рухани
бағдардың
халыққа
ұсынылмауы
сенімсіздікпен, наразылықпен қоса адасушылықты да күшейтуде
,
басқаша айтқанда тыйым салмағанның бәрі рұқсат етілген нәрсе ретінде
қабылдануда. Теория мен тәжірибе сәйкестендірілмеген және бірдей
дәрежеде әрекет етпеген жағдайда оның нәтижесі әрекетсіздікке тең
болып шығатынын ескеру қажет.
Бұл орайда да біз тарихи тәжірибемізден сабақ ала алмай отырмыз.
Кешегі қазақ қоғамында да
рухани-идеологиялық бағдарды
айқындауда ұлт зиялылары мен рухани ұстаздары шешуші роль
атқарды
. Дін, ғылым, руханият сласындағы қажырлы ізденістерінің
нәтижесін сана сүзгісінен өткізіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні
ретінде ел жүрегіне жеткізіп беріп отырғандар солар еді. Ал халық бұл
ілімді «жаман болады», «ұят болады», «обал болады», «сауап болады»
деген қысқа да нұсқа тыйымдарының аясына сыйғызып, ұрпақтан
ұрпаққа шашау шығармай жеткізе білді. Дәстүрлі қоғамның дәстүрлі
құндылықтары осылай қалыптасқан болатын.
Бүгінгі экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға келгенде біз
көп жағдайда
Достарыңызбен бөлісу: |