Реферат есеп 9 беттен, бөлімнен, 3-тараудан 37-пайдаланылған қайнар көзден, 4-қосымшадан тұрады



бет10/18
Дата04.12.2023
өлшемі10 Mb.
#194886
түріРеферат
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
kz 63729 1048370 1604221345

Танымдық процесс көркемөнер туралы білімінің болуы (тарихын, түрлерін, қолдану аясын, ұлттық көне үлгілерін атауларын) археологиялық қазбалардан табылған жәдігерлер, киімдегі әшекейлердің, жиектердің, жүргізілген таспалар мен ою-өрнектердің мәнін, маңызын, пайдалану ретін түсінуі. Көркемдік білім алуда танымдық іс әрекеті процесі маңызды. Сондықтанда, танымдық процесс кезкелген көркемөнерден білім алудағы негізгі баспалдақ болып табылады.
Көркем-шығармашылық процесс кезкелген дәстүрлі өнер жайлы толыққанды білім мен ізденуде жиналған материалдар нәтижесін, композициялық құрылымын, шешімін, анықтаудан басталады. Ең алдымен бұйымның түссіз шешмі, яғни композициялық құрылымы нақтыланады. Көркемдеп жобалауда, оған тән барлық қасиеттер ескеріледі, олар: пішіні, көлемі, сәнді сызықтары, әшекейлері, түстер үйлесімі, жең, жаға, өңір бөлшектерінің бұйым пішініне дұрыс келуі, бұйымдағы массалық, тұтастылық, композициялық орталық заңдылықтары сақталып, көркем шығармашылық процесс жүзеге асады.
Өндірістік процесс бұйымды материал күйде әзірлеу мақсаты қойылған өндірістік процесс жүзеге асады. Ең алдымен белгілеп алған бұйым материалдарын анықтау мен таңдаудан, бұйымды құрастыру әдістері мен тәсілдерін, өлшем алу мен сызба тұрғызу. Кестеленетін бөлшектерді дайындау, өрнек шаблондары арқылы белгілі орындарына түсіру. Жаппай кестелеу. Кестеленген бұйымды технологиялық әзірлеу арқылы еңбек операциялары нәтижесінде орындалады. Алайда, көбінде жоғарыда ұсынылған көркемөнерге оқытудағы жүйелі кешенді оқыту жағдайлары елеусіз де өтіп, соңында тек қана тәжірибелік шебер ғана мамандар қалыптасып жатады.
Ұлттық сананың дүниетанымдық әмбебаптарының жүйесі өзіндік бір мәдени және генетикалық код болып табылады, соған сәйкес әлеуметтік ағзалардың түбегейлі өзгеруі мәдени және генетикалық кодтың өзгеруінсіз мүмкін емес [37, 437 б].
Мәдени ашықтық. Халық мәдениетінің сыртқы және ішкі тұтынушы үшін қолжетімді екендігін білдіреді. Ол іске асырылу үшін аталмыш мәдени кодтың дистрибьюция жүйесіне енгізілуі тиіс. Мәдени өнім ұлттың табыстың айтарлықтай маңызды үлесін құрай алады. Мысалға, Нұр-Сұлтандағы ЭКСПО-2017 жобасы, 4 мл жуық келушілерді, оның ішінде 500-700 ге жуық шет ел азаматтарын тарта алды.
Мәдени ашықтық – бұл төл мәдени өніміздің мүмкінді тұтынушылары Қазақстанға келу қәуіпсіз ған емес, сонымен қатар қызғылықты, пайдалы және танымды екендігіне көз жеткізу үшін Қазақстан туралы жаппай хабардарлық пен әлеуметтік желілердің жұмысын қамтамасыз ету [37, 438 б]. Осы негізде, үш жылда атқарылған жұмыстардан шетелдік кеңесші п.ғ.к., доцент Өмер Займоглумен атқарылған іс-шаралар мен ғылыми тағылымдамаларды айту болады.
Түрік сәндік қолөнері мамандығында, түрік халқының дәстүрлі кілем өнері өте жоғары деңгейге қойылғаны сезілді. Техникасы, технологиясы, көне үлгісі, қәзіргі үлгісі, қәзіргі материалдары, қәзіргі түсі барлығы түгел сақталатыны байқалады. Түркі халқында кілем өнері әлі де ауылдық жерлерде аса ауқымды шығармашылық жоба аясында да жүзеге асырылады. Ө.Займоғлу өзінің пікірлерінде айтып, интернет ресурстарда түсірілген видеороликтерімен де көрсете алды. Ал, жас мамандарға сәндік қолөнерді үйретуде міндетті түрде зерттеу көздерінің өте көне үлгілерін фото суреттерін зерттеп, қосымша ретінде қасына қоя отырып, өзінің жаңаша үлгілеріне дизайн жасау жолдары әдістемелік біріздлікпен көрсетіліп тұр. Өте ерте кезден де сақталған кілем үлгілерінің нұсқасын өзгертпей қайта жаңартып отыратындары байқалды. Түркі халқы кілемдерінің дизайндық ерекшеліктерінде өрнектерінің орналасу динамикасы өте күрделі келеді. Негізінен өсімдік тектес, геомериялық пішінді өрнектер жиі қолданылады. Қызғалдақ гүліне деген құрметтері ерекше, мұсылман гүлі етіп танитын түрік халқы қай саласы болса да, қызғалдақ гүлдерін бейнелемеген туындыларын кездестіру мүмкін емес. Түркі халқының сәндік қолөнерінде тоқыма өнері да ерекше орын алады. Себебі, баршамызға әйгілі түрік тоқымасының сапасы да, сәні де өзіндік бренд болып қалыптаса алған. Мақта, жүн, былғары, кедір және т.б., заманауи мата, жіп түрлері да сәндік қолөнер, тігін ісінде, тоқыма өндірісінде де таптырмас шикізаттар болып тұр.
Жоғары да көркем өнер саласының жіктемесінің ауқымы кең болғандықтан, біздер өз зерттеуіміз бойынша бейнелеу өнері және сәндік қолөнер және музыкалық білім беру салалары бойынша ғылыми-теориялық, әдістемелік, көркем шығармашылыққа оқытудағы мүмкіндіктері жайлы болды.
«АруАрт» орталығында студенттер табиғи материалдармен жұмыс жасау техникасы мен технологиясын меңгерді. Студенттердің ұлттық сәндік қолөнер туындыларын жасауда ұлттық санасы мен мәдени құндылық қасиеттері дарыды. Студенттердің тәжірибедегі ізденістері мен білімідерін тереңдету арқылы кәсіби шеберліктерін қалыптастырды. Студенттердің өзіне деген сенімі пайда болып, болашақта өз ісінің маманы ретінде сенімді қадамдар жасауына септігін тигізді.
Қазақ халқының қолөнерінің даму тарихы орасан өзіндік жолымен, бізге жетіп отырғаны бәрімізге белгілі. Сол асыл мұраларымыздың ертедегі түпкі тамыры мен түрлері де, таза материалдардан дайындалып, өзіндік жасау, өңдеу әдіс-тәсілдері болған.
Оқу-өндірістік «АруАрт» орталығында, сәндік қолөнер бұйымдарын дайындау тәжірибелік сабақтан тыс студенттерге әдістемелік, техникалық, конструктивтік, технологиялық бірізділігі жүйелі тәжірибеде көрсетіліп отырды. Тәжірибеде жүйелі орындаған шығармашылық жұмыстардың ішінен таңдалып, көрсетілім қалалық, республикалық, халықаралық (көрме) ұйымдастырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет