірыңғай жүйелі мектеп мәдени жобасын қоғамда талқыға салып, заңдастырып алғанымыз жөн. Негізінде мұндай мектеп мәдени жобасы мен 12 жылдық білім беру мәдени жобасы бірге қарастырылып заңдастырылса іс табысты болар еді. Бұл екі жобаны екі бөлек қарастырсақ уақыттан ұтыламыз.
Жаңа тұрпатты мектеп дегенде бір үлгі боларлықтай жағдай, түрік ағайындардың KATEV жүйесіндегі орта білім беретін оқу орындарындағы тәжірибесі ескеруге тұрарлық. Байқаймын, түрік лицейлерін тәмамдаған жастар қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеріп шығуда, демек елімізде мұндай үрдіс бар, неліктен осы негізде, мүмкін одан да тұрақты бағдарлама туралы мамандар ойланбасқа. Осы мәселе туралы Елбасы Жолдауда: “… балабақшаға, ашылып жатқан қазақ мектептеріне барсақ, әр ұлттың, ұлыстың балалары оқып, әдемі ғана тілді үйреніп жатыр”, – деген болатын.
Мұндай мектепте қалай оқыту деген мәселе, әрине, мамандар үлесіндегі іс, менің айтпағым, орыс тілді, қазақ тілді мектептер, сыныптар дегеніміз өркениеттік үрдіске жатпайды. Әрине, қоғамдық істе әрлі-берлі пікірлер болуы әбден орынды, себебі бұл психологиялық қалыптасып қалған дағдыны бұзу әлдекімдердің тікелей кәсібіне зиян болуы ықтимал, бірақ көш тоқтамауы керек. Әрине, осындай тек біртілдік негізге құрылған мектептің оқу жоспарын бір жүйеге келтіру оңай шаруа емес. Бұл қалыптасқан психологияны өзгерту көптеген ұйымдастырушылық, тәрбиелік және бейімделу (адаптация) шаруаларын жүргізуді қажет етпек. Бұл мамандар үлесіндегі аса маңызды шаралар, біздің әңгімеміз идеялық-қағидаттық мәселе.
Жаңа мектептің жобасы туралы бүгінгі күнде айтудың және оны жүзеге асырудың қажеттілігі, жоғарыда айтқандай, елдік мәселеге тіреледі. Қандай елдің де азаматтарының патриоттық сана-сезімінің векторы елдік негізде болмақ. Бұл табиғи жағдай. Бір елдің азаматтары, олардың ұрпақтары этностарына, діни сенімдеріне қарамай бір мектепте, бір сыныпта білім алуы да табиғи жағдай. Бұл үрдіс әлі жалпы қоғамдық сипат алмаса да, елімізде басталған, айталық, кейбір орыс халқының өкілдері, Елбасы айтқандай, балаларын қазақша балабақшаға, қазақ мектептеріне бере бастады. Астанадағы Нұр-Орда түрік-қазақ лицейінде болғанда, оның оқу ісінің жетекшілері жиырма сегіз лицейлерде он пайыздай қазақ балаларымен қоса өзге этнос балалары, оның ішінде орыс балалары да оқып, төрт тілді меңгеруде екенін айтқан.
Осындай жағдайда қазақ мектептері және орыс тіліндегі мектептер деп бір елдің балаларын бөлшектеп, бөлек оқыту ісінің болашағы жоқ деген пікір білдіремін. Қоғамның көптеген мәселелері мектептерден бастау алады. Сондықтан мектеп ісіне, оларды бірыңғай ұлттық мектеп қалыптастыру мақсатына орай жүргізген жөн. Бұл істі соза берсек уақыт өткіземіз, сондықтан бұл істе шешуші қадам жасалғаны, сірә, дұрыс болмақ. Бұл мәселеде түсінбестік те, қарсыластық та болады. Білім беру жүйесі консервативті, алайда бұл бағытта келешек үшін шешім қабылдау қажет. Жаңа мектептің бағдарламасы туралы, әрине, мамандар айтулары керек, бірақ бұл мәселеде менің айтпағым, балалар 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін, яғни бастауыш білім деңгейінде мемлекеттік тілде оқығаны дұрыс. Түрік-қазақ лицейлерінде жаратылыстану пәндерін ағылшынша оқытатын көрінеді. Ойлану керек. Демек, педагогикалық институттар шұғыл түрде қазақ-ағылшын тілінде сабақ бере алатын мұғалімдер даярлау ісіне көшулері қажет. Әрине, жаңа мектеп қалыптастыру бір күнде бола қоятын жай емес, оның мәселелері көп те болуы мүмкін, оның үстіне қоғамдағы қалыптасқан “қазақ тілділер” мен “орыс тілділердің” сәйкессіздіктерін де ескеру қажет. Бұл мәселе дискурске түскен соң әрқилы әңгіме болмақ, бірақ негізі сөз өркениетті деңгейдегі сарапшылардың құзырында болуы қажеттілік.
Бұл мәселе төңірегінде Білім және ғылым министрлігі ойланғаны жөн. Осы істе қазіргі заман талабына сай мектеп мұғалімдерін даярлаудың инновациялық бағдарламасы жасалса… Ұстаздар даярлауда арнайы оқу орны деп аталатын Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті қоғамға инновациялық жоба ұсынса деген тілек бар.
Бұрынғыша, ескі сүрлеу дәстүрімен ұстаздар даярлаудың күні өткені кімге болсын түсінікті. Осы ретте Елбасы Үкіметке келесі жаңа оқу жылына дейін толыққанды тұлға қалыптастыруға негіз болатын кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Білім мен тәрбиенің қатар жүруі туралы Президент нақты айтты: “Қазіргідей жаһандану дәуірінде жас азамат өз бойына белсенділік, өзгелермен тіл табыса білу, шыдамдылық, өз сөзінде тұру секілді қасиеттерді көптеп сіңіре білуі қажет. Жас азамат өзін әрдайым жан-жақты жетілдіріп отыруы тиіс. Керісінше, бір ұлттың тілі мен мәдениетін басқа бір ұлттың тілі мен мәдениетінен жоғары қою, менсінбеушілік секілді жаман қасиеттерден аулақ болған жөн. Себебі, бір ұлтты басқа ұлттан жоғары қою – қазіргі әлемдік дамудың бағытына қарама-қайшы келеді. Ал жақсы мен жаманның ара-жігін ажырататындай қасиетті бала санасына жастайынан сіңіруіміз қажет. Белгілі орыс ғалымы Лев Гумилев өз кезеңінде кез келген ұлттың күштілігі оның санының көптігінде емес, өзінің артындағы ұрпағына сақтап, қалдыратын және бүкіл әлемге тарататын рухани мәдениетінде деген болатын. Сол себепті де біз өзіміздің балаларымызды, жастарымызды өзгелерді тыңдауға және түсінуге, басқа ұлттардың тілі мен ділін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек. Онсыз қазіргідей жаһандану дәуірінде ешқандай жетістікке жете алмаймыз. Қазақстандық жастар өз елінің патриоты болулары керек. Түрлі экстремистік сипаттағы “көзбояушылықтарға” қарсы тұрар иммунитеттерін күшейтулері қажет”,
Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, қазір жаңа балалар бақшалары, интеллектуалдық мектептер мен Назарбаев Университеті де ашылып жатыр[38].
Бүгінгі таңда шетелге барып білім алу мәселесімен басқа да мемлекеттік емес білім ұйымдары, орталықтар, қорлар айналысуда. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім берудің қыры мен сыры, мазмұны айқындала түсіп, оларды қаржыландыру мен басқару негізі едәуір өзгерді. Бұл салада жаңаша құқықтық-нормативтік база құрылып, қалыптасты. Білім берудің қосымша және баламалық мекемелері өмірге келді. Осыған орай мемлекеттік оқу орындарын қолдап-қуаттаудың мүлдем жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім алу мен білім берудің ықпалдастық дәрежедегі әлемдік кеңістігі ұлғайды.
XXI ғасырда білім адамзаттың даңғыл даму жолын анықтайды, сондықтан республикада білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ең бастысы, білім беруді ұлттық экономика мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету қажет.
Бұл талаптарға сай бүгінде Қазақстан Республикасы білім беру саласында халықаралық ақпарат кеңістігі жүйесіне қосылу әрекеті жүзеге асырылуда. Республиканың оқу орындары, қаржыландыру формаларына қарамастан, бүгінде халықаралық кәсіптік білім беру саласының коммерциялық және инновациялық қызметін қабылдауда.
Дүниежүзілік білім беру үдерісіне сәйкес Қазақстанда үздіксіз білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл бүгінде кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандығын жетілдіру жүйесін құрудан көрініс табуда, жекелеген жағдайларда бұл жүйе тұрғындарды еңбекпен қамту қызметімен бірлікте әрекет етеді. Нарықтық экономика маман кадрлар даярлаудың әр түрлі жүйесін талап етуде.
Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті [39].
Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Мұның себебі бірнешеу:
Ғылыми зерттеулердің негізгі көздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге асырылды. Одақтық ведомстволар зерттеу институттарын көбіне республикалардың қалауынсыз жүргізіп келді;
Республика ғылыми-техникалық әлуетінің басым бөлігі жалпы-одақтық ғылыми құрылымға тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді;
Ғылым академиясы мен салалық ғылым мекемелері (КСРО энергетика және электрлендіру министрлігі 6 мұнай және газ өндірісі министрлігінің батыс қазақстандық институты, т.б.) өзара және академиялармен тығыз байланыста жұмыс істей алған жоқ;
Экономикалық дағдарыс салдарынан ғылымды қаржыландыру едәуір қысқартылды;
коммунистік қызметке арналған бағаны ырықтандыру ғылыми мекемелерді ұстап отыру мәселелерін одан сайын қиындата түсті;
90-жылдары белең алған құнсыздану ғалымдардың айлық жалақысын төмендетті, көптеген жас та дарынды мамандар бизнеске, шетелге кетті;
XX ғасырдың 90-жылдарындағы республика ғылымының өрісі, оның жаңа технологиялармен жабдықталуы бүгінгі күн талабына жауап бере алмады.
Аталған кемшіліктердің орнын толтыру бағытында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды[47].
Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар:
электроника мен байланыс жүйесі бойынша,
ақпаратты және есепті техника бойынша,
биотехнология,
экология,
жаратылыс ғылымдары бойынша,
минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу,
жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары.
Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілмеді. Елдегі экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық жүйенің күйреуі мен құрылымдық құлдырауына қарамастан, өз тұрғыларын сақтап қалды. Жалпы алғанда, 1992—1994 жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалады [40].
1994 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды. Аталған құрылым ғылымға арналған бюджеттік ассигнадиялардан қаржыландыруға қабылданған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың бөрін дерлік сараптаудан өткізуге тиісті болды.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты.
1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді, республикада ғылым мен ғылыми-техникалық саланы дамыту туралы заңдар базасын жетілдіруге арналған жұмыстар атқарылды. Осыған орай, «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпарат кеңістігін құру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент жарлығы және Үкімет қаулысы шықты, Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі деп аталады.
2001 жылы министрлік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға көшті. Ғылыми-зерттеу институттары мұндай бағдарламаларды қорғап, конкурстық негізде жеңіп алуы тиіс. Зерттеу бағдарламалары республикадағы ғылым дамуының басым бағытына сәйкес келуі қажет. Бағдарлама зерттеушілері істелген жұмыс жайлы жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін. Ғылымды қаржыландыруға байланысты мұндай жағдай 2001 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңда анықталған[41].
Жаңа заң республика дамуының соңғы он жылдығында болған өзгерістерді ескере отырып даярланды. Осылайша бюджеттік қаржыландырудан басқа ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің өзге де қаржы көздерін тауып, қаражат тартуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, грант түрінде арнайы ғылыми және қоғамдық қорлардан ала алады. Сөйтіп, жаңа заң қазір біздің мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы өзгерістерге сәйкес келеді.
Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді.
Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне де тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |