Реферат: Фармацевтикалық кәсіпорында микробиологиялық талдау жүргізу бойынша нұсқаулық жасау Орындаған: Салекенова Ж. Ж


Биологиялық қауіпсіздіктің негізгі қауіптері



бет2/5
Дата24.10.2023
өлшемі68,83 Kb.
#188182
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 сабақ реферат

Биологиялық қауіпсіздіктің негізгі қауіптері
1. Биологиялық қауіпсіздіктің негізгі қауіптері:
1) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауы;
2) адамның және (немесе) жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруын анықтау;
3) халықтың және жануарлардың жұқпалы аурушаңдығы, өсімдік ауруларының аурудың орташа деңгейінен асатын деңгейінің өсуі;
4) жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітімнің орташа өлім-жітім деңгейінен асатын өсуі;
5) биологиялық материалмен жұмыс істеу кезінде туындаған, патогендік биологиялық агенттің өндірістік аймақтың ауасына, қоршаған ортаға түсуінің немесе онымен адамның, жануарлар мен өсімдіктердің ластануының нақты немесе әлеуетті мүмкіндігін туғызатын жағдай (авария);
6) патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзу, оның ішінде патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі ақпаратты жасыру;
7) патогендік биологиялық агенттерге рұқсатсыз қол жеткізу;
8) патогендік биологиялық агенттердің реттелмейтін, еркін айналымы;
9) ықтимал қауіпті биологиялық объектілердегі терроризм және (немесе) диверсия актілері және (немесе) оларды патогендік биологиялық агенттерді пайдалана отырып жасау, патогендік биологиялық агенттерді биологиялық қару ретінде әзірлеу, өндіру және пайдалану үшін биологиялық технологияларды және өзге де сабақтас технологияларды қолдану;
10) патогендік биологиялық агенттердің дәрілік, химиялық және (немесе) биологиялық құралдардың әсеріне төзімділігін (төзімділігін) қалыптастыру;
11) патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігінің төмендігі, биологиялық қауіпсіздік саласында кадрлардың жетіспеушілігі;
12) халық пен жануарлардың бақылаусыз қоныс аударуы, өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларын енгізу;
13) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогендік биологиялық агенттерді қолдануға байланысты Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери іс-қимылдар.
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нормативтік құқықтық актілері мен құжаттарын әзірлеу кезінде, сондай-ақ патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер ұйымдастыру іс-шараларын әзірлеу кезінде осы баптың 1-тармағында санамаланған қатерлерді болғызбауға бағытталған тетіктерді көздейтін ережелерді әзірлеуді қамтамасыз етуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет