ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АКАДЕМИК Е.Ф.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Дайындаған: Қуанышбекова Аяжан Дф-21-21(к)
Тексерген: Нұржан Мәдина Әділетқызы
Қарағанды 2023 жыл
Бизнес жоспар құрылымы
Жоспар:
Бизнес-жоспар – бұл
Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты
Бизнес-жоспардың құрылымы
Қорытынды
Бизнес-жоспар – бұл:
Болашақ кәсіпорынның немесе жобаның барлық негізгі қырларын сипаттайды;
Оның ықтимал барлық проблемаларына талдау жасайды;
Анықталған проблемалардың шешу жолдарын қарастырады;
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Бизнес-жоспар дегеніміз – бастайын деп отырған кәсіпкерлік ісіңіз туралы ұсақ-түйегіне дейін суреттейтін құжат. Жай сөзбен айтқанда сіз өз бизнесіңізде алға қойған мақсатқа апаратын жол сызбасы. Сондықтан да, бизнес-жоспар бұл:
Болашақ бизнесіңіздің немесе бизнес жобаңыздың негізгі мәселелерін суреттейтін құжат;
Бизнесті жүргізу барысында пайда болатын (кездестін) барлық проблемаларды (қиындықтарды) талдау;
Пайда болатын проблемалардың (қиындықтардың) алдын ала шешімін табу.
Осыған байланысты бизнес-жоспар болашақ кәсіпкерге келесі мәселелерді шешуге көмектеседі:
Болашақ бизнестің нақты бағытын (мысалы: сауда, өндіріс, қызмет көрсету саласы) анықтауға;
Қандай нарықта (қалада, ауданда, ауылда) жұмыс істеу керектігін анықтауға;
Бизнесіңіздің қысқа (1 жылға дейін) және ұзақ (3 жылға дейін) мерзімді мақсатыңызды анықтауға; (мысалы: бір жылда қандай мақсатқа жетуді көздеп отрысыз);
Қандай тауар сатумен немесе қандай қызмет көрсетумен айналысасыз, клиентеріңіз кімдер болады, кімдермен жұмыс істейсіз секілді меселелерді анықтауға;
Бизнесіңізді жүргізуге байланысты шығындарыңызды есептеп анықтауға;
Бизнесіңізді жүргізуде қандайда бір қосымша пайда әкелетін мүмкіндіктерді анықтауға;
Бизнесіңіздің маркетингтік іс-амал әрекетін (жарнама, клиенттерді тартудың жаңа жолдарын табу және т.б.) анықтауға;
Түсетін пайдаңызбен бизнесіңіздің қаржы жағдайын есептеп анықтауға;
Бизнесіңіздің күшті және осал (әлсіз) жақтарын анықтауға.
Сонымен қатар, бизнес-жоспар кәсіпкерге келесі сұрақтарға жауап беруге көмектеседі:
Қандай бизнесті таңдауға?
Сіз ұсынайын деп отырған тауарға немесе қызмет түріне сұраныс қандай болмақ?
Бизнесіңізді бастауға қандай ресурстар (ақша, адам, ғимарат) қажет?
Бизнесіңізді бастауға қанша ресурстар (ақша, адам, ғимарат) қажет?
Ұсынайын деп отырған тауар немесе қызметіңіздің бағасы қанша болады?
Шығындарыңыз қанша болады?
Бизнесті жүргізуден түсетін пайда қанша болады?
Бизнесіңіздің өзін- өзі ақтау (яғни салған ақшаның қайтуы) мерзімі қандай?
Дұрыс жасалған бизнес-жоспар - «Ойластырылған іс ақша салуға лайық па және ол барлық жұмсалған шығындардың орнын толтыратын пайда әкеле ме?» деген сұрақтың нақты жауабы болып табылады.
Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты: кәсіпкерлерге келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:
- Болашақ нарықтың сыйымдылығы мен даму келешегін зерттеу қажет.
- Нарыққа қажет өнімді өндіру үшін шығындарды бағалау керек. Оларды бағамен салыстыру қажет.
- Істің жағдайын реттеуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді анықтау керек.
Бизнес–жоспар.Мақсаты мен міндеттері
Бұл жерде сіз идеяларыңызға талдау жасау (SWOT–анализ) керексіз. Мықты және әлсіз тұстарын, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді ашу қажет.
• Идеяларға талдау жасау.
• Қызметіңіздің мақсаты (неге қол жеткізгіңіз келеді)
• Салаға сипаттама беру.
Бизнес-жоспардың құрылымы күрделі. Фирманың құрылған сәтінен бастап оның тұрақты және орнықты болғанға дейінгі өмір тарихы іскерлік тілмен жазылуы керек, бірақ ол адамдарға анық және түсінікті болуы тиіс. Бизнес-жоспар кез келген кәсіпкерге, қаржыгерге және банк қызметшісіне, сондай-ақ әлеуетті серіктеске түсінікті болғаны жөн. Құпиялылық туралы меморандум бизнес-жоспармен танысқан тұлғалармен ондағы ақпараттың құпия екендігін ескерту үшін жасалады. Меморандумда көшіруге, жобаны үшінші тұлғаға беруге тыйым салу және жобаны авторға қайтару туралы талап болуы мүмкін. Ендігі жоғарыдағы ойлар мен түйіндемелерге сүйене отырып, қарапайым да түсінікті жоспар құрылымын ұсынғым келіп отыр.
Ұсынылып отырған бизнес жоспар құрылымы 8 бөлім және қосымшадан тұрады. Мұндай бизнес жоспардың құрылымы ең қарапайым, әрі оңай түрі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |