Реферат экология және тіршілік қауіпсіздігі Тақырыбы : " Көгалдандыру индустриясы және ауыл шаруашылығы"



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата05.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#130802
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Экология реферат

 2.Ауыл шаруашылығының маңызы 
Ауыл шаруашылығы —
шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және 
табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл 
шаруашылығы —
неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде 
халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде
-
бір ел 
жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне 
байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50
-
ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі 
мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд
-
тан астам адам 
еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, 
онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың 
ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы 
және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді 
халықтың (ЭБХ) 46%
-
ы осы салада еңбек етеді.
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен 
айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш —
8%, АҚШ

та —
3%, Канадада —
4%, Ресейде —
14%, Қазақстанда 40%
-
ға жуық болса, ал 
дамушы елдерде ол өте жоғары.
Ауылшаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік 
факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып 
отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға 
тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; 
өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С
-
тан жоғары температуралар 
жиынтығы; жылдық жауын
-
шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың 
механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең 
құнарлы
топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ, 
минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан 
түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым 
мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып 
отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда төмендейді. 
Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, 
соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа 
шығара бастады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет