Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
РЕФЕРАТ
Біржан- Сара айтысы
Орындаған: Нигметоллиева К
Тексерген: Карбозов Е
Алматы 2024
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
Біржан - Сара айтысын әуелі Біржан мен Сара шығармаған ба?
Біржан — Сара айтысының зерттелуі
“Жүсіпбек қожа нұсқасы” мен “Зайсан нұсқасына” текстологиялық салыстырулар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ халқының революциядан бұрынғы көптеген тамаша айтыс өлеңдері арасында Біржан - Сара айтысы оқшау тұрады. Мейлі мазмұны, идеясы жағынан болсын, мейлі құрылысы, өлең өрнегі жағынан болсын бұл айтыс ауызша, суырыпсалма жөнімен шығарылған өлеңдерден көрі пайымдап, ойлап отырып, жазып шығарылған өлеңдерге, жазба әдебиет нұсқасына ұқсайды.
XIX ғасырдағы қазақ халқы мәдениеті тарихынан елеулі орын алатын ірі ақындардың бірі - Біржан. Әкесінің аты Тұрлыбай. Мәдениетіміздін тарихындағы орнын белгілейтін оның шығармашылығының әлеуметтік және адамгершілік салмағы - талант талғамының биіктігі, жан-жақты ауқымдылығы, еліне, жұртына деген алал ниеті, жемісті еңбегі.Біржаннан қалған мұралар - салмағы, қадір қасиеттері,шынайы онер туындыларына лайық, шын мәнінде ғажайып туындылар. Қандай күшті өнерпаз болмасын, ол өзін өнердің бірер саласында ғана тыңдата алса керек-ті. Ал қазақтың бұл тұстағы бірнеше өпер ислері дәуірі ұсынған өнердің барлық
түрлерін игеріп, соның әрбір салаларынан өздерінің талант- күштерін көрсете біліпті. Табиғи талантты композитор бола тұрып, алты қыр асар күшті дауыска ие болу, оны музыка құралына икемдеп, асқан музыкант (сүйемелдеуші, орындаушы) солист рөлін атқару - ғажайып демеске болмайтын, өте сирек кездесетін өнер үштасулары. Мүндайларды феномен
деу орынды. Осындай, казақ топырағында дүнисге келіп, жұртшылығын тандандырған сегіз қырлы, бір сырлы өнер жұлдызы Біржан сал болған еді.
Өнер өіткеннің қайнар көзі - халық шығармашылығында жататыны мәлім. Әрбір өнер иелерін тәрбиелеп қанаттандыратын да, оның талантына шабыт құйып, жан бітіретін де сол халықтық қазына кайнары. Әр талапкер
өзінің туған топырағындағы дәстүрлі өнерді игеріп, оны ілгері дамыта отырып, өркен жаяды. Шығармаларын өзі өскен орта, басынан кешкен өмір фактілері, тағдыры тап қылған қоғам-заман шындықтары негізінде жазады. Жеке бастың күйініш-сүйеніші мен тәлімдік өрнектерін кестелеуден бастап, қоғамдық-әлеуметтік көркем түйіндеулерге көтеріледі.
Осындай шығармашылық өсу-жетілу заңдылықтарын басынан кешкен өнер иесі - Сара ақын.
Тегі Біржан - Сара айтысын қандайда бір жазба әдебиет өкілі, өлеңді жазып шығаратын ақыя шығарған болу керек. Екінші сөзбен айтқанда бұл айтыс қандайда бір жазба ақынның, өлеңді жазып шығаратын ақынның қолынан, өңдеуінен өткен болу керек. Сонда бұл айтысты кім, қай ақын өңдеді? Мұның авторы кім?
Бұл мәселе бізде біраздан бері айтыс болып, дау туғызып отыр. Ол жөнінде әркім әр түрлі пікір айтып жүр. Оны, Біржан - Сара айтысын біреулер Біржан мен Сара өздері шығарған дейді; біреулер Шайхүлисламов Жүсіпбек қожа шығарған дейді; енді біреулер Тәңірбергенов Әріп шығарған дейді. Мұндай даулы болған жағдайда шығарма авторының кім екені, әдетте, үш түрлі жолмен дәлелденеді.
Атап айтқанда: 1) автордың қолжазбасымен, 2) шғғармасының мазмұны, тілі, стилімен, 3) білген, естіген кісілердің куәлігімен шешіледі.
Біржан - Сара айтысының авторы кім екенін біз автордың қолжазбасымен дәлелдей алмаймыз. Өйткені бізде Біржан мен Сараның да, Жүсіпбек пен Әріптің де қолжазбалары жоқ; қанша іздесек те таптырмайды. Сондықтан Біржан – Сара айтысының авторын біз соңғы екі жолмен ғана: 1) шығарманың мазмұны, тілі,
стилімен, 2) білген, өстіген кісілердің куәлігімен ғана анықтай аламыз.
Шығарманың мазмұны мен тілі, стиліне сүйеніп, ол жөнінде әркімнің білген, естігеніне сүйеніп, біз Біржан - Сара айтысын алғашқы рет жазып шығарған Біржан мен Сара да, Жүсіпбек қожа да емес, Әріп ақын деп білеміз. Біздің Біржан - Сара айтысын әуелі Біржан мен Сара шығармаған дейтін себебіміз:
Айтыста Біржанның руы жаңылыс көрсетілген: Біржан керей руынан; айтыста ол арғын руынан делінген. Айтысты Біржан мен Сара шығарған болса, Біржан өз руын дұрыс, дәл көрсетер, өзінің арғын емес, керей екенін айтар еді. Сараны шақырып айткан өлеңінде: «Арғынның Алтай, Қарпық ақтангөрі» дегеннің орнына «Қерейдің Алтай, Қарпық ақтангері» деген болар еді. Бұлай дегенде өлеңнің қисыны да, өлшемі де бұзылмайды.
2. Біржан - Қерей, Алтай, Қарпық; Сара - Найман, Матай, Қаптағай. Ал, айтыста осылар өз рулары атынан сөйлемей, әрқайсысы өз руларын, соның өздерінше
жаксы деген адамдарын дәріптемей, басқа рулар атынан: Біржан Тобыкты, Сара Сыбан рулары атынан сөйлейді, екеуі сол екі руды, сол рулардың өздерінше
жаксы деген адамдарын дәріптейді. Ежелгі айтыс дәстүрі - әр ақын өз руын, өз руының игі -- жақсы адамдарын, ерекше қасиеттерін айтып мақтану, айтысып отырған ақынның руын жамандау ғой. Егер Біржан - Сара айтысын Біржан мен Сара
шығарса, олар өз руларын неге дәріптемейді? Олардың өздеріне түк қатысы жок, әлде қайдағы Тобықты мен Сыбанда қандай алты аласы, бес бересілері бар? Жок,
қисынсыз.
3. Егер Біржан - Сара айтысын Біржан мен Сара шығарған болса, олардың мұнан баска да айтыстары, өлеңдері болар еді; ол өлеңдер мен айтыстардың бірі болмаса, бірі халық аузында сақталған, әдебиет әлемінде мәлім болған болар еді. Бірақ күні бүгінге дейін Біржан мен Сараның ондай айтыстары мен өлеңдерін (әрине, Біржанның әні мен ән өлеңдерінен басқасын) жұртшылык, әдебиет әлемі білмейді. Т. Қалилаханов, 1. Омаров жолдастар' Сараның өлең, поэмалары деп соңғы кезде айтып, жазып жүрген өлеңдер біздің байқауымызша, бірінші, тіпті кейін, Біржан - Сара айтысының әуелгі варианты негізінде шығарылған, екінші, оларды Сара емес, басқа ақын, мақалада аты аталып отырған Ахмет ақын шығарған болуға тиісті. Өйткені, бізде жете сұрастырдық, елі Сара ақын емес еді, тек сөзуар адам ғана еді - дейді.
Айтыстың екінші варианты да үш бөлімді. Оның бірінші бөлімі:
Жарандар, құлағың сал, келді кеңес,
Ұнайды биелі үйге сырлы тегеш
Арғынның Алтай, Қарпық серісімен.
Матайдың бір сұлуы қылған егес,- деп басталады. Біржан, Сара жайы, олардың рулары, ұшырасулары баяндалады. Әңгіме бір есе автордың, біресе Біржанның, біресе Сараның шешесі мен сіңлісінің атынан айтылады. Екінші бөлімі - Біржан мен Сараның айтысы. Біржанның сөзінен:
Бұл үйде Сара барма шықсын бері,
Іздеген келіп тұрмын Біржан сері… деп басталады
Үшінші бөлімі - автордың түюі, бұл айтысты қашан, қалай шығарылғаны, баспаға бергені:
…Туысы екеуінің Арғын, Найман
Бұл өлең шыққан екен бірталайдан.
Сүйтсе де хат болмайды, басылмайды,
Қазанға бастыруға көңіл ауған.
Әр кісінің қолында біреуі жүр,
Біреуі рас болса да бірі жалған.
Жылында мың сегіз жүз тоқсан сегіз
Төртінде май числосының қылдым тегіз… дейді Бірақ автор өзінің аты, жөнін айтпайды.
Қызы екен Тастамбектің ақын Сара
Бәйгіден күнде келген жалғыз қара.
Қыз да болса, адамның жүйрігі екен,
Қөрмедік сөзді адамды ондай бала - деп
басталады. Тек Сарамен ғана таныстырады. Ақырында: «Алқисса, Жүсіпбек қожаға Сара қыздың Біржанмен айтысқанын қыздың өз аузынан осылай деп бастан аяқ баян қылғаны айтысқанның келер жылында» деген.
Екінші бөлімі - Біржан мен Сараның айтысы. Ол Сараның сөзінен:
Қызы едім Тастамбектің атым Сара,
Ішінен ер Қаптағай шықтым дара – деп басталады; әуелі Сара өзінің мұңын шағады. Басқасы бірінші вариантша келеді, тек бір-екі жерінде Сара мен Біржан сөздерінің орындары ауысқан.
Үшінші бөлімі -Жүсіпбек қожаның Қазандағы кітап бастырушы Ахмет Кәрімге шығарған арнау өлеңі. Бәрі дерлік Абайдың өлеңдерінен теріліп алынған. Абайдың:
Боз бала, ойын арзан, күлкі қымбат…
Шын көнілмен сүйсе екен кімді сүйсе…
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып…- деп келетін шумақтарын түгел алған, өз өлеңі етіп бастырған.
Бұл фактылардан мынадай жағдайлар аңғарылады:
Біржан мен Сараның кездесуі шын, болған оқиға. Тек ол кейбір әдебиетшілер шамалағандай 1862 не 1869 жылдары болмай, сексенінші жылдары болуға тиісті.
Себебі Біржан Абай ауылында сол жылдары болады ғой. Осы сапарында ол Жетісу жағына да келіп қайтқан, Сарамен кездескен болу керек. Біржан Сара айтысының ізі, жобасы, желісі сонда шыққан болуға тиісті. Халық аузында шашылып, үзік -жұлық болып жүрген айтысты оның әлгі бірінші вариантын бастырған ақын құрастырып, жөндеп, өзінше жазып шығарған. Бірақ оған өз атын жазбаған. Жүсіпбек кожа сол авторы жоқ өлеңге ие бола кеткен. «Айтыс болған жылдың келесі жылында» емес, бірінші вариант, «Біржан сал менен ақын Сараны айтысқаны» басылып шыққан жылдың келесі жылында оны көшіріп, алғы, аяққы сөздерін басқаша қиыстырып, баспаға берген.
Біржан - айтысының құрылысы, стилі өзгеше, жаңа болуы үстіне оның тілі, сурет-кестесі, көріктелеуі шебер. Ақын айтыстың әр жерінде сөзді, өлеңді, өзі айтқандай, төгіп-төгіп жібереді, біресе өзі, біресе Біржан аузынан, бір есе Сара аузынан қардай боратады. Айтыс авторы қазақ халқының бұрынды-соңды ауызша, жазба әдебиетіндегі тіл байлығын, сөз өнерін сарқа пайдаланып, мол қолданады. Не тамаша сөздерді, теңеулер мен эпитеттерді, мақал-мәтелдерді, идиомдық
сөздерді тауып айтады, орынды қолданады; сөз байламын, өлең қисынын: өлеңнің өлшемі мен ұйқасын әрі жатық, әрі көрікті қиыстырады.
Жазушы теңеулер мен тұрақты эпитеттерді қолдануда, нешетүрлі көріктеулер жасауда, сөз, өлең қиыстыруда ауыз әдебиеті шеңберінен көп шығып кетеді;
жазба әдебиет салтында, жазба әдебиет салтында болғанда қазақтың бұрынғы өзі сияқты ақындарынан басқа, көп ретте Абай үлгісінде деуге болады.
Автор өте-мөте, айтысушылардың өздерін басқа заттарға теңеп, балап, меңзеп сөйлеулерін келтіруге ұста. Сараның Біржанға «өзіңді ат та қылдың, құс та қылдың» дегеніндей, Біржан мен Сара өздерін неше алуан затқа, табиғат құбылыстарына, жан-жануарларға өте орынды, көңілге қонымды, көрікті етіп теңейді. Біздің осы жоғарыда айтқандарымызды Біржан -Сара айтысы авторының сөзге, өлеңге шеберлігі, теңеу, эпитет тапқыштығы, оларды көп ретте өзінше, жаңа үлгіде келтіретіні жөніндегі пікірімізді сол айтыстағы мына шумақтар мен тармақтар толық дәлелдейді:
1. Сайраған орта жүздің бұлбұлымын,
Арғынның Алтай қарпык ақтангері.
Қырандай желді күнгі аспандаймын,
Дауысым көтерілер шықса тері.
Ак иық, мұз балақпын жерге түспес,
Кен қолтық арғымақпын алқымы іспес.
Жел қабыз, жез тағалы, еңіреуімін.
Екпіні соққан желдей, көрсең жайын.
Жібек жал арғымақпын тұмарланған.
Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпөс.
Болатпын екі жүзді алмас кеспес.
Аққумен аспандағы ән қосамын,
Қозғасам ащы күйді түптен тартып,
Қырмызы, асыл бекзат өнерім бар,
“Біржан — Сара айтысын” зерттеуде халқымыздың ғалым әдебиетшілері үлкенді-кішілі ғылыми еңбектер жазса, ал тілші ғалымдардан С.М. Исаевтың зерттеулері бар. “Біржан — Сара айтысы” туралы алғаш пікір айтқан академик С. Мұқанов демекпіз: “Айтыстың мазмұны — халықтың ойын толғандыратын тақырыпқа құрылғандықтан түсінікті болса, түр жағынан оның түсініктілігі, тілінің таза халық тілі мен және халықтың көркем тілімен құрылғандығында”.
Осы орайда Қ.Жұмалиевтің еңбегі де баршылық. Ол “Қазақ әдебиеті” оқулығында Біржан сал творчествосына арнайы тоқталып, талдаулар жасаған. Одан кейінгі пікір айтқан ғалымдар: Е. Ысмайылов пен
М. Ғабдуллин. Е. Ысмайылов “Жазушы” баспасынан 1967 жылы шыққан “Біржан сал Қожағұлұлы” атты кітапқа жазған “Біржан салдың ақындығы” деген алғы сөзінде, М.Ғабдуллин “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” деп аталатын еңбегінің “Біржан — Сара айтысын” талдайтын тарауында — ақындар айтысының ішіндегі аса көркемі, мазмұн, түр жағынан ерекше орын алатынын айтады. Келесі пікір айтып, талдау жасаған — Б. Кенжебаев. Әріп Тәңібергеновтің шығармасы ретінде қарастырып, былай дейді: “Әріптің бұрынғы қиссаларына қарағанда “Біржан— Сара айтысында” тақырып идеясы жағынан болсын, ақындық шеберлігі жағынан болсын көп ілгерілегенін, көп өскенін көрсетеді. “Біржан сал мен ақын Сара айтысы” — Әріп шығармаларының биік шыңы” .
Айтыстың 1898, 1899 жылдардағы Қазан қаласынан шыққан “Жүсіпбек қожа нұсқасы” мен “Зайсан нұсқасына” текстологиялық салыстырулар жасалық. Қазан типографиясы татар баспасына арналғандықтан, көне араб әрпінде шыққан екі нұсқаны оқу қиындық келтірді. Айта кететін болсақ, араб әріптерінің белгілері көрінбей, көмескі тартып қалған дыбыстарды оқуда қиындық туғызды. Және де о, ө, у, ұ, ү әріптерінің орнына бір ғана “о ” әрпі қолданылған. Кітапханашылар тарапынан 1898 жылы жарық көрген нұсқаға қайта өңдеу жасалғандықтан, тармақтың басындағы не тармақ соңындағы сөздердің басқы екі не үш дыбысы ғана бар. Соңғы әріптерді қайта өңдеу кезінде желімдеп тастаған. Сондықтан лентаға түсірілген микро жазуларды оқуға тура келді. Ал 1899 жылғы “Зайсан нұсқасын” оқу кезінде 20, 21 — беттер жоқ. Оны 1902 жылы жарық көрген вариантымен толықтырдық. Көбінесе 1912 жылғы вариантына жоғарыда аталып кеткен әдебиетші ғалымдар текстологиялық салыстырулар жасағандықтан, көмескі көрінбей қалған дыбыстар мен сөздерді 1902 жылғы вариантымен салыстырдық, кейбір түсініксіз сөз тізбектерін анықтауда 1912 жылғы вариантын да пайдаландық. Екі нұсқаны да оқып шыққанда алдымен айтарымыз, айтыстағы негізгі уақиға желісін сақтап тұрған бөлімдер бір, яғни түптөркіні бір екенін аңғарамыз. Дегенмен де мынадай айырмашалықтарды айта кету керек. Зайсан нұсқасында Жетісу өлкесінің бұлбұлы ақын Сараны “Арқадан ат сабылтып” іздеп келе жатқан Біржан сал мен “Қасында алты жігіт жолдасы бар, Аулына Тастанбектің келіп жетті” дейді де, сол жерде Біржан сал алдымен ақын қыздың шешесімен, соңынан сіңілісімен сөз қағыстырып, “Аттанып бір ауылға бұлар келді, Бұлардың құлағына дауыс келді” деп айтыс басталып кетеді. Ара-арасында айтушының сөзі бар және жиылған жұрттың бұларға берген сыйы деген ескертпемен 20 жол сыйлық туралы айтылып, “Сал Біржан осы сөзбен тоқтайды енді” деген айтушының сөзімен басталып, “Жігіттер, тәмәт-тамам болсын бұл сөз” деген тармақпен аяқталады. 1898 жылғы “Жүсіпбек қожа нұсқасында” “Қыз көріспеген соң ұялғаннан Біржанның айтысқаны”: Найманның болады екен қызы надан, Үлгісіз қандай халық түрі жаман. Ағаға іні келер біздің елде, Көп боп па сұрауға есен-аман. Сонда қыздың берген жауабы: “Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың” деп аузын аштырмай бастырмалатып былай дейді: Хауа анаға бұрын барған адам ата, Есіткенің жоқ па еді мұны да ақымақ. Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім Арғын да тантиды екен жоқты мақтап,— деп кете береді де, жынды, антұрған, делбе, ит сөздерімен жауабын аяқтайды. әрине, арғынның ақтанкер ақыны мұндай мазақ сөзді жауапсыз қалдырмайтыны белгілі. Біз бұл жауапты “Зайсан нұсқасынан” табамыз. Бұл кітапшаның 8 — бетінде “Біржан салдың айтқаны” деп былай беріледі: Қараңдар, ақын қыздың сөзге ұстасын, Келтірді Адам — Хауа бір нұсқасын. Артың таяз кісіше ашуланып, Мұнша неге ұстайсың сөз қысқасын?... Бұл 12 жолдан тұратын шумақтар 1898 жылы жарық көрген “Жүсіпбек қожа нұсқасынан”, 1964, 1965 (I том) жылдардағы айтыс және т.б. жинақтардан түсіп қалған. Ал 1899 жылғы “Зайсан нұсқасында” осы 12 жол өлеңнен кейін барып мынадай жолдар берілген: Көтерді домбырасын көкке сермеп, Салады түрлендіріп әннен өрнек. Бұл сөзге ызаланып алғаннан соң, Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп. 1898 жылғы басылымда “Сонда Біржан сөйледі” деген ескертпемен былай беріледі: Біржан сал домбырасын көкке сермеп, Жіберді түрлендіріп әннен өрнек. Сөзіме ызаланып алғаннан соң, Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп — деген бір шумақ “Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға” деп басталатын жолға қосылып кетеді. Ал “Ақын Сара” деп аталатын кітапта “Айтушының сөзі” ретінде жеке берілген. Осы жайында М. Жармұхамедов: “Соның нәтижесінде айтыс тәртібі амалсыз бұзылып, кейінгі Біржан атынан берілетін екі кезек бір-біріне әдейі қосылып, сапырылысып кеткен”,— дейді . 1898 жылғы шыққан кітапшаның 6 — бетінде “Сонда Сараның айтқан жауабы” деген ескертпемен берілетін 64 жол ұзақ сүре жауабы, “Зайсан нұсқасында” үшке бөлініп берілген. 1899 жылғы кітапшада 24-ақ жол болып, “Тірілсең ертең кешке, бүгін өліп” деген жолдармен аяқталады. “Жүсіпбек қожа нұсқасындағы” “Арғынның тантықтығы міне осындай” деген жолдар “Зайсан нұсқасында” “Арғынның сөзі”, “Қыз иттің” деп беріліп, Біржан сөзі қылып өзгертіліп , “Қыз иттің тантықтығы міне осындай” деп басталады да: Мен, Біржан, әрбір жерде болмайтұғын Жылан боп жеті басты арбасаң да ,— деген жолдармен аяқталады. Бұл екі тармақ “Жүсіпбек қожа нұсқасында” берілмеген. “Зайсан нұсқасындағы” осы жауапта “Озармын қуып жетіп “Қарқабаттап” деп өзгертіпті. 1898 жылғы кітапшада “Қуып жетіп озамын найман шалдап (найманшылап)” деп берілген. Сондайақ, “Зайсан нұсқасындағы“кітапшада “Ыбырайға тамам елің найман жетпес” деп басталып, “Сен түгіл жеткен емес еркек қуып” деген жолдарға дейінгі шумақтардың кейбір тармақтары болмаса, түгелімен “Жүсіпбек қожа нұсқасында” жоқ. Тағы бір айта кететін жағдай — 1898 жылғы кітапшадағы өлең шумақтары “Зайсан нұсқасында” ауыстырылып берілуімен бірге Біржан жауабында жалпы ой сол қалпында қалады да, кейбір сөздер мен сөз оралымдары, тіпті бүтін тармақтары өзгертіліп, лексикалық және стилистикалық алшақтықтарға жол беріледі. Iлгеріде келтірілген өлең жолдары 1898, 1899 жылдардағы Қазан қаласынан шыққан кітапшалардан алынды.
Біржан мен Сара айтысының тақырыбы – әйел теңдігі. Айтыста феодалдық заманның қатал да ащы шындығы бейнеленген. Қазақ әйелдерінің аянышты, қайғылы халі суреттелген. Қалың мал – қазақ әйелдерін шырмаған ескіліктің мықты торы, айтыста сол қырсықты ескі әдет-ғұрыпқа, салт-санаға наразылық білдіріледі. Біржан Сараның осындай аянышты халіне күйінеді. Ақын қыз сол кездегі әйелдердің ауыр тұрмысын, әйелді тұтқын еткен дін тұзағына да наразылығын білдіреді.
Айтыстың негізгі өзегі әйел бостандығы болса да, мұнда айтыстың дәстүрлі әдісі бойынша, өз рубасыларын, би-болыстарын дәріптеу, мадақтау сияқты қайшылықтар да кездеседі. Соның өзінде де Біржан сөздерінде жаңа бағытқа аз да болса талпыну бары байқалады.
Халық айтыстары, негізінен, екі ақынның бір-бірінің қай жағынан болсын кемшілігін табуға құрылады. Бұл әдіс Біржан мен Сара айтысында да бар. Біржан Сараны сүріндіру үшін оның күйеуінің нашарлығын тілге тиек етеді. Ақыры, сол Жиенқұлдың айналасынан ұзатпай, Сараны жеңеді.
Екеуі де айтыста өздерінің адамгершілік, ақындық сипаттарымен көрінеді. Біржан да, Сара да – үздік өнер иесі. Бір-бірінің бойындағы осы қасиеттерді қапысыз тани біледі. Өлшеусіз талант, әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан, көркемдік, сұлулық жағынан да қазақ әдебиетінің төрінен орын алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |