Әрбір қоғам мәдениетіне тән өзіндік құндылықтар кешені болады.
Дәстүрлі қоғам өзгеріске ұшыраған жағдайда да дәстүрлі құндылықтар
өз маңызын жоймайды. Оның айқын мысалы – бүгінгі қазақ қоғамы.
Тиісті анықтамаларға сәйкес дәстүрлі қоғам дегеніміз – саяси, әлеуметтік
және мәдени дамуы дәстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба
мұраларына негізделетіндігімен ерекшеленетін әлеуметтік орта. Бұл
тұрғыдан алғанда қазіргі қазақ қоғамын толық мәнінде дәстүрлі қоғам
деп атау қиын. Дәстүрлі мәдениеті, саяси жүйесі, құқықтық санасы тиісті
деңгейде қалыптасқан қазақ қоғамы тарихи үдерістер салдарынан елеулі
өзгерістерге ұшырады. Қазір ол өз дамуын заман талабы тудырған
құндылықтармен көбірек байланыстыруда. Дегенмен ұлттың дәстүрлі
құндылықтық жүйесі, соның ішінде рухани құндылықтары жаңа
қоғамның бағдарын айқындауда негізгі реттеушілік роль атқарып отыр.
Ұрпақтар сабақтастығы құндылықтар арқылы жалғасады. Ұлт тарихы
үшін осы сабақтастықтың маңызы зор. Әр буын өзіне дейінгі ұлт
тәжірибесін бойына сіңіріп, ары қарай дамыта білмесе, тарихын екшеп-
саралау арқылы болашағына бағдар жасамаса – ол қоғам керітартпа
қоғамға айналады. Өткенді мансұқтап,
Достарыңызбен бөлісу: